Әлем • 20 Маусым, 2017
Көрші Ресейдегі Челябі облысына қарасты Қызыл ауданында біраз қазақ тұрады. Олар аудан халқының 14 пайызын құрайды. Ақжайық өңірі. Түгін тартсаң майы шығатын құнарлы жерді қазақтар қашаннан құт мекен етіп келеді. «Қыз Жібек» жырындағы Базарбайдың жылқысы жайлаған, Төлеген мен Жібектің «Гәккулеткен» жері. «Су ішкен құдығыңа түкірме» деген халқымыздың қағидасын ұстанған қандастар осы жерде мамыражай ғұмыр кешіп жатыр.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Өткен ғасырдың 80-ші жылдары. КСРО мен Франция арасындағы жылымық кезеңінің бір сәтінде Еркін есімді көкеміз бір-ақ күннің ішінде замандастырының түсіне де кірмеген түу Францияға, Парижге аттанды да кетті. Ол тұста Еркін Құрмантаев – Шымкенттегі облыстық қоғамдық тамақтандыру бірлестігінің директоры қызметін атқарады. Қолына түскен асхананың бар аспабын жонглердей ойнататын директор-аспазды Алматы мен Мәскеудің білгірлері Парижде өтетін КСРО-Францияның мәдени күндеріне қатысуға лайық көріп, аттай қалап алыпты.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Жігерлілік – жігітке тән қасиет
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының түлектері ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен марапатталды.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
Құқық қорғаушылардың қазақ тіліне құрметі
Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде барлық жедел және аппараттық кеңестер, күн сайынғы таңғы сап жиыны мемлекеттік тілде өткізіліп, бүкіл құжат айналымы мемлекеттік тілде ғана өтеді.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жолдауы
2017 жылғы 9 маусым №09-2/5 Астана қаласы. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы ЖОЛДАУЫ
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
Тәттілігі тіл үйіретін балды көргенде кім-кімнің де өзінен-өзі тамсанып қоя беретіні табиғи жайт. Бүгінгі күні агроөнеркәсіп саласы өндірісінде ара шаруашылығының алатын үлесі жылдан-жылға өсіп келеді.
Қазақстан • 20 Маусым, 2017
Мұнай химиясы: игерудің игілігін ел көреді
Өткен жылдың тамыз айында Батыс Қазақстан облысының әкімі өңір кәсіпкерлерімен бірге Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барған болатын. Кейін Орал қаласында «WestKazInvest 2016» форумы өтті. Міне, осынау іскерлік кездесулер нәтижесінде «QazChem» атты Қазақстан-Иран-Канада бірлескен кәсіпорны құрылып, іске кірісті.
Аймақтар • 20 Маусым, 2017
10 жылда – 2 миллион тонна алюминий!..
Бұл меже облыс орталығындағы құрамындағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ іске қосылғаннан бергі 10 жылдағы тағы бір жетістігі. Өндіріс орны жаңа жетістіктерге жаңа технологиялық құрылғыларды, ерекше жаңашыл шешімдерді қолдану арқылы жетті. Қазір кәсіпорын жұмысшылары мен қызметкерлері жобалық көрсеткіштерді орындау жолында еселі еңбек етуде.
ЭКСПО-2017 • 20 Маусым, 2017
Ауылдағы баламалы энергия көзі
Қызылжар өңірінен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысу бақытына ие болғандардың бірі – «Зенченко және К» командиттік серіктестігінің директоры Геннадий Зенченко.
ЭКСПО-2017 • 20 Маусым, 2017
Назарбаев зияткерлік мектептері елордада «ЭКСПО-ның жас елшілері» атты жазғы мектептің тұсауын кесті. Жазғы мектепке еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100 бала халықаралық көрменің керемет жобаларымен таныспақ.