Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Аймақтар • 26 Маусым, 2017

Шайтанарбамен шарлап жүр

Еліміздің түкпір-түкпірін шайтанарбамен шарлап жүрген бұл кісі Көкпекті ауданының Көк­пекті ауылында тұрады.

Аймақтар • 26 Маусым, 2017

Бояулы «бұлттар» марафоны

Жуырда Алматыдағы "Медеу" спорттық кешені 10 мыңға жуық алматылықтарды жинады. Сөйтсек, мұндай марафон кезегімен еліміздің 7 қаласында ұйымдастырылады екен. Осынау ерекше жарыстың тағы бір сауапты тұсы бар. Марафоннан жиналған қаражат қалалардың экологиясын жақсартуға және "Тал отырғыз" қорының қажетіне жұмсалады.

Аймақтар • 26 Маусым, 2017

Теңізде үш күн арпалысты

«Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» деген рас екен. Ауызашардан соң теңізге дем алуға барған 25 жастағы Абылай Сүлейменов өмір мен өлім айқасқан қиын жағдайға душар боламын деп ойламағаны анық. Көліктің камерасын құрал етіп суға түскен жігітті толқын жағадан алыс алып кетеді. Қатты қорыққан жолдастары түні бойы Абылайдың ата-анасына хабар бере алмай, шарқ ұрады. Таңертең ғана хабарды естіген ағайындары мен құтқарушылар Абылайды іздеудің қамына кіріседі. Суға қайық түсіріліп, тікұшақ теңіз үстін шо­луға шыққанмен, түк таппайды.

Театр • 26 Маусым, 2017

Сан қырлы сурет өнері

Жақында ұлттық кітапханада "Кітапхана" арт-галереясында Анар Әбжанова, Зейнелхан Мұхамеджан, Сержан Баширов, Оразбек Есенбаев, Хашим Құрбанов, Арман Баймұратов сынды отандық үздік суретшілердің "Қазақстанның заманауи суретшілері" атты картиналар көрмесінің ашылуы болды.

Білім • 26 Маусым, 2017

Ағылшын тілін тегін оқытады

Жаңа жобаны «Білім орда Бола­шақ» қоғамдық қоры «ЭксонМобилҚазақстан» ком­пания­сының демеушілігімен қолға алған.

Кәсіпқой бокс • 26 Маусым, 2017

«Осалдармен бокстасып жүргенім жоқ»

Бірінші орта салмақтағы WBO, NABA және WBA Intercontinental белбеулерінің иегері қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Астанада ЭКСПО-2017 аясында өтетін жекпе-жегіне байланысты және алдағы жоспарымен бөлісу үшін елордалық журналистерге арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.

ЭКСПО-2017 • 26 Маусым, 2017

Балаларды қуанышқа бөледі

«Ауылына қарап, азаматын таны» деген. Атымтай жомарттар арамызда аз емес. Күні кеше елордада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесіне сонау Алматыдан 500 балаға екі миллион теңге көлеміндегі сомаға билет алып беріп, Астанаға әкелген кәсіпкер жайындағы ақпарат елең еткізген. Көпшіліктің алғысына бөленіп, жеткіншектердің ризашылығына сеп болған замандасымызбен аз-кем тілдескенді біз де жөн санадық. Долкунтай Абдулхалил оңтүстіктегі шаһарда орын тепкен «MetallPromGroup» ЖШС-нің басшысы екен. Әңгіме барысында аңғарғанымыздай, жуырда ғана «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Айтуға оңай» бағдар­ламасына мұң шаққан үйсіз-күйсіз қос отбасының бірін баспанамен қамтамасыз еткен азаматымыз осы болып шықты.

Қазақстан • 26 Маусым, 2017

Назарбаевтың атын беру – ұлт борышы

Жуырда Түркі әлемінің жарқыраған жұлдызы − Қазақстанда назар аударарлық оқиғаға куә болдық. Халықаралық Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілді. Осылайша, Қазақстан бар ғұмырын еліне арнаған ел Президентіне деген сенімі мен борыш сезімін паш етті. Осы орайда Түркияның мемлекет ретінде құрылып, серпінді дамуына үлкен үлес қосқан Мұстафа Кемал Ататүріктің атымен Еуропаның ең ірі әуежайларының бірінің аталатынын естеріңізге салғым келеді.

Бизнес • 26 Маусым, 2017

Мұнай-газ саласындағы жан-жақты келісімдер

ЭКСПО-2017 халық­аралық көрмесінің аясында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акцио­нерлік қоғамы екіжақты және үшжақты келісімді қамтыған құжаттарға қол қойды.

Үкімет • 26 Маусым, 2017

Денсаулыққа ден қойған дұрыс

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов xалық алдында есеп беріп, салада болатын сан өзгерістерді көпшіліктің назарына ұсынды.

Яндекс.Метрика