Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
361 материал табылды

Өнер • 23 Қыркүйек, 2020

Арысын сүйген ән-жүрек

Ән – құдірет, ән – кие, ән – сезім, ән – тағдыр... Жұдырықтай жүректің түкпіріне бойлап, алпыс екі тамырыңды идіріп, сан түрлі сезім толқынысына түсіретін әуезді әуеннің құдіретін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, сірә да!?. Оны тек жүрекпен сезіну керек. Белгілі сазгер Ержан Серікбаевтың әндерін тыңдағанда дәл осындай сезім толқынысына түсесіз.

Өнер • 21 Қыркүйек, 2020

Шын әнші фонограммасыз шырқайды

«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» дейді ұлы Абай. Әлбетте, талас бар жерде талғам да қатар жүруге тиіс. Бұл, әсіресе бүгінгі ән өнері мен оның орындаушыларына қатысты. «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» десек, шын жүйрікті шабанынан айырып, қадіріне жетер күн енді туғандай.

Өнер • 15 Қыркүйек, 2020

Қайталанбас Хлестаков

Эпизодтық рөлімен-ақ ел есінде қалатын ерекше актерлер болады. Бірақ олар сирек. Өйткені сахнадағы басты рөлдегі серіктесінен басып озып, негізгі кейіпкермен өнер бәсекесіне түсу – тек мықтылардың үлесі. Қазақ театры тарихындағы осындай айрықша өнерімен қалған дүлдүл дарындар көшін аңыз актер Камал Қармысов бастайды.

Тарих • 14 Қыркүйек, 2020

Сәнің қайда, Сарайшық?

...Жайық бойы – Жарлауыт, Жар басына жолай шық. Ақ толқынға арбалып, Мызғып жатыр Сарайшық!

Өнер • 07 Қыркүйек, 2020

Өзгелерді аласартпай, өзімізді биіктетейік

Қазақта таңырқай қарау деген бір сезім бар. Оның қасиет – әлде қасірет екенін тап басып бажайлай алмадық. Әрине, егер қандай нәрсенің де «жақсысынан үйреніп, жаманынан жирене» алса, бәлкім, бұл қасиет те болар ма еді. Бірақ біздің таңырқау – көзсіз таңырқау. Көзсіз болғанда да, өзіңде бардың қадіріне жетпей жатып, өзгенің жақсысы мен жаманына қатар талғамсыз таңырқау...

Руханият • 26 Маусым, 2020

Ең алғашқы Еңлік

Театр тарихын зерделеуге деген талпыныс һәм махаббат сонау студенттік жылдардан-ақ үнемі шаң басқан архивтерге қарай тартатын да тұратын. Әсіресе сахна әлеміндегі тұңғыштар тағдыры бір сәт те бейжай қалдырып көрген емес. Сондай ізденіс жетегінде жүріп, тарих қатпарының беймәлім беттерін парақтап көргенімізде, сахна өнері саласында біз үшін бейтаныс жаңа есіммен қауыштық. Ол – 1926 жылдың 13 қаңтарындағы өнер өлкесінде болған ұлы жаңалық – Қызылордада ашылған тұңғыш кәсіби қазақ театрының алғашқы актрисаларының бірі – Дәлилә Қарақбайқызы Оңғарбаева. Театр шымылдығын түрген М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасындағы Еңлік рөлінің алғашқы орындаушысы.

Руханият • 25 Маусым, 2020

"Астана Операның" тартуы – "Абай"

Елорда күніне "Астана Опера" театрының тамаша тартуы дайын. Өнерлі ұжым 6 шілдеде театрдың ресми сайтынан және TengriTV-ден ұлттық классика жауһары – М.Әуезовтің либреттосына жазылған А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абай" операсын онлайн көрсетуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнер • 19 Маусым, 2020

Мағжанның музасы

Ғасыр жасаған актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова Мағжанның поэзиясын ерекше сүйді. 100 жасқа таяған шағында да 40-тан аса өлеңін мүдірместен жатқа оқып отыратын. Сондай бір шабыт үстінде актриса ақын өмірі жайлы мөлтек сырды баяндап беріп еді. Ол сыр Мағжанға муза болған ару Гүлсім ханым хақында болатын.

Сұхбат • 19 Маусым, 2020

Бибігүл Төлегенова: Айтылмаған бір әнім бар...

Қазақтың бұлбұлы! Бұл абыройлы атақты әншіге халықтың өзі берген. Сонау бір жылдары іңкәр өнерге аяқ басқан ол жарқ еткен сұлу келбетімен, өзіне ғана тән сиқырға толы сыңғырлаған дауысымен тыңдармен жүрегін бірден жаулап алды. Ол шырқаған әндерге Кеңес Одағы кезінің өзінде тамсанбаған тыңдаушы болмады. Әнші дауысымен шартарапты шарлаған қазақтың халық әндері тыңдаушының ұлтына қарамай көңілін асқақтатты. Сұлу дауыс иесінің сызылта салған әні, сыңғыр үні міне, осылайша 70 жылдан аса жүректерді тербеп, көңілдерге көрік беріп келеді. Әншінің әсем әнін тыңдап ержеткен талай буын ұрпақ бүгінде оның үнін құбылысқа балап, аңыз қылып айтады. Мұқым қазақтың мақтанышы, ұлттық опера өнерінің аңыз тұлғасы, КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреа­ты Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВАМЕН өрбіген сырласу сұхбатымыз әнші әлемінің әдемі естеліктері мен еліміздің мәдени өмірі жайын баян етеді.

Руханият • 10 Маусым, 2020

Үзілген ән...

...Оның сұлулық тұнған сыршыл жанына өзге түгіл өзіне беймәлім бір тылсым әуен ұя салып, үнемі маза бермейтін. Ол қазақтың өзіндей кеңдікпен астасқан әлдебір еркін тынысты, әншінің барлық дауыс мүмкіндігін ашатын ғаламат шығарма арқылы туған халқының бар арман-мұрат, мұң-сырын жеткізуді армандайтын. Сол арқылы шексіз-шетсіз қазақ даласын ән әлдиімен тербеткісі келетін...