Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
413 материал табылды

Руханият • 27 Наурыз, 2020

«Астана Операда» халықаралық театр күні онлайн тойланады

Жаппай карантин әлемнің түгел дерлік сахналық алаңдарының жоспарын өзгертті. Алайда, бұл адамдардың өнерге деген қызығушылығы тоқтады дегенді білдірмейді. Статистика көрсеткендей, интернет арқылы опера және балет классикасын тамашалау саны ондаған есеге артқан.

Өнер • 27 Наурыз, 2020

Біз де әртіс болғанбыз...

Театр – қызық әлем. Өнер қандай көркем болса, сахна сыртындағы сыр одан да әсерлі, шытырман. Театр өлкесінің ескірмейтін естелікке толы шымылдық сыртындағы сондай сан қырлы сырларының бір парасын кезінде Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының белді әртісі болған, бүгінде елордалық Жастар театрының көркемдік жетекшісі, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбайдың өз аузынан халықаралық театр күні қарсаңында арнайы барып жазып алған едік. Қалың көрермен үшін жұмбаққа толы әлемнің біраз құпиясы тарқатылған естелік-сырласу сұхбаты газетіміздің оқырмандарын да бейжай қалдырмайды деп сенеміз.

Өнер • 26 Наурыз, 2020

Әйгілі «Ла Скала» театрының қойылымдарын енді онлайн тамашалауға болады  

Италияның аты аңызға айналған «Ла Скала» театры мен RaiPlay online-платформасының кәсіби серіктестігінің нәтижесі театрсүйер талғампаз қауым үшін үлкен өнер олжасына айналмақ.

Тарих • 22 Наурыз, 2020

Қыдыр ата: аңыз ба, әлде ақиқат па?

Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша «21 наурыз түні даланы Қызыр аралайды екен» деген сенім қалыптасқан. Жаңа жылға, жаңа күнге, жаңа таңға сәлем жасау, жаңа нұрға шомылып, жан мен тәнге қуат алу уақыты – осы наурыз айының 21-нен 22-не қараған түнді халық «Қызыр түні», яғни «ырыс түні» деп атаған. Бұл түні адамдар ұйықтамай, жаратқанға құлшылық жасап, ырыс пен береке, ынтымақ пен бірлік тілейді.

Руханият • 21 Наурыз, 2020

Ұлттық фильмдерді онлайн бірге тамашалайық!

Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамын үйде отырып тойлаудың да өзіндік пайдасы бар. Қазан толы көжені ыстық пештің үстінде бүлк-бүлк қайнатып қойып, ұлттық фильмдерді көруден асқан қандай рухани мереке болуы мүмкін!? Ендеше, мұндай тамаша демалыс күндерін бос жібермей, қазақ кинематографиясының алтын қорында сақталған ұлттық өнер жауһарларын бірге тамашалайық, құрметті киносүйер қауым!

Руханият • 20 Наурыз, 2020

«Наурыз-думан» әні қалай туды?

 «Наурыз айы туғанда, Той болушы еді бұл маңда. Сақталушы еді сыбаға, Сапарға кеткен ұлдарға, Наурыз айы туғанда». Осы бір рухты да салтанатты әннің Наурыз мейрамының бойтұмарына айналып үлгергені қашан. Әнмен бірге қазақтың жүрегі қатар соғып тұрғандай. Әннің бағы – Мұқағали Мақатаевтай ақиық ақынның кестелі сөзіне Талғат Сарыбаевтай кәсіби композитордың сырлы сазы үндесіп, оны Роза Рымбаевадай талантты әншінің орындауы. Міне, осы шығармашылық үштік одақ «Наурыз –думанға» ғаламат тағдыр сыйлады.

Кино • 20 Наурыз, 2020

Дүниені дүбірлеткен «Домбыра»

Наурыз айы ұлттық кинематографиямыз үшін табысты басталды.  Отандық жас режиссер Рамазан Қалиолланың қысқаметрлі «Домбыра» фильмі осы айда қос бірдей халықаралық фестивальға  жолдама алды.

Таным • 06 Наурыз, 2020

Төлегенін сағынған Қыз Жібек

«Өлгені Төлегеннің рас болса, Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?..». Фильмдегі сай-сүйегіңді сырқыратар Жібектің осы бір жоқтауын жүректі пенде жайбарақат тыңдай алмаса керек. Ал өнерде ғана емес, өмірде де қос аққудай жарасып қатар жүзген қос ғашықтың сыңары қапияда мәңгілікке бағыт бұрса, егізі егілмей қайтсін?! Әлі есте, осыдан жыл бұрын театрда тұсауы кесілген «Қыз Жібек» спектакліне жалғыз келген Жібек – Меруерт Өтекешованың дәл осы жоқтау айтылатын сахнада жанарын шылаған жас­ты тыя алмай, толқығанын көргенде біз де еріксіз мұңайғанбыз. Мәңгілік адал махаббат жырда ғана емес, өмірде де болатындығына шын иланғанбыз. Сондай саф сезімнің пешенеге бұйыруын іштей тілек еткенбіз. Бұл жолы да қазақтың Қыз Жібегі атанған Меруерт Өтекешовамен жүздесіп, тілдесіп отырып актрисаның мөлдір жанарына тұна қалған тұңғиықтан адал жарға деген шексіз сағыныштың ізін көрдік. Қыз Жібек Төлегенін сағыныпты...

Абай • 28 Ақпан, 2020

Абай әлемі адастырмайды

Назарбаев Университетте Халықаралық түркі академиясы және аталған жоғары оқу орнының «Рухани жаңғыру» мәдени орталығының қолдауымен қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай оқулары» байқауы өтті.

Сұхбат • 21 Ақпан, 2020

Ержан Нұрымбет: Әртіс әлемі жұмбақ болуы керек

Кей актерлер болады, сахнаға жалқы сәт шығып, жарқырап жүректе жатталатын. Шағын эпизодтық рөлінің өзі басты кейіпкерлермен бәсекеге түсіп, бәсі биікте салтанат құратын. Олар ойнамайды, кейіпкерімен өмір сүреді. Тұлғасы тұтасымен өнердің өзіне айналып кетеді. Сахна мен экран бірдей сүйетін ондай талант санаулы. Замандас сахнагерлер арасындағы сол аздың алды – Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының актері Ержан НҰРЫМБЕТ десек, артық айтқандығымыз емес.