Қаржы • 31 Қазан, 2022
Біздегі шағын және орта бизнестің шаруасы бір түзеліп кете алмай-ақ қойды. Себеп – қаржыландыруда. Енді еңсе тіктей бергенде – пандемия, одан арылып қайта көктейін деп жатқанда геосаяси ауыртпалық келіп тізерлетіп кетті. Үміт – микроқаржылық ұйымдарда. Аталған қаржы ұйымдары экономикаға кредиттік қолдауды күшейтуде көп көмегін тигізіп жатыр. Соңғы бір жылда бұл нарықтың қарыз портфелі 58 пайызға артқан. Осының өзі МҚҰ-лар әлеуетінің кәдімгідей өскенін көрсетеді.
Қаржы • 31 Қазан, 2022
5 миллионнан астам салымшы өтемақы алады
Қазақстандық банктер жеке тұлғалардың 2022 жылғы 23 ақпанына дейін ашылған теңгедегі депозиттері бойынша 10 пайыз көлемінде өтемақы (сыйлықақы) төлеуге өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда. Сыйлықақыны алу үшін салымшылар 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін өтініш-келісім беруі керек.
Қаржы • 30 Қазан, 2022
Шығынға ұшыраған әлемдік қорлар
Сарапшылардың айтуынша, әлемнің көптеген елінде, соның ішінде дамыған елдердің өзінде ұлттық қорлардың шығыны көбейе бастады. Барлық ірі әлемдік индекстер құбылмалы болып тұр және оның соңы құлдырауға әкелуге көшті. Мысалы, британиялық қор биржасының индексі FTSE 100 жыл басынан бері 20 қыркүйекке дейінгі аралықта 4,2 пайызға төмендеп кетсе, америкалық қор индексі US 500 Cash 19,3 пайызға төмендеген.
Экономика • 27 Қазан, 2022
Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені тағы да жоғарылатып, жылдық 16 пайызға көтерді. Инфляцияның ырық бермеуі осылай істеуге мәжбүрлеп отыр. Бас қаржылық қадағалаушының мәлімдеуінше, бұл шешім мөлшерлеме траекториясын түзетеді, ол алдыңғы шешімдер мен коммуникациялар бойынша айқындалған бағыт пен қарқынды сақтайды. Мөлшерлеменің артуы өсіп отырған инфляциялық қысымды көрсететін факторлардың жиынтығына байланысты. Қазір еліміздегі инфляция деңгейі – 17,7 пайыз.
Қазақстан • 27 Қазан, 2022
Қазақстанда цифрландыру деңгейі жыл санап артып келе жатыр. Былтыр еліміз электронды үкіметті дамыту бойынша 193 елдің арасынан 28-орын алған. Мемлекет индексі (E-Government Development Index, EGDI) 0,86 тармақты құраған. Бұл – Орталық Азия мен ТМД елдерінің ішіндегі ең озық көрсеткіш. Сонымен бірге біздің ел Ирландия, Канада, Италия, Бельгия, Чехия сияқты дамыған елдерді де басып озады.
Қаржы • 26 Қазан, 2022
Қазақстанның қаржы секторы өткелектерден аман өтіп келе жатқан, тәуелсіздік алғалы 30 жылдың ішінде шарықтауды да, құлдырауды да бастан кешкен, жұмысы жүйеленген салаға айналды. Егемендік алғаннан кейінгі бастапқы жылдарда бұл салада кідіріс көп болғаны рас. Тек 2000 жылдан кейін жұмыс бір ізге түсіп, банк секторы қарқын ала бастады. Сақтандыру, микроқаржы ұйымы және қор нарығы да біртіндеп төрт аяғын тең басқан салаға айналып келеді. Отандық қаржы секторы қазір дамудың қалыпты жолына түсті десек болады.
Қазақстан • 26 Қазан, 2022
Электронды коммерция: Тұтынушы сұранысы қалай өзгерді?
Сарапшылардың бағалауынша, бөлшек электронды коммерция нарығында айтарлықтай өсім бар. Бұған PwC Kazakhstan компаниясы мен Цифрлы Қазақстан қауымдастығы бірлесіп дайындаған «Қазақстан Республикасындағы бөлшек электронды коммерция нарығына талдау» деп аталатын зерттеу нәтижесі дәлел. Талдау 2022 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша жасалып отыр. Зерттеу барысында нарыққа шолу жасалып, сатылым көлемі мен транзакциялар саны, орташа чек пен ондағы өзгеріс, электронды коммерциядағы маркетплейс рөлі негізге алынған.
Технология • 26 Қазан, 2022
Тауар сатудағы түрік маркетплейсі
Қазақстан мен Түркия арасындағы келісімге сәйкес енді біздің тауарлар ірі түркиялық маркетплейс – Trendyol арқылы сатылатын болды. Бұл жайлы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
Экономика • 20 Қазан, 2022
Төртінші мұнай өңдеу зауыты қажет пе?
Елімізде төртінші мұнай өңдеу зауытын салу туралы бастама арагідік көтеріліп тұрады. Қазір елімізде үш мұнай өңдеу зауыты бар – Атырауда, Павлодарда және Шымкентте. Павлодар мен Шымкент МӨЗ-і жылына шамамен 6 млн тоннадан астам мұнай өңдесе, Атырау МӨЗ-нің қуаттылығы 5,5 млн тонна шамасында. Жалпы алғанда, бір жылда үш МӨЗ бірігіп 18 млн тоннаға жуық мұнай өңдейді.
Қаржы • 20 Қазан, 2022
Инфляция тауар бағасына тәуелді
2022 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша елдегі жылдық инфляция деңгейі 17,7 пайыз болды. Тамызда 16,1 пайыз болған еді. Өкінішке қарай, қымбатшылық күн санап ілгерілеп бара жатыр. Жылдық инфляция 20 өңірде қарқын алған.