Театр • 17 Наурыз, 2021
Жанымыз жылылық аңсап, мейірімге шөліркесек, ауылға тартып отырғымыз келетіні несі екен?! Қаланың бірқалыпты қытымыр тіршілігінен шаршасақ та, ел жаққа ат басын бұрып, туған жердің саф ауасын құшырлана жұтып, көкіректі кере кең тыныс алып қайтуға құмартатын құштарлық та дала дәмін сезген қай-қайсымызға да таныс күй. Сондықтан болса керек, жазушы Оралхан Бөкейдің «Ауыл хикаялары» сахна төріне шығады деген ақжолтай хабарды естігеннен-ақ, елордалық Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының жаңа қойылымын тағатсыздана күткеніміз рас.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2021
«Астана Балеттегі» ғажайып гала-концерт
Көктемнің алғашқы күндерінде «Астана Балет» сахнасында ғажайып гала-концерт өтті. Қатарынан екі күн бойы еліміздің жетекші үш театры – «Астана Балет», «Астана Опера» және Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының жетекші солистері, қазақстандық белгілі балет жұлдыздары бір сахнада бас қосып, тамаша өнер туындысын көрерменіне тарту етті.
Руханият • 04 Наурыз, 2021
Теріскейдің керімсал ауасын құшырлана жұтып, тәтті қиялға берілетін кішкентай қыз бала күнінен-ақ өзінің болашақ мамандығын таңдап қойған. Жүрек түкпіріндегі тілегі журналист болу арманымен ұштасатын. Сондықтан болса керек, айналасына үлкен махаббатпен көз тігіп, тіршіліктің әр бөлшегінен өмір үнін, тірлік тынысын түйсінуге тырысатын. Оны жазудың құпияға толы қызық әлемі қол бұлғап шақыра берген. Алайда өзін келешекте журналистиканың жұлдызы есебінде көре білсе де, әйгілі халықаралық Канн фестивалінің жеңімпазы ретінде елестету Қызылжардың қаршадай қызының әсте үш ұйықтаса да түсіне енбеген ғажайып еді...
Театр • 02 Наурыз, 2021
Көктем әуендері көңіл көтереді
Көктеммен бірге көңілдерге де көркем сезім орнайды. Наурыз айында «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін мазмұнды қойылымдар мен жарқын концерттер елорда тұрғындары мен қала қонақтарына тамаша тарту болары сөзсіз.
Руханият • 01 Наурыз, 2021
Ұлы дала төрінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын ресми түрде мерекелеу басталды
Өнер • 18 Ақпан, 2021
Шукшин шығармаларының шырайы – шынайылығында
Жақында елордалық М.Горький атындағы академиялық орыс драма театрында орыс жазушысы В.Шукшин шығармалары негізінде қойылған «Светлые думы» («Жарқын ойлар») қойылымының премьерасы өтті. Көрерменін тәнті еткен көркем туындының сахналық нұсқасын жасаушы әрі қоюшы режиссері Ресейдің Челябі қаласынан арнайы шақырылған театр маманы Евгений ГЕЛЬФОНД. Шукшиннің ауыл хикаялары циклі қарапайым адамдардың ішкі жан дүниесін шынайы жеткізуімен оқырман көңілінен айрықша орын алады. Яғни мұнда сыртқы әрекеттен бұрын ішкі сезім толқыныстарының терең ашылуы маңызды. Осы міндетті терең түсінген ресейлік режиссер әйгілі жазушының бірнеше туындысынан құралған қойылымды барынша өмірдің өзімен сабақтастыруға ұмтылыпты. Спектакль жайлы режиссердің өзі былай дейді.
Өнер • 18 Ақпан, 2021
Елордалық Жастар театрының ақпан айында көрерменіне ұсынған тамаша тартуы – «Таптым... Ғашық болдым... Жоғалттым...» мюзиклі. Айтулы шығарма жазушы, драматург Талаптан Ахметжанның «Сұлу мен суретші» әңгімесінің желісінде сахнаға жол тартты. Қойылымның режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.
Өнер • 18 Ақпан, 2021
Биыл қазақ поэзиясының падишаһы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы. Өлең өлкесінің айтулы оқиғасына орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымын көрермен назарына ұсынды. Композиция авторы әрі режиссері – Аман Ғұмаров.
Руханият • 08 Ақпан, 2021
Тарихи фильм түсірудің ең үлкен артықшылығы – өзге жанрдағы кинолармен салыстырғанда мемлекет тарапынан жасалатын қолдау мен бөлінетін қаржының әлдеқайда қомақты болатындығы. Яғни ұлт тарихын түгендеуге арналған жобаны қолға алған режиссерлерді өткеннің өнегесін бүгінге жеткізу мұратынан бөлек, фильмнің бай бюджеті де бейтарап қалдырмайтыны және анық жайт.
Таным • 02 Ақпан, 2021
Бұл сүйектен жасалып, күміс жалатылған таяқ маған тапсырылған үлкен аманат еді. Бұйым актер, сахна өнерінің қара нары, қазақ ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалибек Қуанышбаевқа тиесілі. Өмірден өтерінен жарты жыл бұрын актердің жерлес қарындасы, ғасыр жасаған ғибратты ғұмыр иесі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова болашақта ашылса деп армандайтын қазақ театр өнерін құрушы жеті ақсақалға арналған мұражайға тапсыруымды өтініп еді.