Оқиға • 04 Тамыз, 2020
Қайғысын ізгі ісімен жеңілдеткен
Қай кезде болсын жастар қоғамның белсенді тобы, қозғаушы күші саналады. Ал қазіргідей қиын сәттерде жастарымыздың ел ісіне бел шеше кірісіп, өздерінің ізгілікті іс-қимылдарымен көрінуі көңілге жылылық ұялатпай қоймайды.
Әлем • 04 Тамыз, 2020
Халықаралық Төрелік Трибунал: Әділдік Қазақстан жағында
Өткен аптада, нақтылай айтқанда 30 шілдеде халықаралық Төрелік Трибунал 2016 жылы канадалық «Gold Pool JV Ltd» (Голд Пул) компаниясының «Қазақалтын»АҚ кәсіпорнын сенімгерлік басқару туралы келісімшартқа қатысты Қазақстан Республикасына қарсы бастаған төрелік істің сот қарауына жатпайтындығы және оны тоқтату туралы бірауыздан шешім қабылдады. Талап арыздың сомасы 917 млн АҚШ долларын құрайды.
Саясат • 03 Тамыз, 2020
Қоғамдық кеңестер әлеуетін тиімді пайдалану керек
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының қоғамдық кеңестерінің (ҚК) төрағаларымен онлайн-кездесу өткізді.
Саясат • 03 Тамыз, 2020
Бітімгерлердің ерекше миссиясы
Қазақстандық әскери қызметшілер тобы Ливанға бітімгерлік миссия атқаруға аттанды. Бұл «Ливандағы БҰҰ-ның Уақытша күштері» миссиясының құрамында қызмет атқаруға бара жатқан төртінші бітімгерлер тобы.
Сұхбат • 31 Шілде, 2020
Көші-қон саласына жаңа көзқарас қажет
Қазіргі таңда еліміздің көші-қон саясатына қатысты аз сын айтылып жүрген жоқ. Бұл мәселе Парламент қабырғасында да тұрақты түрде көтеріліп, депутаттық сауалдарға арқау болып жүр. Бүгін біз сенатор Мұрат Бақтиярұлына осы тақырыпқа байланысты бірқатар сұрақ қойған едік...
Руханият • 31 Шілде, 2020
Бүгін әлем мұсылмандарымен қатар қазақстандық жамағат та Исламдағы ең ұлық мереке – Құрбан айт мейрамын қарсы алып, оның алғашқы күнін ерекше ықыласпен атап өтуде.
Қазақстан • 30 Шілде, 2020
Кезектерді брондау жүйесін оңтайландыру іс-шараларын ұсынды
29 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Төлеген Байгұловпен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басшылығымен бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ХҚКО қызметіне мониторинг жүргізді.
Аймақтар • 30 Шілде, 2020
48 миллион теңгеден астам жалақы бойынша берешек өтелді
#ANTIKOR.LIVE жобасы аясында "ANTIKOR ORTALYǴY" алаңында Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығы төрағасының міндетін атқарушы Төлеген Күнәділов, Кәсіподақтардың спорттық сауықтыру қоғамының президенті Бақытжан Есжанов пандемия кезіндегі елордалық кәсіподақтардың жұмысы туралы және "Салауатты жұмыс орындары" бағдарламасы жөнінде әңгімелеп берді.
Қазақстан • 29 Шілде, 2020
Жас ұшқыштар жойғыш ұшақтармен оқу-жаттығу ұшуларын орындады
Қазақстанның батысында жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Су-27 экипаждарының оқу-жаттығу ұшулары өтті. Жас ұшқыштар жойғыштармен әуеге және берілген бағыт бойынша ұшуды орындап, ұшудың ең қиын элементі болып табылатын қонуды пысықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 29 Шілде, 2020
«Парламенттік каникул» – дәстүрлі демалыс емес
Бұл жөнінде Сенат Төрағасы facebook-тегі парақшасына жазды. Мәулен Әшімбаев өз жазбасында Парламенттің өткен сессиядағы жұмысына тоқталып, қабылданған кейбір нормаларға назар аударған.