Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Аймақтар • 05 Мамыр, 2017

Ақыл мен ажар бәсекесі

Қалалық мәдениет сарайында Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен және «Қазақстан жастарын қолдау» облыстық жастар қоғамдық бірлестігі, «Intellect» білім беру орталықтарының қолдауымен «Семей аруы-2017» байқауы ұйымдастырылды.

Аймақтар • 05 Мамыр, 2017

Қастеевтің Оралдағы қолтаңбасы

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында қазақ суретшілері туындыларының мол коллекциясы бар. Соның ішінде ұлттық бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің де бірнеше туындысының түпнұсқасы сақталған.

Аймақтар • 05 Мамыр, 2017

Мемлекеттік тілде тәрбиелейді

Былтырғы жылдың соңында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов керекулік зиялы қауым өкілдерімен кездескенде: «Бар­лық балабақшаларда балалар ұлтына қарамастан, таза қазақ тілінде тәрбиеленуі керек», – деп ұсы­нысын білдіргені есімізде. Бұл жайт биыл әкімнің халық алдында есеп беру жиынында да тілге тиек етілді.

Медицина • 05 Мамыр, 2017

Күтумен өткен ғұмыр

Түбі жоқ тарихтың шежіресінде шерменде болып өткен шешелеріміз аз ба?! Елдің басына түскен түрлі тауқыметті тау көтергендей арқалап өткен ананың бірі – жүз жасаған Қалампыр Әлімбетова әжей. Бұл бір шерлі суретті қызылордалық фототілші 35 жыл бұрын Шіркейлі ауылында түсірген.

Медицина • 05 Мамыр, 2017

Жарқын бейнесі жадымызда

Өмірге ізгілік пен кішіпейіл­діліктің нұрын сеуіп өткен абзал да, ардақты азамат Қамидолла Нұртаев 90 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Аймақтар • 05 Мамыр, 2017

Полицейлер ағылшын тілін үйренуде

Қостанайлық жиырма полицей ағылшын тілінің қысқа курсын бітіріп, сертификат алды. Олар жаз айларында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне барып, қоғамдық тәртіпті күзететін болады.

Әдебиет • 05 Мамыр, 2017

«Танымдық шығармаларым – өмірімнің бір бөлшегі»

Апыр-ай, ұршықтай шыр айналған уақыт мұншалық жүйрік болар ма еді... Бүкіл саналы ғұмырын қазақ баспасөзіне арнаған, «Егемен Қазақстан» газетіндегі шығармашылық белесінің өзі 40 жылға жуық майталман журналист, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жанат Елшібек биыл 70 жасқа толып отыр. Жетпісті кейде «Шерхан Мұртаза ағамыз «жет» және «піс» деген екі сөздің қоспасы деп түсіндіріп еді ғой» деп жеңіл әзілге бұра тартқанымызбен, желмаядай желдірте жететін, жемістері желкілдей пісетін жасқа адам баласының ажары таймай, адымы талмай жетуінің өзі Құдайдың берген ерекше сыйындай түйіледі екен-ау. Жазушының туған күніне орай біз де мерейтой иесін әңгімеге тартып, қаламгерліктің қыр-сырына қанығып қайттық.

Қазақстан • 05 Мамыр, 2017

Волонтерлер ардагерлерге көмек көрсетеді

5 мамырдан Қазақстанның 22 қаласында ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тыл еңбеккерлеріне атаулы көмек көрсету үшін еріктілер жасақтары жұмыс істей бастайды. Рейдтер «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бастамасымен республикалық «Жеңіс» жобасы аясында өтеді.

Аймақтар • 05 Мамыр, 2017

Қарқынды құрылыс: ажарлы атыраудың абыройы биік

Атырау облысында биыл – 2007, келер жылы 4416 пәтер пайдалануға беріледі. Бұл осынша отбасында қоныс тойы болады деген сөз. Жыл соңына дейін 14 мектеп пен 11 балабақшаның құрылысы аяқталады. Мұнайлы өңірдегі қарқынды құрылыс Жайықты жағалай орныққан елдің сәулеті мен дәулетіне сән қосып келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Мерей Жантөреев осындай жаңалықтармен бөлісті.

Ауыр атлетика • 05 Мамыр, 2017

Зүльфия Чиншанло Токио Олимпиадасына қатыса алады

Қазақстандық ауыр атлет Зүльфия Чиншанлоның дисквалификация мерзімі 2018 жылдың мамыр айында бітеді. Яғни, ол 2020 жылы Токио Олимпиадасына қатыса алады.

Яндекс.Метрика