Кино • 28 Қыркүйек, 2020
Қазақ киносы, оның табиғаты мен көркемдік деңгейі дегенде, рас, көңілге түрлі-түрлі ойдың оралатыны бар. Әсіресе, соңғы уақытта экраннан ұлттық фильмдерді көріп отырып ұлттың иісін сезбей тым-тым жиі пұшайман күйге түсуіміз көбейген сайын күрмеуі шешілмей келе жатқан осы бір мәселенің түйінін тарқатып көргіміз келді.
Театр • 24 Қыркүйек, 2020
Наталья Кагадий: Басты құндылық – махаббат
Жақында «Астана Опера» театрында бельканто дәуірінің жауһары – Гаэтано Доницеттидің «Дон Паскуале» операсының премьерасы өтеді. Қазан айының 2-3-і күндеріне жоспарланған классикалық музыка кешіне театр труппасы қызу дайындық үстінде. Жарты жыл үзілістен кейін театрсүйер қауымды елең еткізген өнер әлеміндегі осынау елеулі һәм айтулы оқиғаға орай операның қоюшы режиссері Наталья Кагадийді аз-кем әңгімеге тартқан едік.
Өнер • 23 Қыркүйек, 2020
Ән – құдірет, ән – кие, ән – сезім, ән – тағдыр... Жұдырықтай жүректің түкпіріне бойлап, алпыс екі тамырыңды идіріп, сан түрлі сезім толқынысына түсіретін әуезді әуеннің құдіретін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, сірә да!?. Оны тек жүрекпен сезіну керек. Белгілі сазгер Ержан Серікбаевтың әндерін тыңдағанда дәл осындай сезім толқынысына түсесіз.
Өнер • 21 Қыркүйек, 2020
Шын әнші фонограммасыз шырқайды
«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» дейді ұлы Абай. Әлбетте, талас бар жерде талғам да қатар жүруге тиіс. Бұл, әсіресе бүгінгі ән өнері мен оның орындаушыларына қатысты. «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» десек, шын жүйрікті шабанынан айырып, қадіріне жетер күн енді туғандай.
Өнер • 15 Қыркүйек, 2020
Эпизодтық рөлімен-ақ ел есінде қалатын ерекше актерлер болады. Бірақ олар сирек. Өйткені сахнадағы басты рөлдегі серіктесінен басып озып, негізгі кейіпкермен өнер бәсекесіне түсу – тек мықтылардың үлесі. Қазақ театры тарихындағы осындай айрықша өнерімен қалған дүлдүл дарындар көшін аңыз актер Камал Қармысов бастайды.
Тарих • 14 Қыркүйек, 2020
...Жайық бойы – Жарлауыт, Жар басына жолай шық. Ақ толқынға арбалып, Мызғып жатыр Сарайшық!
Өнер • 07 Қыркүйек, 2020
Өзгелерді аласартпай, өзімізді биіктетейік
Қазақта таңырқай қарау деген бір сезім бар. Оның қасиет – әлде қасірет екенін тап басып бажайлай алмадық. Әрине, егер қандай нәрсенің де «жақсысынан үйреніп, жаманынан жирене» алса, бәлкім, бұл қасиет те болар ма еді. Бірақ біздің таңырқау – көзсіз таңырқау. Көзсіз болғанда да, өзіңде бардың қадіріне жетпей жатып, өзгенің жақсысы мен жаманына қатар талғамсыз таңырқау...
Руханият • 26 Маусым, 2020
Театр тарихын зерделеуге деген талпыныс һәм махаббат сонау студенттік жылдардан-ақ үнемі шаң басқан архивтерге қарай тартатын да тұратын. Әсіресе сахна әлеміндегі тұңғыштар тағдыры бір сәт те бейжай қалдырып көрген емес. Сондай ізденіс жетегінде жүріп, тарих қатпарының беймәлім беттерін парақтап көргенімізде, сахна өнері саласында біз үшін бейтаныс жаңа есіммен қауыштық. Ол – 1926 жылдың 13 қаңтарындағы өнер өлкесінде болған ұлы жаңалық – Қызылордада ашылған тұңғыш кәсіби қазақ театрының алғашқы актрисаларының бірі – Дәлилә Қарақбайқызы Оңғарбаева. Театр шымылдығын түрген М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасындағы Еңлік рөлінің алғашқы орындаушысы.
Руханият • 25 Маусым, 2020
"Астана Операның" тартуы – "Абай"
Елорда күніне "Астана Опера" театрының тамаша тартуы дайын. Өнерлі ұжым 6 шілдеде театрдың ресми сайтынан және TengriTV-ден ұлттық классика жауһары – М.Әуезовтің либреттосына жазылған А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абай" операсын онлайн көрсетуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 19 Маусым, 2020
Ғасыр жасаған актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова Мағжанның поэзиясын ерекше сүйді. 100 жасқа таяған шағында да 40-тан аса өлеңін мүдірместен жатқа оқып отыратын. Сондай бір шабыт үстінде актриса ақын өмірі жайлы мөлтек сырды баяндап беріп еді. Ол сыр Мағжанға муза болған ару Гүлсім ханым хақында болатын.