Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1062 материал табылды

Әлем • 01 Қазан, 2021

Ұлыбританияны таңдандырған «Ұлы дала алтыны»

Бұл күні англиялықтар Алтай­дың алтынын, көшпенділердің мәдениетін көріп, таңдай қағысты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған Кембридждегі көрмеге сарапшылар «сенсациялық жаңалық» деп баға берді. Ұлы дала мәдениетін көзбен көріп, көңілмен сезінгісі келгендердің көптігі сонша, кіру билеттерін бір ай бұрын сатып алған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан көрмеге Ұлыбритания халқы асқан қызығушылық танытты.

Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2021

Журналистер жалақысын ала алмай отыр

«Шығыс Ақпарат» медиа холдингінің қызметкерлері тамыздан бері жарытып жалақы ала алмай отыр.

Руханият • 29 Қыркүйек, 2021

Қаламгерге қоладан мүсін қойды

Несін жасырамыз, «Оралханның бір мүсіні өзіне ұқсамады» деп за­ман­дастарының көңілдері толмайтын. Сәтсіз шыққан ескерткішінің қа­тарында Өскемендегі бюсті де бар еді. Ол кеуде мүсіндегі ұқсастықтың жоқтығы өз алдына, мүжіліп, тозып бара жатқан. Мұны ескерген қала бас­шылығы жазушының туған күні қарсаңында қоладан құйылған ескерт­кішін тұғырға қондырды.

Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2021

Алтын кеннен не пайда, халыққа қайыр болмаса...

Түнеугүні Күршім өңірінің тұр­ғыны лайланып, майланып кеткен Қалжыр өзеніне қарап отырып, «бүйте берсе, балықты қойып, ха­лық та қалмайды» деген-тұғын. Онсыз да шекара шебіндегі Мар­қакөл өңірі жалаңаштанып кетті. Қойы қоздап, ботасы боздап жат­қан ауылдар жоқ. Енді келіп, алтын іздегендер жер-ананың ойранын шығарған.

Оқиға • 28 Қыркүйек, 2021

ШҚО-да ұрылар 10 млн теңге сақталған сейфті алып кеткен

Риддер қаласында «102» жедел арнасына 35 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз азамат пластикалық терезені ашып, үйін тонап кеткенін айтқан, деп жазады Egemen.kz.

Тәуелсіздік • 28 Қыркүйек, 2021

Қалбаның қос қапталы құтты мекен

Күміс шыңдары зеңгір көк­пен таласқан түркілердің алтын бесігі – Алтайға ат шал­дыратындар аз емес. Бос­ағасы ала жаздай қонақтардан босамайды. Сөзсіз, сұлу мекен. Дәл сол сияқты суы шипалы Алакөлді аңсап жететіндердің де қарасы көп. Хакім Абай өткен Жидебай өңірін айтсақ, әр тасы тұнған тарих. Тұлғалар туған киелі өңір.

Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021

Мұзтаудың мұзбалағы менмұндалады

Өскемендегі Өтепов пен Жастар көшелерінің қиылысындағы Оралхан Бөкейдің мүсіні жаңартылды. Жаңартылғанда, бұрынғысы түп орнымен алынып тасталып, қайта соғылды.

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2021

Әлемнің үздік ұстазы

Жуықта Varkey қоры «Әлем мұғалімі» жаһандық сый­лығына үміткер үздік ұстаздардың есімін атады. Дүние­жүзілік байқауда үздік елуліктің қатары­на кіргендердің қатарында Се­мей­дегі Назарбаев зияткерлік мекте­бінің мұғалімі де бар.

Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2021

Жарасымды жасыл дүңгіршек

Сәулетіне дәулеті сай әсем қала­лар­дың бірі – Өскемен дер едік. Ертіс пен Үлбі өзендерінің тоғысқан тұсында орын тепкен қалаға кө­рік беріп тұрған тамылжыған табиға­тымен қоса, көздің жауын алатын ғимараттары мен сан түрлі саябақтары.

Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2021

Аягөз ауданының бірнеше тұрғыны сібір жарасын жұқтырды

Қауіпті инфекция Аягөз ауданының Майлин ауылында шілде айында тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.