Қаржы • 22 Қараша, 2022
Жаңа инвестициялық мүмкіндіктер
Жыл басынан бері отандық қор нарығына капиталдың әлемдік нарықтарындағы құбылмалылық пен монетарлық саясаттың қатаңдатылуы әсер етті. Бұл нарықты жиынтық капиталдандыруды 13%-ға 38,2 трлн теңгеге дейін қысқартты және борыштық қаржыландыруды 35%-ға 443 млрд теңгеге дейін төмендетті. Бұл ретте нарықтың өзге де көрсеткіштері оң серпінді көрсетуді жалғастырды. Атап айтқанда, Қазақстан қор биржасында 2022 жылғы 9 айда сауда-саттықтың жиынтық көлемі 193,6 трлн теңгені құрап, бұл өткен жылғы ұқсас көрсеткіштен 69,4%-ға артық болған.
Қаржы • 22 Қараша, 2022
Экономикаға несие берудегі мәселелер
Экономикаға кредит беруді шешу біржақты қаралатын мәселе емес. Бұл ретте Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тізе қосып жұмыс істеуі шарт. Дегенмен экономикаға несиені ұсынатын басты институт банктер болғандықтан, олармен тікелей жұмыс істейтін агенттік пікірін білу маңыздырақ. Қайткенмен, агенттік банктердің жай-күйін жақсы біледі, оларды қадағалап, тексереді, әрбір қаржы институтының әлеуетінен хабардар.
Қаржы • 22 Қараша, 2022
Кепілсіз кредит: Сыйақы мөлшерлемесін төмендету кімге тиімді?
Қазақстанда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) 56-дан 40 пайызға дейін төмендету ұсынылды. Мұндай ұсынысты Halyk Bank басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова Алматыда өткен X Қаржыгерлер конгресінде мәлімдеді. 2011 жылдан бері елімізде ЖТСМ барлық банк займдары мен микронесиелер бойынша 56 пайыз болған еді. 2021 жылдың жазында кепілмен берілетін кредиттер үшін ЖТСМ 40 пайызға, ипотека бойынша 25 пайызға, 45 күн мерзімге 50 АЕК сомасына дейін ұсынылатын кепілді микронесие бойынша 30-дан 20 пайызға дейін төмендетілген болатын. Ал кепілсіз тұтынушылық несие және микроқаржы ұйымдарының несиелері 56 пайыз деңгейінде қала берді. Ү.Шаяхметова осы соңғы 56 пайызды да 40 пайыз қылуды ұсынып отыр.
Қаржы • 17 Қараша, 2022
Сыртқы факторлардың әсерінен елімізде экономикалық өсім 2021 жылмен салыстырғанда 4-тен 2,8 пайызға дейін баяулап қалды. Экономикалық белсенділіктің төмендеуі, сондай-ақ инфляцияның жеделдеуі және ақша-несие саясатының біршама қатаңдатылуы қаржы нарығындағы барлық секторға, әсіресе қор нарығы мен банк секторына қысым жасады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, базалық ставканың жоғарылауы корпоративтік облигациялар, сол сияқты мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша барлық борыштық бағалы қағаздың қорландыру құнын ұлғайтқанымен, шағын және орта бизнес субъектілері үшін несие тартудың қолжетімділігін төмендетті.
Қаржы • 17 Қараша, 2022
Азаматтарды 10 пайыз өтемақы алуға шақырды
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы Әділ Өтембаев теңгелік депозиттер бойынша 10 пайыз көлеміндегі өтемақы (сыйақы) бағдарламасының жүзеге асырылуына қатысты пікір білдірді. Оның сөзіне қарағанда, өтемақы өтініш берушілердің белсенділігі төмен. Бұл туралы Алматыда өткен «Қазақстан қаржыгерлерінің Х конгресі» аясында айтылды.
Қаржы • 16 Қараша, 2022
Пайызы төмен автонесие жалғасады
Жылдық мөлшерлемесі 4 пайызбен автонесие беретін жеңілдетілген бағдарлама биыл 20 қарашадан бастап қайта жалғасады. Өнеркәсіпті дамыту қорының хабарлауынша, қазір мамандар процесс ашық болу үшін тек онлайн өтінім қабылдайтын арнайы порталдың жұмысын тексеріп жатыр. Өтінім беру алгоритмі кейінірек белгілі болмақ.
Қазақстан • 16 Қараша, 2022
Қазақстан сауда рәсімдерін оңайлатады
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сарапшылары Астанада өткен семинарда Қазақстан мен Орталық Азиядағы сауда байланыстарын дамыту жобасының аралық нәтижелерін ұсынды. Іс-шараға экспортты қолдау және саудаға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік органдар мен даму институттарының өкілдері қатысты.
Қаржы • 15 Қараша, 2022
Әлем бойынша ірілігі жағынан екінші саналатын FTX криптовалюталық биржасы Туиттердегі парақшасында банкроттығын мәлімдеді. Хабарламаға сүйенсек, FTX Trading Ltd., Alameda Research және тағы 130 еншілес компания АҚШ-тың банкроттық туралы кодексіне сәйкес ерікті сот ісін бастаған.
Қаржы • 15 Қараша, 2022
Кредитті қайта құрылымдау тәртібі
2021 жылғы 1 қазаннан бастап елімізде несиесін өтей алмай жүрген азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу тәртібі қолданылады. Бұл барлық кредиттік ұйымдарға – банктер мен микроқаржы ұйымдарына қатысты. Әрине, қарыз алушылар үшін көңіл жайландырар мұндай жеңілдікті пайдаланудың да өзіндік тәртібі бар.
Қоғам • 15 Қараша, 2022
БЖЗҚ арқылы баспана алу азайды
2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану туралы 1 336 516 өтінішін орындаған. Уәкілетті оператор банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,2 трлн теңгеден астам қаржы аударыпты. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге.