Қаржы • 15 Қыркүйек, 2022
Инфляция 18 пайызға жетуі мүмкін
Биыл елімізде инфляция деңгейі бұрын-соңды болмаған көрсеткішке дейін жоғарылап, 16,1 пайызға жетті. Бұл ретте базалық пайыздық мөлшерлеме деңгейі – 14,5 пайыз. Осылайша, инфляция базалық ставкадан да жоғарылап кетті. Сарапшылардың айтуынша, инфляция мұнымен де тоқтамайды. Нарықтағы қысымды арттырып тұрған осы бір көрсеткіш жыл соңына қарай 18 пайызға жетуі мүмкін. Неліктен олай болады, нарықтағы негізгі үдерістер қалай өзгереді, сарапшылар түсіндіріп берді.
Қаржы • 15 Қыркүйек, 2022
«Сбербанк» нағыз берекеге айналса игі
Батыс санкциясына ұшырап, қызмет ету мүмкіндігі айтарлықтай тежеліп қалған «Сбербанк Қазақстан» еншілес банкін «Бәйтерек» холдингі сатып алды және банкке басқа атау берілді. Қаржы институты бұдан былай «Береке банк» деп аталады. Ал бұған дейін «Альфа-Банк» атанған қаржы ұйымына бірнеше ай бұрын Eco Center Bank атауы берілген еді. Аталған қаржы институты да «Банк ЦентрКредитке» біржола жұтылды.
Қаржы • 14 Қыркүйек, 2022
Экономикаға кредит беру мәселесін кеңесті
Таяуда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі экономикаға кредит беру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес барысында экономиканың нақты секторына кредит беруді кеңейту бойынша ұсыныстар талқыланды.
Қаржы • 13 Қыркүйек, 2022
Қай қаржы секторында өсім жоғары?
Қаржы саласы тек банк секторынан тұрмайды, әрине. Оған сақтандыру, микроқаржы ұйымдары және бағалы қағаз нарығы кіреді. Сонымен қатар қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау мәселесі де осы санатта қарастырылады. Бұл бес салаға да әуелі пандемия, одан кейін геосаясаттың салқыны тиді. Дегенмен түбірін шайқалта қойған жоқ. Секторлардың шаңырағын шайқамай тұрған жалқы фактор – тұтынушылық сұраныстың өсуі. Яғни жұрт кредит алады, көлігін, үйін, өмірін сақтандырады, қор нарығына барып инвестиция салады. Ірі компаниялар онсыз да қор нарығының көрігін қыздырады. Міне, осының бәрі саладағы жетекші компанияларды асырап отырады.
Қаржы • 13 Қыркүйек, 2022
Банктер стрестік активтерден арылады
Банк секторының алдына қойылып отырған бірегей міндет – тез арада стрестік активтерден арылу. Яғни төленбей тұрған, төлемі кешіктіріліп жатқан займдарды қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру немесе әлеуетті инвесторларға сату арқылы, оларды (займдарды) экономикалық айналымға енгізу керек. Бұл банк үшін де, клиент үшін де тиімді. Ал мемлекет үшін тіпті пайдалы. Әрине, бұл оңай іс емес. Сол үшін тұтас заң қайта өзгертілді. Заңды қабылдау бар да, орындау бар. Біз осы екінші кезеңге келгенде ақсап жатамыз ғой. Бұл жолы қалай болмақ?
Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2022
Бағдарламаның бірегей мүмкіндігі
IT-мамандарды даярлау, сөйтіп бұл саланың озық жүйеге айналуы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты назарында. Президент 2025 жылға таман 100 мың жоғары білікті IT-маман даярлап шығу туралы ерекше міндет жүктеп отыр. Әрине, бұл оңай іске асырыла салар шаруа емес.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2022
Фермерлер несиеге өтінімді онлайн береді
«Аграрлық несие корпорациясы» шағын несие беру үшін онлайн өтінімдерді қабылдауға кірісті. Бұл фермерлерге үйден шықпай-ақ несиені алдын ала мақұлдауға мүмкіндік береді. Корпорацияның басым бағытының бірі – несие беру үдерісін цифрландыру. Бұл міндетті шешу үшін несие өнімдері оңтайландырылып, шағын несиеге өтінімдерді онлайн қарау жүйесі әзірленген.
Экономика • 12 Қыркүйек, 2022
Электронды сауда проблемасы қалай шешіледі?
Биыл бөлшек саудадағы e-commerce (электронды сауда-саттық) үлесі төмендеп жатыр. Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасованың айтуынша, 2022 жылдың қаңтар-шілдесінде электронды сауда үлесі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендеген. Әдепкі 7 айда жалпы бөлшек сауда көлемі – 7,5 трлн теңге, соның ішінде электронды сауда нарығының көлемі 654 млрд теңгені құраған.
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2022
Қазақстан QR-кодтардың бірыңғай банк жүйесіне көшеді. Бұл туралы еліміздің бас қаласында өткен e-commerce Day форумында хабарланды. Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасованың айтуынша, 2021 жылы ведомство осы мәселе бойынша жұмыс істеген. Жоба толық іске қосылған жағдайда клиенттер сатып алу ақысын барлық қазақстандық банктермен жұмыс істейтін бірыңғай терминалдар арқылы төлей алады.
Экономика • 07 Қыркүйек, 2022
Жаңа Салық кодексінің жақсылығы неде?
Келесі жылы елімізде жаңа Салық кодексі әзірленіп, қолданысқа берілуге тиіс. Соның ішінде, әсіресе, салықтық әкімшілендіру мәселесі тұтасымен қайта жазылмақ. Президенттің өзі осындай міндет жүктеп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда салық мәселесіне арнайы тоқталып, экономиканың әртүрлі секторында дифференциалды салық мөлшерлемесіне көшу қажеттілігін атады.