Жолдыбай БАЗАР
Жолдыбай БАЗАР«Egemen Qazaqstan»
624 материал табылды

Оқиға • 29 Шілде, 2020

Жанына ғылымды серік еткен

Қазақтың қасиетті де құнарлы топырағында өсіп-өнген жақсыла­рымыздың арасында ел ынтымағы мен ырысының артуына барынша атсалысып келе жатқан ғалым, қоғам қайраткері Айдар Әбуовтің өзіндік орны бар.

Қоғам • 29 Шілде, 2020

«Жау жағадан алғанда...»

Аяғына тұсау, мойнына шалма салдырмай діңкелеткен асаудай көрінетін сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің абыройына нұқсан келтіріп қана қоймай, экономикалық тұрғыда дамуымызға да барынша кері әсерін тигізіп отырғанын қоғамымыздағы барлық тарап қымсынбай мойындайды.

Руханият • 29 Шілде, 2020

Құрбан айт: Құрбан шалу рәсімі онлайн ұйымдастырылады

Нұр-Сұлтанда дәстүрлі құрбан шалу орындары жабық болады. Құрбан шалу үшін Qurban2020.kz сайты іске қосылды.

Саясат • 29 Шілде, 2020

Қазынаны тонау қашан тыйылады?

«Ішіп-жеудің», қымқыру-жымқырудың дәстүрлі жолдарынан заманауи әдіс-тәсілдеріне көше бастаған қазіргі әккі жемқорларға қарсы күрес оңайға түспесі белгілі. Сондықтан онымен күреске азаматтық қоғамды тарта отырып, жалпыхалықтық сипатта жүргізу мемлекеттің басты мүддесі болуы тиіс.

Қазақстан • 28 Шілде, 2020

"Әл-Фараби және қайырымды қоғам" тақырыбында адалдық сағаты өтті

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатындағы кезекті онлайн "Адалдық сағаты" республикалық акциясы "Әл-Фараби және қайырымды қоғам" тақырыбында өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 28 Шілде, 2020

Ұлтқа төнген қауіп

Таяуда ғана Алматыда жалған дәрі-дәрмектер даярлайтын астыртын цех пен оларды салуға арналған қораптар шығаратын баспахана және заңсыз өнімдерді сақтайтын қойма табылды. Тексеріс кезінде күмәнді жолмен жасалып, сатуға әзірленген, жалпы көлемі 100 тоннадан асатын дәрілік заттар тәркіленді. Осыған орай Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед дабыл қағып, еліміздің Бас прокурорына хат жолдады.

Саясат • 27 Шілде, 2020

«Самұрық-Қазына»: экономиканы қолдаудың жаңа тетігін ұсынды

«Біз қалыптасқан күрделі ахуалға тез бейімделуге және дағдарысты еңсеруге септігін тигізетін экономиканың негізгі драйверлерін айқындауға тиіспіз. Экономикамызды әрі қарай дамытуда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басты рөл атқарады», деген Тұңғыш-Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев компаниялардың тиімділігін арттыру үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін, сондай-ақ елімізді кешенді орнықты даму бағдарына шығуға дайындау керектігіне баса назар аударға болатын. Осы орайда Қор ұлттық экономиканы және отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында компаниялардың тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа бастамаларды ұсынып отыр. Бүгінгідей қысылтаяң шақта дағдарыс жағдайындағы қазақстандық кәсіпорындарға қолдау көрсету іс-шаралары жөнінде Қордың Басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов онлайн-брифинг барысында тарқатып айтып берді.

Сұхбат • 27 Шілде, 2020

Сын сағатта сағымызды сындырмайық – дейді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ

Қазіргі таңда ел ішінде «Пандемия жағдайында қасиетті Құрбан айт мейрамы қалай аталып өтілмек, қаупі асқынып, қыспаққа алған індетке қарсы күреске халықты жұмылдыруда, жұртты пандемиядан сақтануға шақыруда Діни басқарма, діни қайраткерлер нендей жұмыстар атқаруда, сондай-ақ кейбір діни рәсімдерді тоқтатуға немесе оларға қатысатын адамдардың санын шектеуге қатысты қабылданып жатқан шешімдер Ислам талаптарына сай келе ме?» деген мазмұндағы сұрақтар жиі қойылуда. Осы орайда, яғни аталған және өзге де сауалдарға жауап алу үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен жүргізген әңгімемізді назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.

Сұхбат • 21 Шілде, 2020

Тамара Дүйсенова: Басты ұстаным – азаматтар өтінішіне сапалы жауап беру

– Тамара Қасымқызы, Президент Әкімшілігінің Өтініш­тер­ді қа­­рауды бақылау бөлімінің құ­рыл­­ға­ны­­на 22 шілде күні бір жыл то­лады. Бө­лім­нің осы кезеңдегі жұ­мы­сы­ның не­гіз­гі нәтижелеріне қатысты сіздің көз­қарасыңыз қандай? – Ең алдымен, Өтініштерді қарауды ба­қы­лау бөлімін құру мәселесін Мемлекет басшысының сайлауалды тұ­ғыр­­на­масының аясында жүзеге асыры­лып жат­қан бастамалар шеңберінде қарас­тыр­ған жөн.

Қазақстан • 13 Шілде, 2020

Әскерилер коронавирус індетінен қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

2020 жылдың 13 шілдесі Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қаза болғандарды ұлттық аза тұту күні. Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 12:00-де бүкіл елде үнсіздік минуты жарияланды. Коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері де еске алды.