Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
979 материал табылды

Білім • 20 Шілде, 2021

Жаңа белеске жетелейтін жаңа әдіс

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз ақпараты бойынша екі жыл ішінде Қазақстанның жоғары оқу орындары 600-ден астам жаңа және 100-ге жуық инновациялық білім беру бағдар­ламаларын енгізді. Мұнда кадрларды даярлауда бұрын-соңды жүзеге асырылмаған бағдарламалар мен алғаш рет кірістіріліп отырған жобалар бар. Бұл ретте елімізде баламасы жоқ жобаларды да атап өткен жөн.

Аймақтар • 19 Шілде, 2021

Иісшіл ит инновациядан озып тұр

Жүк көлігіне қарғып шыққан иісшіл ит иесіне будканың алдыңғы бөлігін тырналап көрсеткен. Сөйтсе, жабық жәшіктің алдыңғы бөлігіне қосымша тағы бір жасырын жәшік жасалған екен. Оған 380 келіден артық мари­хуана мен гашиш жасырылып, сонау Жамбыл облысынан Шығысқа жөнелтіліпті. Теңгеге шаққанда, тәркіленген есірткі заттардың «қара базардағы» құны 320 миллион теңгеден асады. Сонда есірткінің иісін ит сезбесе, көрген көздің аңғара қоюы екіталай еді.

Тарих • 19 Шілде, 2021

Ақбауыр – қаланың орны

Өткен жылдардан Өскеменнің іргесіндегі Ақбауыр археологиялық кешенінде сақтардың қоныстары зерттеле бастаған. Ерекшелігі сол, Ақбауырға ат басын бұрсаңыз, ежелгі адамдардың егіншілікпен, металлургиямен айналысқанына куә боласыз.

Спорт • 18 Шілде, 2021

Білектілер Нұр-Сұлтанда бақ сынасады

Қара темірді қайыстай илейтін Сергей Цырульников Өскеменге келді. Кигені саптама етік, түлкі тымақ... Мақсаты, Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай Batyrs’ Battle көп­сайы­сын өткізіп, әр өңірден білекті жігіттерді анықтау еді.

Руханият • 18 Шілде, 2021

Төр Алтай ақындары Тәуелсіздікті жырлады

Жұрт та жырға сусап қалыпты. Бұл күні қолдарына гүл шоқтарын ұстаған өскемендіктер «Төр Алтай жырлай­ды» атты поэзия фестиваліне асыққан. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған жыр фести­валіне жан-жақтан ақындар мен жазу­шылар жиналды.

Аймақтар • 17 Шілде, 2021

ШҚО-да екпе алғандарға сыйақы берілді

Вакцинациядан өткен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің барлық қызметкеріне сыйлық беріледі, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан • 17 Шілде, 2021

Алып Алтай – жұдырықтай жүректе

Жаз шықса, тау кезіп кетуді көксейтініміз не осы?! Бұл жолы Бүркіт шыңның желке жағындағы Ұңғы дей-тұғын кен орнын көріп қайтпақ болып, ат ерттедік. Жолдың біз білмейтін соқпағы көп болған соң, Ұлттық парктің инспекторы Айдын Шәкеновтің соңынан ердік.

Білім • 16 Шілде, 2021

Жаңа әдіс – жаңа белеске жетелейді

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз ақпараты бойынша екі жыл ішінде Қазақстанның жоғары оқу орындары 600-ден астам жаңа және 100-ге жуық инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 16 Шілде, 2021

Серікжанның серті

«Мені жіберме» («Не отпускай меня»). Тым ауыр фильм. Кәмелетке кеше ғана толған Серікжан жан-жүрегімен түсіне отырып, бір демде көріп шыққан. Кейбіреулер бұл фильмнен кейін өз-өздеріне келе алмай, күйзеліске ұшырапты. Бұл – есімі жалпақ әлемге таныс жазушы Кадзуо Исигуроның Never Let Me Go романының желісімен түсіріліп, 2010 жылы көременге жол тартқан кинотуынды. Үржарлық Серікжан Қажытай осы киноны көрген соң кітабын тауып алып, жата-жастана оқыпты. Кейін бүтін бір романды қазақшаға аударып, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанды.

Аймақтар • 15 Шілде, 2021

Өскеменнің түзеу мекемесінде электронды дүкен ашылды

Технологияның қарыштап дамығаны бұл. Жуықта электронды дүкен Өскемендегі ОВ-156/1 түзеу мекемесіне орнатылды. Енді айыпталушылардың немесе сотталушылардың алыста тұратын туыстары мұнда келіп әуре болмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.