Жеңіл атлетика • 11 Шілде, 2017
Виктория Зябкина – сары құрлықтың үш дүркін үздігі
Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Төрт күнге созылған құрлық біріншілігінде Қазақстан Ұлттық құрамасы төрт алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды.
Футбол • 11 Шілде, 2017
«Неміс командасы»: жеңілістен қандай нәтиже шығарды?
Германия құрамасы кезекті мәрте дүбірлі бәсекеде топ жарып, неміс сапасының деңгейі жоғары екенін тағы дәлелдеді. Конфедерация кубогы осыдан он шақты күн бұрын ғана бундестимнің («неміс командасы») жеңіп алған екінші байрақты бәсекесі. Жастар арасындағы Еуропа чемпионатында немістер топ жарса, Ресейде өткен Конфедерация кубогында кіл жастарды жинақтаған Йоахим Лёв командасы ешкімге дес берген жоқ.
ЭКСПО-2017 • 11 Шілде, 2017
ЭКСПО-2017 көрмесі аясында қоғам өмірінің саяси, экономикалық, ғылыми салаларындағы адамзат өркениетінің соңғы инновациялық жетістіктері мен адамдық парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілікті ұйыстырған мәдениет бір жерге тоғысты. Әлемнің айтулы театр труппалары өз қойылымдарын ұсынып, қазақстандық өнерсүйер қауымның көңілі қош болып жатқан жайы бар.
Қазақстан • 11 Шілде, 2017
Осы қыстыгүні Қалиасқардың соғымбасына жиналдық емес пе. Кілең бір сайдың тасындай дерлік атайман азаматтар сағынысып кеп тоқайластық. Анда-санда осылайша бас қосудың өзі – жанға мереке. Бадыраң көз, ешкі бас Түсіп ағамыз бастаған өңшең бір ығайлар мен сығайлар. Әйбат жеңешеміздің шашбауын көтерген күлімкөздер. Бір қимасымыз Сабыржан марқұм «У-шу компаниясы» деп ат қойып беріп кеткен көңілді топ қауқылдасып, қалжыңдасып жатырмыз. Арамызда тек Асантай мен Күлшара жоқ. «Тығылтаяң шаруа шығып қалды, сәл кешігіңкіреп барармыз» деп хабар салыпты. Мұндайда тіпті арада бес жас айырмасы барлар да бел құрдас болып кететіні қандай, құлаққа сәл ерсілеу тиетін сөздер де жарасымын тауып, жымдасып кетіп жатыр.
Әдебиет • 11 Шілде, 2017
Партбилетін оқ тескен гвардия капитаны
«Александр Невский» және «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің иегері Құдас Жүнісбековтің майдан даласындағы ерен ерліктері бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлық. Жақында батыр атамыздың ерлігі ескеріліп, Түркістан қаласының бір көшесіне есімі берілді.
Әдебиет • 11 Шілде, 2017
Бабалардың батырлығын жалғаған. Бала Мұсабектің ес білген шағында, бес жасында Сеңгірбай ата өмірден өтіп, жетім қалады. Бұл кезде бір жағы әпкесі Күнес Бексейіт есімді жігітке тұрмысқа шығады да, апа-жезде қамқорлығын көреді. Көпшіл, бауырмал, қағылез болып өседі.
Қазақстан • 11 Шілде, 2017
Ресейдің Челябі облысы Қостанайдың қашаннан ауылы аралас, қойы қоралас, құдайы көршіcі. Көрші отырып, нарық теңізінде жалғыз жүзіп болмайды. Өйткені, нарық жағдайында қанаттаспаса даму жоқ екенін дүние жүзіндегі экономикалық үдерістің тәжірибесі көрсетіп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың басында Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында: «Халықаралық ынтымақтастық аясында ұлттық экономикалық мүдделерді қорғап, ілгерілету қажет. Бұл, ең алдымен, ЕАЭО, ШЫҰ ішінде Жібек жолы экономикалық белдеуімен ұштасатын жұмыстарға қатысты. Ол үшін экономикалық дипломатия жұмысын қайта құрып, жандандыра түсу қажет», деген болатын.
Қазақстан • 11 Шілде, 2017
Бүгінде елімізде 4 миллионнан астам жас бар. Демек, қазақстандықтардың әрбір төртіншісі 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар екенін ескерсек, олардың қаншалықты әлеуетті күш екенін аңғаруға болады. Ал оларға қандай жағдай жасалып отыр? Жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру үшін нендей шараларды қолға алу керек? Бұл жөнінде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Ғабидолла ОСПАНҚҰЛОВПЕН әңгімелескен едік.
Әлем • 11 Шілде, 2017
Орталық Азияда орнықты байланыстарға жол ашылуда
Былтырғы жылдың аяғынан бері Өзбекстан Республикасының басшылығы көршілес елдермен байланысын барлық деңгейде жандандыра бастады. Өзбекстан президенті Шавхат Мирзиеев Түрікменстан мен Қазақстанда мемлекеттік сапармен болып, өзара ынтымақтастықты арттыруға ықпал ететін жаңа келісімдерге қол жеткізді.
Әлем • 11 Шілде, 2017
Ресей-Қытай: Көршілер ықпалдастығының көкжиегі
Жақында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Ресейге ресми сапары өтті. Бұл оның ҚХР төрағалығына сайланған 2013 жылдан бері Ресей Федерациясына алтыншы рет ат басын бұруы болды.