Медицина • 12 Мамыр, 2017
Сертке беріктік сырттандықтың көрінісі. Қазақтың қанында ықылымнан бері жасап келе жатқан қайсарлық қағидасы да осынау құндылықтарға негізделеді. Бағытынан таймайтын батырлық та, кесіп сөйлейтін, ойып айтатын батылдық та қазаққа тән. Сондықтан батырлық та бекзаттықтың бір белгісі.
Медицина • 12 Мамыр, 2017
«Өзім – жетпістемін. Ал әкем, тірі болғанда, биыл жүз жасқа толар еді. Жарықтық аштықты да көрді, азаптың да дәмін татты, сұрапыл соғысты да басынан өткерді ғой...» деп әңгімесін бастады редакциямызға ат басын бұрған ақсақал. Ұзақ жылдар білім саласында қызмет еткен ардагер ұстаздың есімі – Маратхан. Балалық шағы екінші дүниежүзілік зұлматтан кейінгі жылдарға дөп түскен оның да пешене тауқыметін бір кісідей тартқаны аңғарылады сөздерінен. Ал біз әкесі жайында шерткен сырын қағаз бетіне түсіргенді жөн көрдік...
Медицина • 12 Мамыр, 2017
Мен оны жас әрі әдемі күйінде жадымда сақтаппын. Су шайып сарғайған суреті ғана бар еді. Десе де, тағдыр жолы жайлы тарихын анамыз әңгімелеп берген. Ол маған өмір сыйлаған адам. Жылдар өте келе жауынгердің қызы болудың құрмет қана емес, сәттілік те сыйлайтынын ұқтым. Мұндай бақыт әркімге бұйыра бермейді.
Медицина • 12 Мамыр, 2017
Жас дәрігерлер жәрмеңкеден жұмыс тапты
Бір кездері ауылдардағы фельдшерлік-акушерлік пункттер оңтайлануға ұшырап, есіктеріне қара құлып салынғаны, есте. Басын тартсаң аяғына жетпейтін қиын уақытта тиімді болған шығар, бірақ зардабы араға жылдар салып барып шыққан.
Медицина • 12 Мамыр, 2017
Халқымыздың репродуктивті, яғни ұрпақ өрбіту денсаулығын, ана мен баланың өмірін қорғау – Елбасымыз Н.Назарбаев белгілеген еліміздің стратегиялық бағытының аса маңызды бөлігі. Денсаулық сақтау жүйесінің жоғары деңгейін қамтамасыз еткенде ғана әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу мүмкіндігі туатыны анық. Бүгінде әлеуметтік жаңғырту түпкілікті өзгерістерді, денсаулық сақтау жүйесінің қайта құрылуын және денсаулығымызға деген көзқарасымызды өзгертуімізді де талап етеді. Елімізде заманауи емханалар салынуда, медициналық көмекке бөлінетін қаражат көлемі жыл сайын өсуде. Медициналық кадрлардың әлемнің дамыған елдерінде білім алу, біліктілігін жоғарылату мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2017
Егіннің сапасы – өнімнің кепілі
Аймақта көктемгі-дала жұмыстарын ұйымшылдықпен өткізу тақырыбына арналған семинар-кеңес сындарлы сипатта өтті. Аудан әкімдері, ғалымдар, аграрлық кеңестің мүшелері, аумақтық ведомство, фирма басшылары, агроқұрылым жетекшілері қатысқан алқалы басқосуда толғақты мәселелер кеңінен қозғалды.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2017
Астанада халықаралық үрмелі аспаптар фестивалі өтеді
Елорда күні құрметіне Қазақстан мен шетелдік үздік үрмелі аспаптар оркестрлері осымен 8-ші жыл қатарынан «Астана Самалы» халықаралық үрмелі аспаптар фестивалінде бас қосады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2017
Кеңес Одағы кезінде Қазақстанда ең әрі кеткенде жылына 20 тоннаға дейін алтын өндірілетін. Тәуелсіздік жылдарында ел басшылығы алтын өндірісін дамыту мәселесін алға қойды. Бұл саясат өз жемісін берді. Жыл өткен сайын Қазақстанның алтын өндіру көрсеткіші алға басып отырды. 2013 жылы елімізде 42,4 тонна алтын өндірілсе, 2014 жылы бұл көрсеткіш тағы да 13 пайыз алға басып, 47,8 тонна алтын өндіруге қол жеткізілді. Осы жылы Қазақстан әлемдегі алтын өндіретін елдер арасынан 16-орынға табан тіреді.
Парламент • 12 Мамыр, 2017
Жаңа заң жайылым жайын реттейді
Жайылымдық жер ауылдағы мал ұстайтын ағайынның жанды жеріне айналғалы қашан. Себебі, бүгінде ауылдық жерлерде мал бағатын жайылым жетіспейді деген мәселе күн тәртібінде тұр. Аталған жайды түпкілікті реттеуді көздейтін жайылымдар туралы заң елімізде осы уақытқа дейін болған жоқ. Мемлекет басшысы биылғы жылдың 20 ақпанында «Жайылымдар туралы» Заңға қол қойып, ол күшіне енген еді. Біз жаңа заңға қатысты айтары бар болуы ықтимал деген оймен «Жайылымдар туралы» заң жобасын әзірлеуге жетекшілік еткен Парламент Мәжілісінің депутаты Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВПЕН әңгімелескен болатынбыз.
Парламент • 12 Мамыр, 2017
Хаттама қаралып, келісім талқыланды
Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы темір жол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.