Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1014 материал табылды

Аймақтар • 05 Мамыр, 2022

Алтайға аққу қонды

Катонқарағайда Ұлттық табиғи парк құрылғалы құрып кеткен аң-құстар көзге түсе бастады. Кейінгі жылдары ауыл ішіне тұяқты аңдардың кіріп кетуі таңғалатындай жағдай емес. Оны қойып, ауыл ішінде аюдың қонжықтары асыр сала ойнап жүргенін де ауылдықтар көрген. Ал биыл күн жылына сала Шыңғыстай ауылының іргесіне қос аққу қоныпты.

Қоғам • 05 Мамыр, 2022

Бір шаңырақ астындағы мереке

Қазақстан халқының бірлігі күнін Шығыс Қазақстан елі көтеріңкі көңіл күймен атап өтті. Орталықтағы салтанатты концерт түрлі ұлттардың биімен басталды. Алдымен қазақ бишілері ортаға шықты. Кейін орыс, неміс, татар, өзбек, ұйғыр, корей ұлтының билері көрсетілді.

Экология • 04 Мамыр, 2022

Қақпақ өмір сыйлайды

Қоқысқа тастай салатын қақпақ біреудің өмірін сақтап қалатынын білесіз бе? Кәдімгі бөтелкенің пластмасса қақпағы қатерлі ісікке шалдыққан балаларға өмір сыйласа, екінші жағынан табиғатты аз да болса тазартуға септеседі. Жуықта кітапхана қабырғасынан ашылған «Жасыл үйде» қақпақ жинау акциясы басталған.

Өнер • 29 Сәуір, 2022

Шеберханадағы дарқан дала бейнесі

Николай Аштема. Белгілі суретші. Жазған картиналары қазақы қанық бояуға тұнып тұрады. Әр полотносынан ұлттық рух сезіледі. Әнеки, Абылайды ақ киізге көтеріп, хан сайлап жатқан суреті қандай?! Алаш Орда тақырыбында өткен көрмеде Шәкәрімді бейнелепті. Абайды да әр қырынан зерттеген...

Аймақтар • 26 Сәуір, 2022

Abai IT-Valley – білімге ұмтылған жастар үшін

Семейдегі Әлихан Бөкейхан атындағы университетте ақпараттық технология­ларды дамытуға бағытталған Abai IT-Valley, яғни «Абай IT алқабы» атты технологиялық кластерінің құрылуына байланысты баспасөз мәслихаты өтті.

Сайлау • 26 Сәуір, 2022

Сайлау процесін жетілдіру мәселелері талқыланды

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Нұрлан Әбдіров бастаған арнайы делегация Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, «Ертіс концерт» орталық мәдениет үйінің үлкен залында Өскемен қаласының жұртшылығымен сайлау процесінің мәселелері бойынша ашық әрі еркін, сұрақ-жауап форматында кездесу өткізді.

Қазақстан • 19 Сәуір, 2022

Ел игілігіне арналған партиялық бастамалар

Amanat партиясының өңірлердегі кездесулері Шығыс Қазақстан облысында жалғасты. Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов өңір тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, партия белсенділері және жастармен кездесті.

Аймақтар • 18 Сәуір, 2022

Тарбағатайда аң-құс санағы аяқталды

Көктем мен күз бірқатар аң-құстың қоныс аударатын мезгілі. Аңдарды қойып, шегіртке секілді ұсақ жәндіктердің өзі қолайлы жер іздеп, мыңдаған шақырымды артқа тастайды екен. Қорықшылардың да тау-тасты, орман-тоғайды кезіп, аң санауға кірісетін уақыты осы. Санақтың да сан түрі бар. Бір аңды ізімен санаса, арқар, таутеке сынды тұяқтыларды саусақпен-ақ санап алады. Әсіресе ұлттық парк аумағындағы аңдар адамнан үрке қоймайды.

Аймақтар • 18 Сәуір, 2022

Күршімнің тасын түртсең, проблема: Фоторепортаж

Иә, «Күршімнің тасын түртсең, проблема» деп әзілдейді аудан тұрғындары. Әзіл болғанымен, шындық, ащы да болса... Оған өзіміз де куә болдық. Түнеугүні сонау шекара шебінде жатқан Марқакөлден бері бірнеше ауылдарды араладық. Ойдым-ойдым жол, сапасыз құрылыс, ақсаған ауылшаруашылығы, тағысын тағы.  

Ұлттық спорт • 13 Сәуір, 2022

Мергендер мектебі

Нәп-нәзік саусақтарымен адырнаны сықырлата тартқан Ажардың жебесі ондыққа дөп қадалды. Көрдіңдер ме дегендей, сапта тұрған балаларды көзбен шолып өтті. Садақ асынған ұл-қыздар түсінгендей бәрі бас изесті. Глубокое кентінде «Дәстүрлі садақ ату» үйірмесін ашқан Ажардың бұл шәкірттері аз уақыттың ішінде республикалық додаларда топ жарып үлгерген.