Аймақтар • 03 Тамыз, 2021
Тау іші. Шілденің шіліңгірінде тобықтан қар кешіп келеміз. Күн шыжып тұрғанымен, табан астындағы мұз сірескен күйі жатыр. Қамалдай қасқайған құздардан құлай қатқан мұздақтардың көбесі сөгілгенше, күз түсіп, қайта қар жауады. Алтайдың басын мәңгі қар басып жататыны да сол ғой.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2021
Кәсіпкерден пара алған шенеунік құрықталды
Бұл мәселеге баяғыда нүкте қойылуы керек еді. Глубокое ауданындағы «Прииртышье 1» ЖШС басшысы Виктор Леонтьев кәсібін дөңгелетудегі кедергілердің барын айтып, тиісті орындарға бір емес, бірнеше рет шағымданған. Енді міне, Глубокое ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен құрықталды, деп хабарлайды Egemen.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Өнер • 01 Тамыз, 2021
Қазақ даласына қырық жылдан астам уақыт уытын төккен Семей ядролық полигонының жабылғанына – 30 жыл. Өкініштісі сол, сынақ тоқтағанымен, зардабын халық әлі тартып келеді. Соның бір айғағы – «Ядролық сынақтардан азат алаң» атты қолөнер шебері Құрман Айтмұханбетовтің көрмесі.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2021
Шығыстағы ОВ-156/16 мекемесінде көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылған азаматтардың 42-сі темір торда жазаларын өтеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Шілде, 2021
Бір тал сіріңке – мың талды өртеуі мүмкін
Көбінесе орман өрттері адамдардың қарапайым қауіпсіздік талаптарын орындамаудың салдарынан орын алады. Бір тал сіріңке мың тал ағашты отқа орауы оп-оңай.
Аймақтар • 28 Шілде, 2021
Сапарлап, Семейден 100 шақырымдай жердегі Атом көлге ат басын тіредік.
Аймақтар • 28 Шілде, 2021
Болмысынан тау-тасқа, орман-тоғайға аңсары ауып тұратын өскемендіктер А.Пушкин кітапханасында өткен табиғат фотокөрмесін тамашалады. Эксклюзивті фотосуреттерге толы көрме Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жиырмажылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Аймақтар • 27 Шілде, 2021
Қоқыс зауытының құрылысы басталды
Жақын болашақта қала маңындағы қоқыс полигондары түп орнымен жойылып, қала көшелерінде целлофан ұшып, бөтелке жайрап жатпайтын шығар. Олай дейтініміз, Өскемен мен Семейде қоқыс сұрыптайтын екі зауыттың құрылысы басталған. Зауыт іске қосылғаннан кейін тұрмыстық қалдықтардың 30 пайызы қайта өңдеуге жөнелтіліп отырады.
Сайлау • 26 Шілде, 2021
Ауыл тұрғындары дауысқа салып, өз әкімдерін өздері таңдап алды. Неше күннен бері үміткерлер округте ауылға шарапаты тиеді-ау деген бағдарламаларын таныстырып, халықпен кездесулер ұйымдастырды. Ал кеше әкім өкілеттілігі аяқталған ауылдар мен кенттерде халық сенім артқан үміткерлеріне дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.
Аймақтар • 24 Шілде, 2021
Шығыс Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа кірді. Қаулыға сәйкес, облыстағы қалалар мен аудандардағы объектілер өз қызметін 1-қосымшаға сәйкес «қызыл» аймақ үшін көзделген өлшемшарттар негізінде жүзеге асыратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.