![Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ](/media/2022/09/08/aprvap.jpg?width=300&height=300)
Қаржы • 08 Қазан, 2021
Глубокое ауданында Қазақстан азаматы ретінде үш жыл зейнетақы алып келген Ресей Федерациясының азаматы анықталды. Бұл заңсыздықты облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметінің инспекторлары анықтады.
Аймақтар • 06 Қазан, 2021
Жарты жылға жуық өскемендіктер Семеймен екі ортада сабылысып қалған. Өскемен әуежайы жөндеуге жабылып, ұшақтар қарт қаладағы Абай әуежайынан ұшып-қонып жатты. Көңілі күпті халық Ертістің көпіріне ұқсап сағызша созылмаса екен деп те тілеген. «Көп тілегі көл». Уақтылы аяқталып, 1 қазаннан бастап іске қосылды.
Аймақтар • 06 Қазан, 2021
Отыз жылда орақ пен балға төрімізден түспеді
Егер сіз Алтай ауданын аралаймын деп жолға шықсаңыз, Александровка, Березовка, Дородница, Сажаевка, Октябрский, Соловьева, Средигорное, Снегирева, Маяк секілді ауылдарды басып өтесіз. Сай-саланың арасында Греховка, Чапаево дегендей елді мекендер және бар. Жо-жоқ, бұл – тәуелсіздігін отыз жыл бұрын алған Қазақстанның құйқалы жері.
Театр • 05 Қазан, 2021
Сезімді селт еткізген спектакль
Кеше театр шымылдығы түріліп, өскемендіктер рухани демалып қайтты. Қазақ драма театры кезекті 22-ші маусымын Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясымен ашты.
Тарих • 04 Қазан, 2021
Аққайнар қойнауы – асыл қазына
Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі екенін археологиялық қазба жұмыстары сан рет дәлелдеді. Түркілердің ғана емес, патшалардың сайын даласында сонау сақтардың да сарыны бар. Биылғы Аққайнар аумағынан табылған құнды жәдігерлер де соның айғағы.
Әлем • 01 Қазан, 2021
Ұлыбританияны таңдандырған «Ұлы дала алтыны»
Бұл күні англиялықтар Алтайдың алтынын, көшпенділердің мәдениетін көріп, таңдай қағысты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған Кембридждегі көрмеге сарапшылар «сенсациялық жаңалық» деп баға берді. Ұлы дала мәдениетін көзбен көріп, көңілмен сезінгісі келгендердің көптігі сонша, кіру билеттерін бір ай бұрын сатып алған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан көрмеге Ұлыбритания халқы асқан қызығушылық танытты.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2021
Журналистер жалақысын ала алмай отыр
«Шығыс Ақпарат» медиа холдингінің қызметкерлері тамыздан бері жарытып жалақы ала алмай отыр.
Руханият • 29 Қыркүйек, 2021
Қаламгерге қоладан мүсін қойды
Несін жасырамыз, «Оралханның бір мүсіні өзіне ұқсамады» деп замандастарының көңілдері толмайтын. Сәтсіз шыққан ескерткішінің қатарында Өскемендегі бюсті де бар еді. Ол кеуде мүсіндегі ұқсастықтың жоқтығы өз алдына, мүжіліп, тозып бара жатқан. Мұны ескерген қала басшылығы жазушының туған күні қарсаңында қоладан құйылған ескерткішін тұғырға қондырды.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2021
Алтын кеннен не пайда, халыққа қайыр болмаса...
Түнеугүні Күршім өңірінің тұрғыны лайланып, майланып кеткен Қалжыр өзеніне қарап отырып, «бүйте берсе, балықты қойып, халық та қалмайды» деген-тұғын. Онсыз да шекара шебіндегі Марқакөл өңірі жалаңаштанып кетті. Қойы қоздап, ботасы боздап жатқан ауылдар жоқ. Енді келіп, алтын іздегендер жер-ананың ойранын шығарған.
Оқиға • 28 Қыркүйек, 2021
ШҚО-да ұрылар 10 млн теңге сақталған сейфті алып кеткен
Риддер қаласында «102» жедел арнасына 35 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз азамат пластикалық терезені ашып, үйін тонап кеткенін айтқан, деп жазады Egemen.kz.