Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

ЭКСПО-2017 • 11 Шілде, 2017

Малайлықтар әріптестікті мақтаныш тұтады

Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесiнде Малайзияның ұлттық күнi тойланды. Мерекелік шара аясында көрме қонақтарының назарына өздерiн «нағыз азиялықтар» деп атайтын малайзиялықтардың мәдени-танымдық бағдарламасы ұсынылды.

Аймақтар • 11 Шілде, 2017

Зауыт құрылысы тоқтап қалды. Неге?

Ақтөбе – жыл сайын өсіп-өркендеп келе жатқан агломера­циялық даму сипатындағы қала. Қазір қаланың барлық бөлік­терінде құрылыс алаңдары кеңінен қанат жайған. Осынау жаңа­дан тұрғызылып жатқан нысандарды тиісті материалдармен қамту ісі құрылыс индустриясын жан-жақты дамытуды қажет етеді.

Аймақтар • 11 Шілде, 2017

«Ауыл шаруашылығы – қарымды сала»

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында аграрлық секторды экономиканың жаңа драйверіне айналдыру міндетін қойып, көптеген позициялар бойынша еліміздің әлемдегі ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі, астық өнімдері бойынша Еуразияда «нан кәрзеңкесі» болу жолдарын атап көрсеткен болатын. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Үкімет пен әкімдерге бірқатар тапсырма жүктелген еді.

Қазақстан • 11 Шілде, 2017

Сана жаңғырмай, қоғам серпілмейді

Тәуелсіз елдігіміздің қалыптасуы, өсіп-өркендеуі мен өркениет санатына қосылуына дейінгі бастапқы даму кезеңдерінде ұлттық идеология бірден қаулап кете қойған жоқ. Өтпелі кезеңдерді өткерді. Өйткені, әуелі елді, оның экономикасын көтеру керек болғанын Елбасының өзі де үнемі еске салып отырды. «Әуелі – экономика, сосын – саясат» деген ұстанымға басымдық берілді. Оның нәтижесін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қазақстан экономика мен саясатта таңдалған бағыт-бағдардың дұрыстығын сезінді. Мемлекеттіліктің ширек ғасырында әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосылдық. Енді, міне, ұлттық идеологияға да кезек келді. Елбасының «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын шын мәнінде экономика мен саясатқа рухани өң беретін, шырай енгізетін ерекше бағдарламалық құжат дер едік.

Қазақстан • 11 Шілде, 2017

Ұлттық әліпбиге көшу жайы талқыланды

Жуырда Қазақстан Республикасы Президенті жанын­дағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияға қарасты Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпбиге көшіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Қазақстан • 11 Шілде, 2017

Инвестор тартуда елшілер әлеуеті ескеріледі

Кеше Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының және еліміздегі шет мемлекеттердің құрметті консулдарының съезі ұйымдастырылды. Алғаш рет өтіп отырған аталған шараның негізгі мақсаты – шетел инвесторлары үшін Қазақстанда жасалып жатқан мүмкіндіктерді жан-жақты түсіндіре отырып, тиісті ақпаратты консулдар арқылы барлық инвесторға жеткізу.

Қазақстан • 11 Шілде, 2017

Бельгиямен байланыс беки түсті

Астанада Қазақстан Республикасы мен Бельгия Корольдігінің арасында дипломатиялық қатынастар орнауының 25 жылдығына арналған саяси консультация­лар өтті.

Қазақстан • 11 Шілде, 2017

Инновация – игіліктер мүмкіндігі

Кеше Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының ұйымдастыруымен «Қазақстан кәсіпорындарына инновациялар мен IT-технологияларды енгізу» мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті. Оған Германияның бірқатар жетекші жас ғалымдары мен сарапшылары қатысты.

Қазақстан • 11 Шілде, 2017

Табысты болудың алғышарты – терең білім

Балалар үйлері мен арнайы түзеу мектептерінен 1500 жас суретші «Болашақ» қорының шығармашылық байқауларына қатысты. Үздік голливудтық фильмдерді қазақ тіліне дубляждау бойынша жобаны іске асыру сөзсіз жаңалыққа айналды. Осылайша, болашақтықтардың бастамасының арқасында қазақ тілі бүкіл әлем бойынша DVD, Blu-Ray-де көруге болатын голливудтық фильмдердің негізгі 7 тілінің қатарына енді.

Қазақстан • 11 Шілде, 2017

Жібек жолы альянсы ауыл шаруашылығындағы ғылыми әріптестікті дамытады

Астанада Жібек жолы ауыл шаруашылығы білім беру және ғылыми инновациялар альянсының басқосуы өтті. Былтыр қараша айында құрылған бұл альянс 13 елдің 69 жетекші ауыл шаруашылығы университеттері мен ғылыми орталықтарын біріктіреді.

Яндекс.Метрика