Жолдыбай БАЗАР
Жолдыбай БАЗАР«Egemen Qazaqstan»
704 материал табылды

Қазақстан • 06 Мамыр, 2022

Хал қалай, Қазақ әлемі?

Құдай тағала жаратқан 18 мың ға­лам­­­ның бір бөлшегі – Қазақ әлемі. Осы­нау Қазақ әлемі жарқырап тұрған жоқ, жұ­пы­ны да емес, бірақ «әттеген-ай­ла­ры­мыз» көп.

Таным • 29 Сәуір, 2022

Сөз бен істің арасы

Интернатта жатамыз. Күзгі он күндік каникулға шық­тық. Енді қойшы ауыл­ға тарту керек. Мәселе оңай шешілді. Ыл­дидан отын алып келуге тіркемесінде 5-6 адам бар бір трактор жүргелі тұр екен. Дәл біздің үйдің қасынан өтеді. Жол болды деген осы.

Әдебиет • 22 Сәуір, 2022

Қасірет жыры

Қазақ прозасында шоқтығы биік туынды – «Қараой». Көрнекті жазушы Тәкен Әлімқұловтың аты аталып, есімі еске түскенде басқа көптеген шығармасынан ерекшеленіп, бірден осы «Қараой» санамда жаңғырып шыға келеді. Содан келіп оны қайталап оқуға ынтығасың, асығасың. Әдеби шығарманың бір құдіреті өзіне ынтықтырып, баурай білуінде. «Қараой» да солай, өзіне тартады да тұрады. Оның сыры неде екен, а? Әңгімеде ерлігімен, өр тұлғасымен, рухты жырларымен, бөлек болмысымен дараланған Махамбеттің соңғы күні көркем шындықпен суреттелгеніне дау жоқ.

Таным • 22 Сәуір, 2022

Жұмсақ жаза

Шамамен 1993 жылдың ақпанының орта тұсы. Сегіз адам – қарауыл бастығы – аға лейтенант, ауысымдарды жүзеге асырушы сержант және араларында мен бар алты сақшы болып «Ангарды» қарауылдауға аттандық.

Қазақстан • 18 Сәуір, 2022

Айтаққа еру – қасірет

Қолжаулық болу – біреудің илеуінде, ықпалында жүру, әлдекімнің ермегіне айналу, күштінің көлеңкесінде жүріп күнел­ту, күресінге тасталса да көн­дігу. Мұн­дайға есті жұрт оңайлықпен көн­бесе керек.

Қоғам • 17 Сәуір, 2022

Асығыс байлам

Шымкент қаласындағы Ә.Жангелдин атындағы көшенің бойында «Айгүл» атты аялдама бар. Сол жерде автобус күтіп тұрмын. Жүргінші көп жиналатын, автобус та өте жиі өтетін аялдаманың бірі.

Әдебиет • 13 Сәуір, 2022

Күмәнің бар ма?

Өзінің бақай есебі мен қу құлқыны үшін біреуді нақақтан күйдіріп, қарау іс жасайтын адамның кенеттен өз басына қара бұлт үйіріліп, әділетсіздікке тап келсе, сол бейбақтың көңіл күйі қандай болады? Иә, дүние кезек. Кешегі зорлықшыл бір күнде жапа шегуші, бүгінгі әлсіз, ертең алпауыт болуы әбден мүмкін. Осындайда Джек Лондонның «Күмән» деген әңгімесінде баяндалған жағдаяттар ойға орала кетеді.

Спорт • 12 Сәуір, 2022

Қаратаудан түлеп ұшқан қыран

Қазыналы Қаратау өңірі, сырлы Созақ даласы елдің имандылығына ұйытқы болған әулиелер мен талант иелеріне, өнер тарландарына қай кезде де кенде болмағаны көзіқарақты жандарға белгілі. Оған аңызды шежірелер мен тарих куә.

Руханият • 11 Сәуір, 2022

Біздікі не мақтан?

Ұлтымыздың ұлылығын, өткені мен бүгініне өзек болған барша құндылығын, рухани және материалдық байлығын, тарихи тұлғаларымызды айтып мақтанып келеміз. Әрине, бұлардың барлығы мақ­тануға тұрарлық дүниелер, оған сөз жоқ. Бірақ осылайша құр мақтанудан аса алмай келе жатқанымыз белгілі.

Қоғам • 07 Сәуір, 2022

Кеңестік «пряник»

Максим Горкий «Осыдан жүз жыл өткен соң сенің өмірің де ақылға сыйымсыз болып көрінеді әлі», деген екен. Кімге ақылға сыйымсыз болып көрінетіні белгілі. Кейінгілерге, әрине.