Технология • 10 Қаңтар, 2023
Бұдан былай e-liсense.kz порталында екі жаңа қызмет автоматтандырылады. Оның бірі – цифрлық майнинг қызметі туралы ақпараттандыру, екіншісі – қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметтің басталғаны/тоқтатылғаны туралы хабарлама.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2023
Сарсаңға түскен жолаушы алдындағы жауапкершілік кімнің мойнында?
Қазақстанда ауа райының құбылуына байланысты пойыздардың жарты сағатқа, кейде 1-2 сағатқа кешігуі бұрыннан болып тұратын. Бірақ 2022 жылдың күзінен бері теміржол көлігінің кідіруі шектен шығып кетті. Мәселен, қараша, желтоқсан айларында елорда вокзалына бірнеше пойыз кемі 3 сағатқа кешігіп келіп жатты. «Орал – Алматы», «Астана – Алматы», «Астана – Шымкент» бағытының пойыздары да жолаушыларды әбден ығыр қылған.
Экономика • 09 Қаңтар, 2023
Энергетика, Ішкі істер министрліктері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесе отырып жанар-жағармайдың ішкі нарығында мұнай өнімдерінің жетіспеушілігінің туындауына жол бермеу үшін автомобиль көлігімен бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салған еді. Енді сол бұйрықтың мерзімін ұзарту көзделіп отыр.
Қаржы • 06 Қаңтар, 2023
2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша теңге 1 доллар үшін 462,66 теңгеге дейін 1,3 пайызға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 132 млн-нан 141 млн долларға дейін ұлғайған. Сауда-саттықтың жалпы көлемі – 2,95 млрд доллар.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2023
Коммуналдық қызмет: биыл тариф өсе ме?
Елдегі коммуналдық жүйелердің қандай деңгейде екенін Екібастұз мысалы көрсетіп берді. Өзге аймақтарда батареялардың жарылып, қазандықтардың істен шықпағаны жағдайдың керемет екенін білдірмейді. Коммуналдық инфрақұрылым «шықпа жаным, шықпамен» әрең тұр. Оны күрделі жөндеуден өткізу керек, ал бұл үшін мемлекет тарифтерді көтеруге мәжбүр.
Экономика • 06 Қаңтар, 2023
Қазақстанда алғаш рет байланыс операторлары арасында жиіліктерді бөлу бойынша электронды сауда-саттық басталды. Аукцион ұялы байланыстың бесінші буынын (5G) енгізу және жиілік диапазондарын бөлуді көздейді.
Қаржы • 06 Қаңтар, 2023
2022 жылы экспорттаушы компанияларға шығындарды өтеуге бөлінген қаражат көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,8 есе ұлғайып, 8,8 млрд теңгені құраған. Сол сияқты 2021 жылы 306 өтінім мақұлданса, 2022 жылы оның саны 486-ға жетті. Өтелуге жататын шығындардың барлық түрінің ішінде экспорттаушылар арасында тауарларды теміржол көлігімен жеткізу ең сұранысқа ие өтінім болып тұр.
Экономика • 06 Қаңтар, 2023
Былтыр Қазақстан үшін тәуекелге толы жыл болды. Әсіресе геосаяси жағдайдың тым қатты ушығуы отандық сауда саласына елеулі зиянын тигізді. Тауар жеткізу тізбектері бұзылып, тауар өндірушілер шикізат пен материалдардың тапшылығына тап болды. Бұл өз кезегінде соңғы өнімдер мен қызмет көрсету бағасына әсер етті. Тәуекелдерді барынша азайту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының құнын белгілеу мақсатында Сауда және интеграция министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі бірлесіп, заңнамаға өзгерістер енгізді.
Қаржы • 06 Қаңтар, 2023
Микроқаржы ұйымы банкке айналмақ
Көпшілікке «Solva» брендімен танымал «ОнлайнКазФинанс» микроқаржылық ұйымы компанияны банкке айналдыру арқылы өз еркімен қайта құру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтында хабарланды.
Экономика • 06 Қаңтар, 2023
2023 жыл мұнай нарығы үшін жайлы бола ма?
Жаһанның экономикалық ауа райына қатты әсер ететін бірегей фактордың бірі – мұнай өндірісі және мұнай бағасы. Мұнай – Қазақстанның басты экспорттық тауары. Сондықтан оның бағасы құлдыраса немесе тасымалына қатысты кедергі туындаса, тұтас экономикамызға төнген қатер болып саналады.