Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2022
«Қазқұтқару» жаттығуы басталды
Алматы облысының «Тамғалы-Тас» шатқалында орналасқан «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйытқы болуымен «Қазқұтқару-2022» кешенді тактикалық оқу-жаттығудың салтанатты ашылуы өтті.
Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2022
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылғы наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2022 жылғы 4 наурыздағы Жарлығына сәйкес 1 қыркүйектен бастап елімізде күзгі әскерге шақыру кезеңі басталды.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2022
Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың нұсқауы бойынша Қарулы Күштердің құрамалары мен бөлімдерінің бөлімшелері Қостанай облысындағы өртті оқшаулау жөніндегі іс-шараларға тартылды.
Үкімет • 02 Қыркүйек, 2022
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның жаңа сессиядағы алғашқы отырысы өтті. Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын белгілеп бергенін атап өтті.
Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2022
Берекелі қоғамның берік іргетасы
Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау үшін партия активімен жиын өткізді.
Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2022
Саяси реформалардың заңды жалғасы
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, VII шақырылымдағы Парламенттің III сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялады.
Саясат • 31 Тамыз, 2022
Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан 2022 жылғы 24 тамызда сайланған Парламент Сенатының депутаттарын тіркеу мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2022
Жаңғырған Конституция – әділетті қоғам құрудың кепілі
Уақыт өте келе, ұрпақ ауысқан сайын Негізгі Заң да өзгеріске ұшырап отырады. Бұл – өмірдің, заманның талабы. Дамудың басты шарты да осы – өзгеріс. Биыл 5 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ұсынысымен жалпыхалықтық референдум өткені баршаға мәлім. Конституцияның үштен бір бөлігі өзгерді. Ең бастысы әрі маңыздысы – қарапайым халық бұл өзгерістерді жылы қабылдады. Өйткені жаңарған Конституцияның негізінде Жаңа Қазақстан, ашық әрі әділетті қоғам құру деген арман-тілек жатыр.
Саясат • 29 Тамыз, 2022
VII съезге дайындық жоғары деңгейде
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев отандық телеарналарға сұхбат берді. Сұхбатта Сенат Спикері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің маңызы туралы айтып, биылғы форумның жаңа геосаяси ахуалдағы ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталды.
Бизнес • 26 Тамыз, 2022
Бизнесті қорғау – кәсіпкерлерді қолдау
Елімізде кәсіпкерлердің арыз-шағымдары жерде қалмай, әр дерек бойынша жедел әрекет ету үшін облыстық, тіпті аудандық деңгейге дейінгі прокуратураларда Бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтар жұмыс істейді. Жыл басынан бергі 7 айдың ішінде осы топтарға 1,7 мыңнан астам кәсіпкер жүгінген екен.