Экономика • 08 Желтоқсан, 2022
Зейнетақы қоры: Комиссия жарнасы қанша?
Биыл қазан айының басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы азаматтардың зейнетақы жинағы 14 трлн теңгеден асып, бір жыл ішінде 7,8 пайызға көбейді. Көбею жинақтаудың барлық түрі бойынша байқалады: міндетті зейнетақы жарнасы бойынша өсім 7,4 пайыз болса, міндетті кәсіби жарна бойынша – 20,9 пайыз, ерікті жарна бойынша – 90,6 пайыз.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2022
Халықтың несие жүктемесінің шамадан тыс артып кетуіне байланысты мемлекет жеке тұлғалардың банкрот атануына мүмкіндік беретін заң жобасын дайындауға мәжбүр болды. Мұны қаңтарда Мемлекет басшысы тапсырған еді. Қаржы министрлігінің хабарлауынша, ел бойынша 1,4 млн адамның 90 күннен асып төленбеген берешегі 1 449 млрд теңгеге жеткен. Вице-министр Ержан Біржанов «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасының біраз ерекшеліктерін тізбелеп берді.
Экономика • 07 Желтоқсан, 2022
Ішкі жалпы өнім 4 пайызға өседі
Еуразиялық даму банкінің кезекті макроэкономикалық шолуында Қазақстан ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) өсімінің қарқыны базалық сценарий бойынша 2023 жылы – 4,2 пайызға, 2024 жылы 4,4 пайызға жеделдейтіні айтылған.
Экономика • 07 Желтоқсан, 2022
Базалық мөлшерлеме неге көтерілді?
Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті 2022 жылдың 6 желтоқсанынан бастап базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейіне дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Шешім инфляциялық қысымды төмендетуге және инфляциялық күтулерді тұрақтандыруға бағытталған. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов неліктен мұндай шешім қабылданғанын түсіндіріп, қабылданған шаралар қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және экономика субъектілерінің жинақтау белсенділігін қолдауға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Экономика • 07 Желтоқсан, 2022
Қазақстанда қымбатшылық ай сайын жоғары қарқынмен өсіп жатыр. Ұлттық статистика бюросы қарашаның қорытындысы бойынша жылдық мәндегі инфляция деңгейі 19,6%-ға жетті деп мәлімдеді. Бұл – 2010 жылдан бері тіркеліп тұрған ең жоғары көрсеткіш. Жалпы, жыл басынан бері тауарлар мен қызметтер бағасы орташа алғанда 18,9%-ға артты.
Қаржы • 02 Желтоқсан, 2022
Цифрлық теңге қолданысқа енеді
Қазақстан Ұлттық банкінің хабарлауынша, цифрлық теңге туралы жалған ақпараттар таралып жатыр. Бұл ретте Төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығы мұндай алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады.
Бизнес • 02 Желтоқсан, 2022
Бизнесті жарылқайтын бағдарлама
Елімізде шағын, орта және ірі бизнес субъектілері үшін өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландырудың жаңа бағдарламасы іске қосылады. Бағдарлама өңдеу өнеркәсібінің құрылымын одан әрі әртараптандыруға, қайта бөлудің жоғары деңгейдегі тауарларын өндіруді қолдау мен ынталандыруға, сондай-ақ ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесуге бағытталған.
Қаржы • 02 Желтоқсан, 2022
Долларға қатысты сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болуына байланысты қазан айында теңгенің биржалық бағамы 1 доллар үшін 465,02-479,05 теңге аралығында өзгерді. Квазимемлекеттік сектордың экспорттық түсімін сату (528,6 млн доллар) және Ұлттық қордан трансферттерді жүзеге асыру үшін шетел валютасын конвертациялау (362 млн доллар) валюта нарығындағы ұсынысқа қолдау көрсеткен. Ұлттық банк валюта нарығында сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болуына байланысты валюталық интервенциялар жүргізбеді.
Қоғам • 30 Қараша, 2022
Шетелдік есептегі көліктер заңдастырылады
Мемлекет шетелдік есептегі көліктерді заңдастыруға мүмкіндік берді. Әкімшілік полиция комитеті дайындаған қаулыға сәйкес, криминалдық, оң жақ рөлді, экокласы төмен автокөліктер бұл жеңілдікке ілінбейді. 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ел аумағына кіргізілген шетелдік автокөліктерді есепке қоюға қатысты өтінімдер мамандандырылған ХҚО-ларда және «Электронды үкімет» порталында қабылданады.
Қаржы • 30 Қараша, 2022
Биылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша, екінші деңгейлі банктердің жиынтық табысы 899,6 млрд теңге болды. Бұл былтырғы табыстан 25,4 млрд теңгеге аз. Табыс көлемі бойынша көш басында – Halyk Bank. Жалпы табысы – 400,6 млрд теңге, былтырдан бері 70,2 млрд теңге қосқан. Екінші орында – 256,6 млрд теңге жиған Kaspi Bank. Табысы былтырдан бері 28,4 млрд теңгеге өскен. Үштікті «Банк ЦентрКредит» қорытындылайды – 127,2 млрд теңге. Бір қызығы, былтыр осы кезеңде БЦК табысы небәрі 10,7 млрд теңге болған.