Қазақстан • 03 Қараша, 2017
Энергетика министрі Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту бойынша жұмыс кеңесін өткізді
Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2017 жылғы 1 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың мұнайды тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг бойынша атқарушы вице-президентінің міндетін атқарушы Данияр Тиесовтің және «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Шухрат Данбайдың қатысуымен Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту барысы мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Президент • 03 Қараша, 2017
Астанада «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысы өтуде
Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.
Қазақстан • 03 Қараша, 2017
Бала – жарқын өмірдің бастауы, ұлт болашағы. Кез келген мемлекеттің өміршеңдігін білдіретін де өсіп келе жатқан ұрпақ денінің саулығы, күтімі. Сондықтан да ана мен бала денсаулығы әрқашан басты назарда. 85 жыл бойы кішкентай балақайлардың денсаулық күзетінде тұрып, талай ата-ананың алғысын алып, ұлт мүддесі жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының мерейлі мерекесіне республикадағы жетекші ғылыми-зерттеу және клиникалық мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ардагер-дәрігерлер мен орталықтың серіктестері мен әріптес-достары келді.
Қазақстан • 03 Қараша, 2017
ОҚО-да әлеуметтік базарлар ашылмақ
Оңтүстікте Болат Әлиев деген іскер жігіт бар. Бұрын облыс әкімінің орынбасары қызметіне дейін өскен жігіт ағасы бүгінде бар шаруасын жиып қойып, ауыл шаруашылығымен айналысып кеткен. Былтыр күзде Елбасының өзі бау-бақшасында болып, разылығын білдірген.
Қазақстан • 03 Қараша, 2017
Қазақстандық модель еврейлерді де қызықтырады
Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай Еуразияның еврей қауымдарын қолдауға бағытталған ұлттық коалицияның атқарушы директоры Марк Левинмен кездесті.
Қазақстан • 03 Қараша, 2017
Түлегі тұлғаға айналатын білім ордасы
Таяуда Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернат 60-жылдық мерейтойын атап өтті. Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектептен белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, қаламгерлер мен өнер шеберлері түлеп ұшқан. Олардың қатарында композитор Кеңес Дүйсекеев, Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі сияқты белгілі тұлғаларды атауға болады.
Қазақстан • 03 Қараша, 2017
Халқымыздың ежелгі өмір сүру дағдысы мен ұғым-түсінігінде қарашаңырақ атауының мәні жоғары. Бұл тіркес арғы-бергі тарихымыздағы өзіндік орны бар қасиетті ғимараттарға немесе ұрпақтар сабақтастығына орай да қолданыла береді. Осы орайда Ақтөбе қаласындағы Ғұбайдолла Ақтаев атындағы қазақ орта мектебін өңір жұртшылығы қарашаңырақ деп атауы орынды.
Қазақстан • 03 Қараша, 2017
Қанипа Бітібаева дәріс берген қарашаңырақ
Ғасырға жуық тағылымды тарихы бар бұл тәлім ордасының берісі Шығыс Қазақстанның, әрісі еліміздің білім жүйесінде алар орны айрықша.
Қазақстан • 03 Қараша, 2017
Экстремизммен күрестің басты құралы – ақпараттық түсіндіру
Астанада өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған «Халықтың дінтану сауаттылығын арттыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігі» тақырыбы бойынша екі күндік семинар өтті. Жиынды Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті ұйымдастырды.
Қазақстан • 03 Қараша, 2017
Ядролық технологиялар қоршаған ортаны қорғайды
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен осыдан 25 жыл бұрын құрылған Ұлттық ядролық орталық бүгінде әлемде атомды бейбіт мақсатта қолдануды насихаттаудың және дамытудың көшбасшысына айналды. Мәселен, жақында ғана Венада өткен МАГАТЭ-нің 61-ші бас конференциясының аясында Ұлттық ядролық орталықта көптеген кездесулер болды. Сондай кездесулердің бірі – жапониялық JAEA ұйымымен жүргізілген келіссөздер.