Саясат • 03 Тамыз, 2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады
Елімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар өткізу жалғасуда. Тәуелсіздіктің 30 жылдығының тамыз айындағы тақырыптық желісі – «Тәуелсіздіктің құқықтық негіздері. Құқық үстемдігі және азаматтық қоғам».
Аймақтар • 17 Маусым, 2021
«Қарасора-2021» операциясы басталды
Жамбыл облысының Шу қаласында «Қарасора-2021» кең ауқымды операциясының ресми ашылуы өтті. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Тілеген Маткенов Жамбыл облысы полиция департаменті басшылығының қатысуымен облыстық полиция департаменттерінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі аумақтық бөлімшелерінің бастықтарымен, Ұлттық ұлан, жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен нұсқаулық кеңес өткізді.
Әлем • 17 Маусым, 2021
Әйелдердің құқықтары лайықты қорғалуға тиіс
Тәжікстан астанасы Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер әйелдерінің ІІІ форумы өтті. Форумға Қазақстаннан Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова, Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, сондай-ақ Ұлттық комиссияның басқа да мүшелері мен сарапшылары онлайн форматта қатысты.
Қазақстан • 16 Маусым, 2021
Кеңестердің қызмет аясы кеңейді
2021 жылы «Қоғамдық кеңестер туралы» заңға енгізілген түзетулердің арқасында мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссияларға қоғамдық кеңестердің мүшелері алғаш рет қатысуда.
Қоғам • 15 Маусым, 2021
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің әдістемелік қолдауымен KazakhInvest, «Қазақстан Ғарыш сапары» және KazakhExport ұлттық компанияларында Қоғамдық кеңестер құрылды.
Үкімет • 09 Маусым, 2021
Халықтың билікке деген сенімін арттыратын қадам
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында берілген тапсырмасын іске асыру үшін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу мәселелері бойынша заң жобалары әзірленді.
Үкімет • 03 Маусым, 2021
Халық санағын сапалы өткізу қажет
Қазақстан Республикасында халық санағын өткізу жөніндегі арнайы комиссияның кезекті отырысы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өтті.
Пікір • 01 Маусым, 2021
Бақытты ұлт – ұрпағымен мақтанатын ұлт
Бала – болашағымыз. Еліміздің келешектегі келбеті бүгінгі ұрпаққа қандай деңгейде көңіл бөлгенімізге, оларға қалай тәрбие, білім бергенімізге байланысты. Сондықтан барлық игілік балаларымызға бағытталуы керек. Сонда ғана ұрпағымызбен мақтанатын ұлт боламыз.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2021
Жол апатынан өмірі қиылған балалардың саны артып барады
Биылғы 4 айда Қазақстанда 3 677 жол апаты тіркеліп, одан 5 431 адам зардап шекті. Жол көлік оқиғаларының (ЖКО) өсуі 10,3%-ды құрап, зардап шеккендердің саны 12,7%-ға өскен.
Президент • 21 Мамыр, 2021
Қазақстан-Тәжікстан: Екіжақты әріптестікті дамытудың мүмкіндігі мол
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның шақыруы бойынша Душанбеде ресми сапармен болып, екіжақты келіссөз жүргізді. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды.