![Абай АЙМАҒАМБЕТ](/media/2023/03/28/2022_09_09_2022_08_22_abay-qazbekuly.jpg?width=300&height=300)
Қаржы • 14 Наурыз, 2023
Банк банкроттығы жаһан нарығына қалай әсер етеді?
40 жылдық тарихы бар америкалық «Silicon Valley Bank»-тің (SVB) жабылуы әлемді елеңдетіп қойған тақырыпқа айналды. АҚШ тарихындағы ірі банктердің бірі саналатын SVB-ның құлдырауы өз басына ғана емес, бірнеше өңірлік банкке қатер төндіріп тұр. Қаржы ұйымы шаңырағының ортасына түсуіне басты себеп – кірістің төмендеп кетуі. SVB акциялары 9 наурыз күні 60 пайызға дейін құлдырап кетті. Бұл – 2016 жылдан бері тіркеліп отырған ең төменгі көрсеткіш.
Қазақстан • 14 Наурыз, 2023
Шетелдік көлікті заңдастыру тәртібі өзгерді
Биылдан бастап елімізде шетелдік тіркеудегі көліктерді заңдастыру рәсімі жүріп жатқаны белгілі. Мемлекет ұсынып отырған айрықша жеңілдікке 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ел аумағына кіргізілген көлік құралдары ие болады. Жақында Әкімшілік полиция комитеті 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға келген шетелдік көліктерді заңдастыру туралы қаулыға өзгеріс енгізуді ұсынды. Ол бойынша техникалық паспорты мен көлік құралының паспорты жоқ көліктер де заңдастырылуға жатуы мүмкін. Қаулы мәтіні Ашық үкімет порталында жарияланған.
Қоғам • 13 Наурыз, 2023
Банкроттыққа өтінім беру үшін қандай құжат қажет?
3 наурыздан бері жеке тұлға банкроттығы бойынша өтінім қабылдау жүріп жатыр. Өтінімді қарыз төлеушінің өзі ғана жолдай алады. Бұл ретте eGov.kz порталын және eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану ыңғайлы болмақ. Бірақ өтінім бермей тұрып қаперге алатын біраз факторлар бар.
Қаржы • 12 Наурыз, 2023
Дүние жүзіндегі геосаяси белгісіздік пен шиеленіс жағдайында кез келген мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығы сыналады. Бұл ретте қаржы жүйесінің басты тірегі – банк секторы екені де белгілі. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның банк секторы тұрақтылық пен тиімділік көрсетіп отыр. Бұған пруденциалдық нормативтердің жоғары көрсеткіштері дәлел.
Құрылыс • 07 Наурыз, 2023
Құрылыс материалдары өндірісінің деңгейі
Құрылыс материалдарын шығаратын отандық өндірушілер былтыр алдыңғы жылдың жетістігін қайталай алмаған. 2022 жылы желтоқсанда саладағы өндіріс көлемінің физикалық индексі 101,3 пайыз болған. Ал 2021 жылдың 12 айында көрсеткіш 109,8 пайызды құраған. Соңғы рет құрылыс саласы мұндай оң нәтижеге 2013 жылы қол жеткізген екен.
Экономика • 07 Наурыз, 2023
Еліміздің транзиттік әлеуеті немесе Орталық Азияға ойысу
Ресейге салынып жатқан санкциялардың зардабын аталған елден кейін қатты тартып отырған мемлекеттің бірі – Қазақстан. Біз санкция талаптарын соншалықты бұзбадық та, тек тәуелсіздік алғалы бері экономикамызды көрші ел экономикасына байлап тастауымыздың салдары былтырғы ақпаннан бастап сезіліп жатыр. Мысал ретінде былтырғы КТК жағдайын алға тартар едік.
Медицина • 06 Наурыз, 2023
Дәрілік заттарды таңбалау басталады
Елімізде 2024 жылдан бастап дәрілік заттарды таңбалау үдерісі басталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен өткен дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды. Отырысқа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Сауда және интеграция министрлігінің, Қаржы министрлігінің өкілдері және Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен дербес департаменттерінің басшылары, сондай-ақ Цифрлық таңбалау және қадағалау бірыңғай операторының өкілдері қатысты.
Қазақстан • 05 Наурыз, 2023
Еліміз Сияньда терминал салады
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Қытайдың Сиянь қаласындағы құрғақ порт аумағында терминал салатын болды. Осы мақсатта Қытай тарапы 8 гектар жер бөлуге дайын. Бұл туралы ұлттық компания басшылығының Қытайға сапары кезінде мәлім болды.
Қаржы • 03 Наурыз, 2023
Жеке тұлға банкроттығы: Өтінім қабылдау басталды
Бүгін елімізде жеке тұлға банкроттығы бойынша өтінім қабылдау басталды. Елімізде банк, микроқаржы ұйымдары алдында берешегі бар азамат саны 8 млн-нан асады. Олардың жалпы қарызы 8 трлн теңге көлемінде. Осыншама азаматтың тек 1,5 млн-ның қарызды төлемегеніне 90 күннен асып, NPL90+ межесіне шығып кеткен. Қаржы министрлігінің болжауынша, банкроттық рәсімін ел бойынша 1,1 млн адам пайдалануы мүмкін.
Қаржы • 02 Наурыз, 2023
Ақпан айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 доллар үшін 445,66 теңгеге дейін, 3,2%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың бір күндегі орташа көлемі бір айда 103-тен 130 млн долларға дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі – 2,6 млрд доллар. Бір ай ішінде валюта нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан теңгерімді болып, айырбастау бағамы нарық талаптарына сай қалыптасты деп хабарлайды Ұлттық банк.