Қаржы • 13 Қазан, 2022
Стрестік активтер қаншаға бағаланды?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанның қаржы жүйесіндегі стрестік активтердің көлемі айтарлықтай қысқарды және сектордың қаржылық тұрақтылығына қауіп төндірмейді. Оның айтуынша, стрестік активтердің деңгейі банк жүйесі сенімділігінің негізгі индикаторы болып саналады.
Экономика • 12 Қазан, 2022
Машина жасау саласының болашағы
Қазақстандағы машина жасау саласы жылдан жылға еңсесін тіктеп, етек-жеңін жиып келе жатыр. Сөзімізге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл саланы ел экономикасының дамуы жолында қомақты үлесі бар деп бағалауы да дәлел бола алады. Индустрияландыру жылдарында машина жасау өндірісінің көлемі 6 есеге өсіп, 2021 жылы 2,3 трлн теңгені құраған. Соңғы үш жылдағы өсім орташа есеппен 20 пайызға жетіпті.
Қаржы • 11 Қазан, 2022
Салық кодексі және жасанды интеллект
Биылдан қалмай қаржы, соның ішінде бюджет пен салық саласындағы кодекстерге өзгеріс енгізілуі тиіс. Бұл – Мемлекет басшысы тапсырған айырықша міндеттер. Қазір Қаржы министрлігі осы бағытта жұмыс атқарып жатыр. Аталған міндеттерден бөлек, мемлекеттік сатып алу жүйесін жаңарту, салықтық бақылауды толық цифрландыру, салықтық және кедендік ақпарат жүйелерінің интеграциясын аяқтау мәселелері де күн тәртібінде тұр.
Экономика • 11 Қазан, 2022
Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда қатынасы шарықтап та кеткен емес, кенжелеп те қалған жоқ. Әртүрлі кезеңдегі сан қилы оқиғаларға байланысты орта деңгейлі байланысты ұстап келеді. Соңғы жылдары екі ел басшылары өзара сауданы арттыру жайлы жиі сөз қозғай бастады. Екі ел арасындағы ендігі меже – тауар айналымын 2 млрд долларға жеткізу.
Экономика • 11 Қазан, 2022
Әлбетте, Қазақстанда транзиттік әлеует мәселесі бұрыннан күн тәртібінде бар, бірақ соңғы бірнеше айда мемлекет осы бағыттағы әлеуетке айрықша көңіл аударды. Бұрын бар маршрутпен базар болып келсек, енді бағыттарды әртараптандырудың маңызды екенін түсіндік. Осы орайда біз үшін теміржол инфрақұрылымын дамыта түсу маңызды.
Технология • 11 Қазан, 2022
Apple компаниясының брендке айналған өнімі iPhone смартфондары үлкен сұранысқа ие. Көпшілік әр күз сайын оның кезекті нұсқасын асыға күтеді. Биыл нарыққа iPhone 14 Pro келіп түспек. Осы орайда сарапшылар әр елдегі орташа жалақы бағасы мен смартфон құнын салыстырып көріп, қызық зерттеу жасаған.
Қазақстан • 11 Қазан, 2022
Халықаралық менеджмент дамуы институтындағы әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы (Лозанна, Швейцария) 2022 жылдың цифрлық бәсеке рейтингін жария етті. IMD Digital Competitiveness Ranking цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингі – елдердегі мемлекеттік саясаттың, бизнес үлгілерінің және тұтастай қоғамның трансформациясына әсер ететін цифрлық технологияларды қаншалықты меңгеріп, игеріп жатқанын бағалайтын зерттеудің нәтижесі.
Қаржы • 11 Қазан, 2022
Инвесторды ынталандыратын жеңілдік
Қазақстан 2026 жылға қарай ішкі жалпы өнімдегі негізгі капиталға салынған инвестиция үлесін 25,1 пайызға немесе 34,6 трлн теңгеге жеткізуге ниетті. Қазір елімізге еңбек өнімділігі мен экспортқа бағдарланған инвестициялар үшін тиісті орта құру маңызды болып тұр. Сондай-ақ ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) қағидаттарын біртіндеп енгізу де жоспарда бар. «Egemen Qazaqstan» сауалдарына жауап берген Ұлттық экономика министрлігі инвестициялық саясатты дамытудың үш негізгі бағытын атап көрсетті.
Қаржы • 10 Қазан, 2022
Шетел азаматына шот не үшін ашылады?
Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін көрші ел азаматтарының жаппай өзге елдерге өте бастағаны белгілі. Соның ішінде басым бөлігі Қазақстан шекарасын кесіп өтті. Қазір елімізге келген ресейліктердің саны жөнінде түрлі дерек айтылып жатыр. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, елімізге 200 мыңнан астам РФ азаматы келген. Осыншама адамның келуі ішкі нарыққа әсер етпей қоймайды. Біз екінші деңгейлі банктерге хабарласып, тосын миграцияның әсері жайлы сұрадық.
Қаржы • 10 Қазан, 2022
Автосақтандыру және тұтынушы талабы
Автосақтандыру – өзекті мәселе. Оны пайдалана білу үшін де қаржылық һәм құқықтық тұрғыдан сауатты болу керек. Осы ретте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі автосақтандыруды тұтыну тақырыбына орай кейбір тетіктерді тереңірек түсіндіреді.