Қаржы • 29 Қараша, 2023
2023 жылғы қыркүйектің аяғындағы есеп бойынша отандық екінші деңгейлі банктердің реттеушілік меншік капиталы 6,9 трлн теңгеге жетіпті. Бұл өткен жылғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 21%-ға жоғары. Сарапшылар тап осы критерийдің талапқа сай болғаны өте маңызды, өйткені меншік капиталы банктердің және бүкіл қаржы жүйесінің қаржылық тұрақтылығында маңызды рөл атқарады дейді.
Мәселе • 29 Қараша, 2023
Орталық Азияға ортақ су мәселесі
Орталық Азияда су тапшылығы мәселесінің күрделеніп бара жатқаны жиі айтыла бастады. Ирригациялық инфрақұрылымның пайдалану уақыты 50 жылдан асып кеткен. Суарылатын алқаптардың 50 пайызынан көбі тұзданған. Судың 40 пайызы суаратын каналдарға сіңіп кетеді екен.
Қаржы • 29 Қараша, 2023
Ұлттық қор қаражаты қашанғы жыртығымызды жамайды?
Ұлттық қор – майлы шелпек, қалаған жеріңнен үзіп ала бер. Үкіметтің бұл ұстанымын біраз сарапшы сынға алып жүр. Өзіміз жарытып өндіріс ашпадық. Ашуға да, өркендетуге де аса құлқымыз жоқ екені айра-жайра анық болды қазір. Ең рақаты, маңдайға біткен жалғыз байлық – мұнайдың табысы жиналған мол қазынаның шетінен кертіп алып, азық қыла берген. Бірақ үңги берсең, мұнайдың өзі сарқылар. Біз болсақ мұнайдың ақшасын мұнайдың өзінен бұрын сарқып бітірер түріміз бар.
Салық • 28 Қараша, 2023
Кейінгі бірнеше ай бойы қоғамда қосымша құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін арттыру жайы қызу талқыланып жатыр. Ұлттық экономика министрлігі қосымша құн салығы мөлшерлемесін қазіргі 12 пайыздан 16 пайызға дейін арттыруды ұсынса, кәсіпкерлер бұған қарсылық білдіреді. Министрліктің мәлімдеуінше, ҚҚС мөлшерлемесін жоғарылату қазынаға түсетін табысты көбейтеді.
Аймақтар • 28 Қараша, 2023
Маңғыстау тың жобаларды жүзеге асырады
Мұнайлы өлке Маңғыстауда балық шаруашылығын дамытудан бастап еліміздің экономикалық жағдайын жақсартуда айрықша маңызға ие «Ақтау» және «Құрық» порттары әлеуетін көтеруге дейінгі аралықта біраз мәселе шешімін тауып жатыр. Әрине, кезегін күтіп, қордаланып тұрған түйткілдер де жоқ емес. Бірақ жалпы көрсеткіш ахуалдың оң райға ие екенін меңзейді. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев арнайы брифингте мәлімдеді.
Банк • 27 Қараша, 2023
Осы күндері «Отбасы банктің» қайта құрылымдалуына байланысты әңгіме көбейді. Бұл негізі алып-қашпа әңгіме емес, жүйелі шешім еді. Мәжіліс мінберінен мұны Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың өзі түсіндірді. Яғни аталған банк енді ұлттық даму институты ретінде қызмет көрсетпек.
Қаржы • 27 Қараша, 2023
Баға мен базалық ставканың текетіреске түскеніне жылдан асып барады. Бұрын 9 пайыздық инфляцияның өзін қымбатсынушы едік, қазір соған жету мұң. Әсіресе Ресей-Украина дүрбелеңінен кейін шырқап өскен баға барымызды барымталап кеткендей әсер қалдырды. Баяғы арзан дүние көзден бұл-бұл ұшты. Инфляция 21 пайызға бір-ақ жетті. Енді «базалық ставка» дейтін қаруын іліп, Ұлттық банк кетті бағаның ізінен. Апталап жүріп, айлап жүріп, инфляцияның иығына әрең қол іліктіріп, жылға жуық уақыт дегенде 10,8 пайызға (қазандағы жылдық мән) төмендетіппіз.
Экономика • 23 Қараша, 2023
ХВҚ: Келесі жылы Қазақстанның экономикалық өсімі 3-3,5% болады
Биыл Қазақстан экономикасының өсімі айтарлықтай орнықты қалыптасты. Жыл қорытындысы бойынша өсім көрсеткіші – 4,8 пайыз. Бұл – Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссиясының басшысы Николя Бланшенің берген бағасы және өсімге қатысты ХВҚ болжамы. Ол Украинадағы соғыстың қайталама салдары ел экономикасына шектеулі әсерін тигізді деп санайтынын да айтты.
Теңге • 23 Қараша, 2023
Цифрлы теңгенің пайдасы қандай?
30 жылдық межесі қарсаңында төл теңгеміздің бет-бейнесі де жаңарды. Сондай-ақ ұлттық валюта онлайн форматқа ауысып, цифрлы теңге деген атауға ие болды. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, цифрлы теңге – ұлттық валютаның үшінші түрі. Қолма-қол ақша секілді, цифрлы теңге де ҰБ міндеттемесі болып саналады. Сәйкесінше, цифрлы теңге төлем құралы, құн өлшемі және айналым құралы қызметін атқарады.
Ауыл • 23 Қараша, 2023
Президент былтырғы сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығы мәселесіне айрықша ден қойып, отандық экономиканың лидері болуға қабілетті осы саланың кем-кетігіне көңіл бөлді. Әсіресе ауылшаруашылық кооперативтерді дамыту қажеттігін баса айтты. Мемлекет басшысының сөзінше, осы мақсатта 1 трлн теңге бөлінеді және сәтімен орындалған жағдайда бастама 1 миллионнан астам ауыл тұрғынының хал-ауқатын жақсартуға септігін тигізеді. Сайлауалды бағдарламада бұдан басқа тағы бірнеше бастама көтерілген.