Қаржы • 14 Қараша, 2022
Микроқаржы ұйымдарынан несие алған 28 мың адамның қарызы кешірілетін болды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микронесие беру саласындағы заңға өзгерістер енгізбек. Агенттік төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша, қазір 45 күнге 50 АЕК-ке дейін онлайн микронесие беруге қатысты заң талабын алып тастау талқыланып жатыр.
Экономика • 13 Қараша, 2022
Жиһаз өндірісі тығырықтан қалай шығады?
Келешекте үлкен әлеуетке ие болу мүмкіндігі бар бірегей сала – жиһаз өнеркәсібі. Бұл – бізде даңғыл жолға түсіп кете қоймаған бағыт. Дегенмен соншалықты тұралап қалған да кәсіп емес. Көбіне шикізат көзі импорттық болғандықтан, өндірістің аяғы тұсалып қала береді. Алайда саланы дамытудан үміт бар. Биылғы 9 айда жиһаз өндірісі 4,2 пайызға өсіп, қаржы айналымы 46,7 млрд теңгеге жетті.
Қаржы • 11 Қараша, 2022
Қазақстан Ұлттық банкі мен Visa, Mastercard және UnionPay төлем карталарының халықаралық жүйелері төлем карталарын (интерчейндж мөлшерлемелерін) пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша банк аралық ішкі ұлттық комиссия мөлшерлемелерінің шекті мөлшерін төмендету бойынша бірлескен шаралар қабылдау мәселелері жөніндегі келісімге қол қойды.
Қаржы • 11 Қараша, 2022
Зейнетақы қорының кірісі артты
Қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымшылардың жинақ сомасы 14,1 трлн теңгеден асты. БЖЗҚ-ның хабарлауынша, осы сомадан жүзеге асырылған төлемдерді ескергендегі зейнетақы жинақтарындағы жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі 36,7 пайызды құрайды.
Қаржы • 10 Қараша, 2022
Экономиканы несиелеу: Корпоративтік секторға қойылатын талап жеңілдей ме?
Экономиканы несиелеу өте маңызды, сонымен бірге тәуекелі де жоғары. Президенттің айтуынша, банктерде қажетке жарамай триллиондаған теңге жатыр. Ал шағын және орта бизнес осы сәтте 42 млрд долларға мұқтаж. Бірақ банктер бәрібір белсенді несиелеуден тайсақтайды. Олар аяғын апыл-тапыл басқан бизнесті қолдағаннан гөрі, қызметі әртараптанған, маржасы жоғары сауда саласына қаржы құйғанды жөн көретін сияқты.
Экономика • 10 Қараша, 2022
Еуропамен сауда қатынасы жақсарады
Қазір экономикалық стратегияны түрлі бағытта өрбітудің маңызы мен пайдасын түсінетін кезеңге келіп жеттік. Еліміздің экономикалық қатынасын тар шеңберге байлап қойған келісімдер мейлі, бүгін, ертең бұзылмаса да, түбі оның да аяғына жем түсерін болжалдаймыз. Бұл ретте біз үшін Еуропамен алыс-беріс аясын кеңейтудің мәні орасан.
Экология • 10 Қараша, 2022
БҰҰ мәліметінше, экологиялық қылмыс 3 млрд долларға бағаланатын атыс құралдарының заңсыз саудасынан да асып түседі. Жалпы, бұл сала қылмыс деңгейі тұрғысынан есірткі контрабандасы, жалған ақша жасау және адам саудасынан кейін төртінші орында тұр. Экологиялық қылмыс салдарынан жоғалған қаржы көлемі онымен күреске жұмсалған қаржыдан (небәрі 20-30 млн доллар) 10 мың есе асып түседі.
Экономика • 09 Қараша, 2022
Қор нарығы үшін ғана емес, қоғам үшін де маңызды халықтық IPO-ның басталуына да санаулы күндер қалды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өзіне тиесілі 551 698 745 акцияның 30 505 974 жай акциясын жаппай жария сатылымға шығармақ. Бір акцияның бағасы – 8 406 теңге.
Руханият • 09 Қараша, 2022
«Қанаттылар» инклюзивті театры екінші маусымды Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» пьесасы желісінде сахналанған «Қызжылаған» премьерасымен ашты. Қойылымға Семей полигоны зардабынан есеймей қалған қыздың тағдыры арқау болған. Арманы – биік, көңілі асқақ Ләйлә жиылған қалың көрерменді әрі күрсінтті, әрі күлдірді, сөйте-сөйте соңында бәрімізді терең бір құздан лақтырып кеп жібергендей болды.
Экономика • 08 Қараша, 2022
Қазақстанда жаңа автокөліктердің сатылымы арта бастады. Бірақ әлемде бұл көрсеткіш әлі де болса төмен. Мәселен, АҚШ-та сатылым 13 пайызға құлдыраса, Шығыс Еуропада 31 пайызға дейін түскен. Биыл үш тоқсанда бүкіл әлемде 59,5 млн бірлік жаңа жеңіл көлік сатылған. Бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға төмен.