Экономика • 08 Қараша, 2022
Азық-түлік бағасы қалай реттелмек?
Қымбатшылық бүйірден қысып тұр, әсіресе азық-түлік бағасының өсуі азаматтарға ауыр тиіп жатыр. Бұл орайда мемлекеттің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ) өнімдерінің бағасын ұстап тұруға күш салып жатқаны белгілі. Алайда Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, мемлекет ӘМАТ бағасын тұрақтандырудың «қатаң» құралдарын пайдаланудан бас тартады.
Қоғам • 08 Қараша, 2022
Қай ұялы байланысты жөн көреміз?
Биыл телефон нөмірін ауыстыру қызметін қазақстандықтар шамамен 160 мың рет пайдаланған. Мобилді телефон қызметінің көп таралуына байланысты клиенттерге оператор ауыстырғаннан кейін де өзінің бұрынғы нөмірін сақтап қалу мүмкіндігі беріліп отыр. Нөмір портациясынан кейін қазақстандықтар қандай ұялы байланыс операторын таңдайды?
Экономика • 08 Қараша, 2022
АЭС: Әлемдік және өңірлік тәжірибе
Әлемнің 32 елінде 427 реактор жұмыс істейді. Қазір атом энергетика стансалары бүкіләлемдік электр энергиясы өндірісінің 10 пайызын қамтамасыз етеді. Қазақстан да АЭС салуға ықылас танытып отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет айтты. Президенттің айтуынша, ел аумағында АЭС-тің салынуы елдегі энергетикалық проблеманы айтарлықтай жеңілдетеді.
Экономика • 07 Қараша, 2022
Иранмен арада жүк айналымы артады
Қазақстан мен Иран арасында тауарлардың жүк айналымын жылына 1-ден 4 млн тоннаға дейін ұлғайту туралы меморандумға қол қойылды. Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Иран Ислам Республикасына екі күндік жұмыс сапарымен барған еді. Аталған келісім осы сапар аясында жасалып отыр.
Қаржы • 06 Қараша, 2022
Микроқаржы нарығы: Мәселелер мен міндеттер
Микроқаржы нарығы – әлеуетті сектор. Бұл секторға қаржылай шағын несие беретін ұйымдардан бөлек, онлайн-фирма, ломбард және несие серіктестіктері кіреді. 2021 жылы барлық банктік емес ұйымды лицензиялау толық аяқталды. Басқарушы құрамға біліктілік талаптары қойылды, қаржылық орнықтылық нормативтері бекітілді, қарыздық жүктемені шектеу бойынша шаралар қабылданып, займды беру қауіпсіздігіне байланысты техникалық талаптар қатаңдатылды. Сөйтіп, сала бұған дейінгі сенімсіз көзқарастан арылып, толық нарыққа айналды.
Экономика • 03 Қараша, 2022
Қазан айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 468,23 теңгеге дейін, 1,7 пайызға нығайды. Ұлттық банктің хабарлауынша, Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 91 млн доллардан 121 млн долларға дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,4 млрд долларды құраған.
Қазақстан • 03 Қараша, 2022
HR студенттерінің алғашқы форумы
М.С.Нәрікбаев атындағы Қазақ заң университетінде «Дарындарды басқару – HR студенттерінің бірінші форумы» өтті. Форумға еліміздің 12 университетінен 70-ке жуық болашақ HR мамандары қатысты. Аталған іс-шара Қазақстанның HR қауымдастығымен бірлесе отырып, еліміздің жоғары оқу орындарындағы HR студенттеріне ерекше назар аудару, оларға беріліп жатқан білім сапасын саралау мақсатында ұйымдастырылды.
Экономика • 02 Қараша, 2022
Жолы нашар елдің экономикасы да тәуір болмайды. Еліміздегі жолдардың жайы белгілі. Соған сай экономикамыздың да хал-ахуалы аңдалса керек. Бізде жол салу жанашырлық емес, жыл сайын бюджет қаржысын қарбыта асап қалу қамына айналғалы қашан. Жарайды, бұл басқа әңгіме. Негізгі айтпағымыз, өзгеше бір деректі негіз еткен зерттеу, сосын соңыра айтылатын оқыс пікір жайында.
Экономика • 02 Қараша, 2022
Сақтандыру нарығының қауқары қандай?
Сақтандыру нарығындағы компаниялардың ұсынған дерегінше, елімізде сақтандыру өнімдеріне сұраныс өсіп келеді. Бүгінде азаматтар сақтандыру мәдениетін түсіне бастады, бұрынғыдай жатырқап қарамайды. Қаңтар оқиғасы нарыққа қатты әсер етті. Көптеген кәсіпкер тәуекелдерді жабуға және сақтандыру өнімдерін сатып алуға қызығушылық таныта бастаған.
Экономика • 31 Қазан, 2022
Дағдарысқа қарамастан құрылыс саласы ел экономикасының басты өрге сүйреуші күші болып қала береді. Жұмыспен қамтылғандардың 17 пайызы және нақты сектор кәсіпорындарының 42 пайызы дәл осы құрылыс саласында жұмыс істейді.