Қаржы • 10 Қазан, 2022
АҚШ санкциясына ұшыраған «Сбербанктің» еліміздегі «Сбербанк Қазақстан» еншілес банкін таяуда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі сатып алған еді. Ресейлік банктің мемлекет есебінен күн көріп отырған квазимемлекеттік сектордағы ұлттық компания еншісіне өтуі көптеген сұрақ туғызды. Осы орайда негізгі сауалдарымызды «Бәйтерек» холдингіне жолдаған едік.
Қаржы • 09 Қазан, 2022
Мемлекеттік қызметшілердің, оларға теңестірілген адамдардың және олардың жұбайларының кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) толтыру кезінде жіберілген қателіктердің салдары туралы Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндірді.
Қаржы • 09 Қазан, 2022
Биыл сауда-экономикалық қатынастардың қалыпты ырғағы бұзылды. Әсіресе Ресеймен тығыз экономикалық қатынастағы Қазақстан үшін күллі дүние назар аударып отырған соғыстың салдары ерекше. Осы орайда сауалдарымызға жауап берген отандық сақтандыру компаниялары геосаяси жағдайдың өз қызметтеріне қалай әсер еткенін баяндады.
Экономика • 04 Қазан, 2022
Мұнай-газ өндірісі: Таңдау мен мүмкіндік
Алматыда өткен KIOGE-2022 28-халықаралық көрмесі мен конференциясында мұнай-газ саласының өзекті мәселелері көтерілді. Конференцияның биылғы тақырыбы – Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі дамуының жаңа сценарийі. Конференцияға қатысқан Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, Қазақстан қазір жаһандық мұнай ресурсының 3 пайызын еншілеп, бұл тұрғыда көш бастаушы позицияда тұр.
Қаржы • 04 Қазан, 2022
Қаржы сауаттылығы – басты тақырып
Қазіргі кезде ең өзекті тақырыптардың бірі – халықтың қаржылық сауатын арттыру жайы. Бұл ретте журналистерге артылатын міндет үлкен. Жұртшылықтың қаржылық сауатын көтеру үшін тілшінің өзі бұл саланың ұңғыл-шұңғылын тәуір білуі шарт. Осы орайда Jusan Bank пен Medialab коммуникация агенттігі бірлесіп игілікті шараны қолға алды.
Қаржы • 04 Қазан, 2022
Жеке тұлға банкроттығы: Борышкерге берілетін үш мүмкіндік
Қазақстанда жеке тұлғаның банкроттығын көздейтін заң жобасы дайындалып жатыр. Әзірге заң талаптарына қатысты нақты деректер жоқ. Дегенмен Қаржы министрлігі кейбір ақпарларды там-тұмдап таратады. Соның ішінде білетініміз – жеке тұлғаның банкрот атануы үшін үш негізгі нұсқаның бар екендігі.
Қаржы • 03 Қазан, 2022
Нарықты дамыту қалай жүзеге асып жатыр?
Қаржы саласында дүркін-дүркін өзгеріс болып жатыр. Оның бірі жаһандық әсерге байланысты жоспардан тыс пайда болса, енді бірі мемлекеттің бастамасымен жүзеге асырылады. Қайсысы болсын, қаржы нарығы тұтынушыларының игілігі үшін іске асырылады. Осы ретте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері саладағы бірқатар мәселені ел алдында баяндап, даму үрдістерінің қазіргі үдерістерін сипаттады.
Бизнес • 30 Қыркүйек, 2022
Бизнесті қаржыландыру бағдарламасы
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен шағын және орта бизнес субъектілері үшін өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру бағдарламасын іске қоспақ. Бағдарлама Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде ШОБ субъектілерін қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ету арқылы инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған.
Экономика • 30 Қыркүйек, 2022
Алматының индустриялық аймағында Chery, Changan, Haval автомобильдерін шығаратын толық циклді мультибрендті зауыт салу жоспарланып отыр. Кәсіпорында көліктерді тек ұсақ торапты әдіспен өндіріп, шанағын дәнекерлеу және бояу жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай «Астана Моторс» пен қытай компаниялары арасында үш меморандумға қол қойылды.
Қаржы • 30 Қыркүйек, 2022
Экономика мәселелері туралы айтыла бастағанда, оны ақтап алатын себептер де қарастырылады. Мәселен, Қазақстанның жер көлемі тым үлкен, ал халық саны аз. Географиялық-демографиялық теңсіздік жағдайында экономика лайықты деңгейде дами қоймайды. Біз әлі жас елміз, сондықтан әртараптандыру енді басталады. Үшінші себеп – Ресей мен Қытай арасында қысылып қалдық, геосаяси ахуал орнықты дамуға мүмкіндік бермейді. Бірақ мұның бірде-бірін дәлелді уәж деуге келмейді. Неге екенін сәл соңыра тарқаталық.