Кино • 19 Қазан, 2020
Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязов: Өтірікке құрылған фильмге сенбеуге шақырамыз
Британдық комик Саша Барон Коенның қатысуымен шыққан режиссёр Ларри Чарльздің «Борат» фильмі 14 жыл бұрын түсірілсе де дау-дамайы толастамай келеді. Жуырда фильмнің жалғасы шығады дегелі бері көрермендер пікірі сан қилы. Бірі желіде #сanсelBorat акциясын ұйымдастырып қарсылық танытса, енді бірі бейтарап ұстанымды алға тартады. Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязов бастаған бір топ жас Манхэттеннің орталық алаңында бейбіт наразылық ұйымдастырып, арзан әзілге сенбеуге шақырды. Олардың айтуынша, шетелдегі қазақ жастары дәл осы фильмнен соң кемсітуге көп ұшырайтын көрінеді. Осы оқиғаға орай біз Димашпен хабарласып, тілдескен едік.
Кино • 16 Қазан, 2020
2020 жылғы өзгерістен кино өндірісі мен кино көрсетілім индустриялары да тысқары қалған жоқ. Іргелес Ресейдегі бұқаралық кинотеатрлардың ашылғанына бір ай ғана уақыт болса, еліміздегі кинотеатрлар әлі де жабық. Бұл жағдай көрермендер тарапынан стриминг платформалар мен онлайн кинотеатрларға деген үлкен сұраныс туғызып отыр.
Кино • 15 Қазан, 2020
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп, шығармашылық кино мектебін ашуды жоспарлап отыр. Ұйымдастырылған шығармашылық курстар актер, режиссер, оператор және драматург мамандарын даярламақ.
Таным • 14 Қазан, 2020
Нелли Бубэ. Қазақстан петроглифтері
Нелли Бубэ – Ұлы Жібек жолы идеясын тұтастай және ауқымды түрде бейнелеген алғашқы суретші. Оның көшпенділер өмірінің мол поэзиясына қаныққан қолтумаларындағы ескен леп – көптің назарына бірден ілікті. Әрдайым эксперименттер мен ізденістерге әзір суретшінің жұмыстары тақырыптық және техникалық алуандығымен ерекшеленеді. Өзіне ғана тән авторлық стилі Қазақстанда ғана емес, өзге шет мемлекеттерде айрықша қошеметке ие.
Кино • 13 Қазан, 2020
Ресейде сақталған «алтын қорымыз» елге қашан оралады?
Қазақ киносының інжу-маржаны саналатын халықтық мұралармен қайта қауышатын күн алыс емес. Нақтырақ айтқанда, Ресейдің мемлекеттік фильмдер қорында жатқан Кеңес өкіметі жылдары түсірілген ұлттық фильмдеріміздің түпнұсқасын цифрлы форматқа көшіруге әзірлік жұмыстары басталып кетті.
Қазақстан • 09 Қазан, 2020
БҰҰДБ-ның Қазақстандағы өкілі мемлекеттік аппарат жұмысын оң бағалады
Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш мырзамен онлайн-кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 09 Қазан, 2020
Тереземді ұрмаңдаршы, тамшылар...
Мәскеудің жаңбыры тас бұршақ сияқты. Әйнекті аяусыз ұрғылап жатыр. Терезеге жақын келіп, тұмшалаған қараңғыға үңіліп тұрған ол «тереземді ұрмаңдаршы, тамшылар» деп күбірледі. Жан-жүрегін тебіренте әлдилеген сағыныштың күйі «Юность» мейманханасындағы жаңбырлы түні ән болып туған еді.
Кино • 09 Қазан, 2020
«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» екінші питчингінде авторлық және артхаус фильмдері санатында «Мерада» компаниясының «Ауыл» толықметрлі көркем фильмінің жобасы жеңіске жетті.
Кино • 08 Қазан, 2020
«Граната» – қылмыс пен жаза туралы киноповесть
Қастандық жасаған адам жазаланбай қалғанын біле тұра әрі қарай жайбарақат өмір сүру мүмкін бе? Өз өліміңе дайындалып, сот залында гранатаның сақинасын жұлып алуға бола ма? «Қазақфильм» киностудиясы түсірген шытырман оқиғаға толы «Граната» қысқаметрлі фильмінің сюжеті шынайылығымен ерекше.
Әлем • 07 Қазан, 2020
Aspan Gallery алғаш рет Лондонда
Еліміздің заманауи өнер галереясы Aspan Gallery танымал суретшілер Алмагүл Меңлібаева мен Ербосын Мелдібековтің көрмесін Ұлыбританияда ашық деп жариялады. Лондондағы музейлер ауданының қақ жүрегінде орын тепкен арт-хабта өтіп жатқан көрме – өнер галереясының алғашқы жобасы.