Қазақстан • 30 Маусым, 2022
Ауылдық жерлерде жұмыс орындарын ашып қана қоймай, жас мамандарды тарту үшін сапалы материалдық-техникалық база, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым құрылуы тиіс. «Ауыл – ел бесігі» және «Дипломмен – ауылға!» жобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланған Amanat партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысында осындай ұсыныс айтылды.
Сұхбат • 29 Маусым, 2022
Саладағы реформалар жүйелілік пен сапаны талап етеді
Конституцияның барлық нормаларына сәйкес келетін, қоғам әділ және теңгерімді деп таныған, сот төрелігінің тиімді іске асырылуын қамтамасыз ететін сот жүйесін құрудың жолы қандай? Сот реформасының бүгінгі шындығы неде? Даму перспективаларының алғышарттары қалай белгіленуі қажет? Елімізде жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформаларға қатысты осы сұрақтарға «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының отставкадағы судьялары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмірсерік Қожабаев жауап берді.
Қазақстан • 29 Маусым, 2022
Ұлттық құрылтайдың жаңа замандағы рөлі қандай? Мақсат-мұраты неде? Оның Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінен айырмашылығы қандай? Amanat партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі Miras республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысына жиналғандар дәл осы сұрақтар төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салды.
Қазақстан • 27 Маусым, 2022
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
«Біз біртүрлі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Соғыс жаңа кеңістікке көшті. БАҚ ұрыс алаңына айналды және бұл жаңа қақтығыста жақсы мен жаманды ажыратып алу қиын. Кімнің мейірімді және кімнің қатыгез екенін түсіну де күрделі. Сол үшін арнаны ауыстыру керек. Себебі қарсыластар орындарын жиі алмастырып жатыр». Француз публицисі Фредерик Бегбедердің бұл пікірімен келіспеуге болмайды. Себебі ХХІ ғасыр ақпараттың шекара таңдамайтынын, адамзаттың күн санап «құбылып», әлемдік прогрестің бір орында тұрмайтынын сәт сайын сезіндіріп жүр. «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында Мемлекет басшысы тәуелсіз әрі жауапкершілігі жоғары бұқаралық ақпарат құралдары болмаса, қоғамды одан әрі демократияландыру мүмкін емес екенін айтқан еді. Осыған орай Президент мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысы мен медиасаланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарауды тапсырған болатын. Алайда бүгінгі БАҚ «тәуелсіздік» дегенді қалай түсініп жүр? Журналистердің жауапкершілігі немен өлшенеді? Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру үшін не қажет? Қазіргі медиаконтентті кімдер жасап жүр? Жалпы, Жаңа Қазақстанның журналистикасы қандай болуы керек? Біз қоғамның көкейінде жүрген осы сұрақтарды отандық медиасаланың бірнеше сарапшысына қойған едік.
Қазақстан • 27 Маусым, 2022
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасының әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Үйлестіру кеңесінде әскери қызметтің қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіп мәселелері қаралды.
Парламент • 26 Маусым, 2022
Қазақстан – Қырғызстан: Парламентаралық байланыс
Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Нұрланбек Шакиевпен кездесті. Сұхбат барысында парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және елдер арасындағы серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.
Қазақстан • 26 Маусым, 2022
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Amanat партиясы журналистер арасындағы «Amanat-2022 медиа сыйлығы» республикалық байқауының қорытындысын жариялады.
Спорт • 24 Маусым, 2022
«Бәйтеректен» бастау алған Amanat CUP
Елордада Amanat партиясының ұйымдастыруымен Amanat CUP бірінші республикалық шахмат турнирі өтті. Сайысқа 8-35 жас аралығындағы екінші және одан жоғары разрядтағы 200-ден астам қатысушы елорданың басты символы – «Бәйтерек» монументінің алаңында бақ сынады.
Қазақстан • 22 Маусым, 2022
Бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды
Amanat-тың атқарушы хатшысы Асхат Оралов партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдап, әр өңірден түскен өтініштерді офлайн және онлайн форматта қарады. Тұрғындар көтерген жеке және жүйелі сипаттағы мәселелерді шешу заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді.
Қазақстан • 21 Маусым, 2022
Заман талабы мен үндескен заңнама
2022 жылғы 15 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің әскери қызмет және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Қорғаныс министрлігі заңнамадағы кейбір кемшіліктерге талдау жүргізе отырып, оны жетілдіру бойынша жоспарлы жұмыс атқарған болатын. Алайда «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің құқықтарына қатысты нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізуден не өзгерді?» деген сұраққа жан-жақты жауап берілді ме?