Аймақтар • 24 Мамыр, 2017
Қызылорда қаласынан 60 шақырым жерде еліміздің оңтүстігі мен газ жеткізу көзделіп отырған солтүстік өңірлерін де қажетті газбен қамтамасыз ете алатын нысанның құрылысы аяқталды. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының 944-ші шақырымында «Қараөзек» компрессорлық стансасы салынды. Қуатты агрегаттармен жабдықталған станса Қытайға табиғи отын экспортын ұлғайтуға да мүмкіндік бермек.
Қазақстан • 24 Мамыр, 2017
Инвестициялар және даму министрлігінің медиа-орталығында өткен баспасөз мәслихатында Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің технологиялық және инновациялық дамуға қатысты индикаторларын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы есебі таныстырылды.
Қазақстан • 24 Мамыр, 2017
Қалдық өңдеу зауытының жұмысымен танысты
«Өңір» депутаттық тобының құрамындағы сенаторлар Астанадағы тұрмыс қалдықтарын сұрыптау және өңдеу кәсіпорнында болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 24 Мамыр, 2017
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің басталуына санаулы ғана уақыт қалды. Жер-жаһан назарын тіккен ЭКСПО көрмесі тек елорданың ғана емес, бүкіл еліміздің абыройын аспандататын айтулы шара. Еліміздің қаржылық-экономикалық орталығы саналатын алып мегаполис Алматыда да мерейлі шараға дайындық қызу жүріп жатыр.
Әлем • 24 Мамыр, 2017
Дүйсенбі күні Ұлыбританияның Манчестер қаласындағы «Манчестер Арена» залында әнші Ариана Гранденің концерті аяқтала бере, жергілікті уақыт бойынша 22:35-те жарылыс болды.
Қазақстан • 24 Мамыр, 2017
Сол бір жылдарда ерлі-зайыптыны, әкелі-балалыны, ағалы-ініліні бірдей ату сойқаны да болған
Қазақстан • 24 Мамыр, 2017
Үңгір... Осы сөзді естігенде мынадай суреттің елес берері анық. Ол жер астындағы іші тастай қараңғы әрі суық қуыс кеңістіктің көз алдымызға келетіндігі. Иә, үңгірлер шынында да солай. Ғалымдар Ш.Айталиев пен Р.Баймаханов және Ә.Байбатшаның деректеріне қарағанда, Қазақстандағы мұндай табиғат ғажайыптарының саны 140-тан асады. Атап айтар болсақ, олардың ең ірілері ретінде 80-і Қаратауда, 20-сы Талас Алатауы мен Өгемде, 11-і Маңғыстауда, 12-сі Сарыарқада, 5-уі Алтай мен Тарбағатайда, 6-уы Іле Алатауында деп есепке алынған.
Қазақстан • 24 Мамыр, 2017
Жиырмасыншы ғасыр қазақ еліне барлық саладан көрнекті қайраткерлерді берді. Соның ішінде идеологиялық қызметтің де тау тұлғаларын тудырды. Бұлай дегенде біз алдымен Темірбек Жүргеновті, Ілияс Омаровты, Өзбекәлі Жәнібековті бөле айтамыз. Әр нәрсені өзінің атымен атасақ, сол қасиетті қатарға бүгінде сексен жастың сеңгіріне көтеріліп отырған асылымыз Мырзатай Жолдасбековті де қосуға болады.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2017
ЭКСПО-2017 кезінде жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады
7 маусым мен 12 қыркүйек аралығында сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін салмағы 3,5 тоннадан асатын барлық жүк көліктеріне шектеу қойылатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2017
Астанада 1842 алаңда 9227 қоқыс жәшігі қойылған
Бүгінгі таңда Астанада 1842 алаңда 9227 қоқыс жәшігі қойылған. Астана қаласының әкімдігі елорда төңірегінде пластикті бөлек жинау үшін 686 контейнер, тұрғындарға құрамында сынап бар шамдар салу үшін 670 жәшік, ал жер үйлерде күлге арналған 300 контейнер қойды және электронды тұрмыстық өнімдерге мамандандырылған сауда үйлерінен электронды қалдықтардың жиналуын ұйымдастырды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.