ЭКСПО-2017 • 29 Маусым, 2017
Кеше ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында Сербияның ұлттық күні өтті. Салтанатты шара дәстүр бойынша екі мемлекеттің әнұрандарының орындалуымен басталып, екі елдің тулары көкке көтерілді. Содан кейін Қазақстан мен Сербия делегацияларының өкілдері сөз сөйледі.
Медицина • 29 Маусым, 2017
Көз аурулары неге «жасарып» келеді?
Қазақта «Екi көзiң – шырағың» деген нақыл бар. Адамзат баласы ақпараттың 90 пайыздан астамын екі көзі арқылы алады екен.
Тәрбие • 29 Маусым, 2017
Онлайн-озбырлықтан қалай сақтануға болады?
Бүгінгінің баласы үйден шықпай-ақ, көзге көрінбейтін кесірге ұрынып қалатынын ұға бастадық қой. Қазіргі таңда компьютерде омалып отырған баланы онлайн-озбырлықтан сақтандыру үшін әр мемлекет өз бетінше шаралар қабылдауға мәжбүр болуда. Көрші Ресей балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қоюды заңдық тұрғыда реттеуге кірісті.
• 29 Маусым, 2017
Ықпалдастықты нығайтуға мүдделі
Астана қаласында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дирк Ян Коппен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі.
• 29 Маусым, 2017
Қазақстан делегациясының Грузияға сапары
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақовтың жетекшілігімен еліміздің делегациясы Қазақстан қылмыстық процесін жаңғырту аясында құқық қорғау және сот органдарының тәжірибесін зерделеу үшін Тбилиси қаласында сапармен болды.
Қазақстан • 29 Маусым, 2017
Бағындырған белестерден – баянды болашаққа
Ерекше уақыт – Қазақстан мемлекеттілігінің өркендеуі кезеңінде өмір сүріп, еңбек еткен біздің замандастар бақытты. Мемлекеттіліктің жоғары мүддесіне отандық сыртқы саясат толықтай бағынышты. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық дипломатиясы шынайы Тәуелсіз елдің маңызды атрибуты ғана емес, оның қауіпсіздігінің, дамуының және игілігінің, сондай-ақ, халықаралық бірлік пен ынтымақтастықты нығайтудың негізгі құралы.
Қазақстан • 29 Маусым, 2017
Жалпы, адамзат ұғымында, адамдық қағида негізінде ананың орны әрқашан аяулы болған. Әсіресе, халқымыздың ананы ардақтап, айтқанына үнемі құлақ асып отыруы да қасиетті қағидаға беріктікті көрсетеді. Тарихтағы тағылым алар Айғаным, Зере сынды ақылман аналар да өзінен кейінгі аналарға үлгі болып, өнеге көрсетті. Мұның бәрі де рух пен сана арқылы жалғасатын ұрпақтар сабақтастығы болса керек.
Қазақстан • 29 Маусым, 2017
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – халықтың рухын оятқан әсерлі дүние ретінде қабылданды. Әлі күнге дейін мерзімді басылымдардың қай-қайсысын ашып қарасаңыз да осы мақаланың қызу талқыға ұласып жатқанын байқайсыз.
Қазақстан • 29 Маусым, 2017
Кез келген халықтың бір әріптен екінші бір әріпке көшуінде әлеуметтік, тарихи, саяси мән жататыны белгілі. 1923 жылы Түркия республика болып жарияланғаннан кейін, Мұстафа Кемалдың басшылығымен барлық салада түбегейлі реформалар басталды. Соның бірі ғасырлар бойы қолданылып келген араб әрпінен латын әрпіне көшу болатын. Бұл өте қиын шаруа еді. Өйткені, бұған дейінгі Осман империясы негізінен діни мемлекет болды.
Қазақстан • 29 Маусым, 2017
Франк Альбо Ұлыбританияның әлемге әйгілі Кембридж университетінде байырғы Таяу Шығыс тілдері мен тарих мамандықтарын қатар игеріп, сол жоғары оқу орнында архитектура тарихы бойынша докторлық диссертация қорғаған.