Кино • 09 Қазан, 2020
Режиссер Абдолла Қарсақбаевты «қазақ балалар киносының классигі» десек, ешкім қарсы дау айта қоймас. Өйткені ол түсірген «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қилы кезең», «Біздің Ғани», «Алпамыс мектепке барады», «Жүйрік болсаң, озып көр», «Даладағы қуғын» сынды фильмдердің қай-қайсысы да көрермен жүрегінен мәңгілік орын алған жауһарлар.
Театр • 08 Қазан, 2020
Елордадағы ең көне театр – М.Горкий атындағы академиялық орыс драма театры 120-шы мерейтойлық маусымын ашты. Театр шымылдығы А.Островскийдің әйгілі «Найзағай» әлеуметтік-психологиялық драмасымен түрілді.
Сұхбат • 07 Қазан, 2020
Дәурен Серғазин: Кинодағы рөлімді тапқым келеді...
Көпшілік көрермен Дәурен Серғазинді театрдағы рөлдерінен бөлек, «Алдар көсе» фильміндегі Алдар көсе бейнесі арқылы жақсы таниды. Одан басқа кассалық «Брат или брак» комедиясындағы Айдар образы да актерді жаңа қырынан танытты. Бірақ, соның ішінде әсіресе әртіс сомдаған Шәмші бейнесінің актер шығармашылығынан алар орны айрықша. Бір басына бірнеше өнерді түйістіріп, соның барлығын сахна мен экранда терең ыждаһатпен сәтті алып келе жатқан актер, режиссер, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Серғазинмен өрбіген әңгімеміз театр мен кино әлемінің қыр-сырына үңілуге арналды.
Өнер • 06 Қазан, 2020
Әртістер даусын кенеп, сахнаға шығар сәтін тағатсыздана күтуде. Костюм тігіншілері мен грим жасаушылар соңғы әзірліктерін аяқтауда. Ал қоюшы режиссер болса, финалдағы көріністерді тексеріп, түзетіп, шымылдық ашуға бұйрық берер жауапты сәтке дайындалуда. Әрқайсысы өзіне тиесілі жұмысты тындырып жүргенімен, барлығына ортақ күй, толқыныс біреу, ол – сағыныш! Жай сағыныш емес, қасиетті өнер, киелі сахнаға деген сағыныш.
Өнер • 06 Қазан, 2020
Музыка мен Мұқан Төлебаев есімінің егіз ұғымға айналғаны қашан. Ол қазақ музыкасын жаңа әуендермен, тың тақырыптармен байытты, жанрлар аясын кеңейтті, жаңа құралдармен жабдықтады, қазіргі ұлттық операның негізін қалады. Қазақ музыка кеңістігіндегі өзге еңбегін айтпағанда, жалғыз-ақ «Біржан – Сара» операсы ұлт руханиятындағы құбылысқа айналды.
Өнер • 02 Қазан, 2020
1 қазан – халықаралық музыка күні. Айтулы оқиғаға орай кеше «Астана Операның» үлкен залы сахнасында алғаш рет Дж.Пуччинидің аты аңызға айналған Messa di Gloria туындысы орындалды. Театрдың опера солистері, хор және симфониялық оркестр әртістері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітовтің жетекшілігімен өнер көрсетті.
Өнер • 01 Қазан, 2020
Карантиннен кейін қайта түлеген «Астана Опера» театры балет маусымын зор жетістікпен бастады. Балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова әр күндері елордалық көрермендер назарына труппа этуальдерінің қатысуымен бірегей Гала-балет бағдарламасы және Н.А.Римский-Корсаковтың музыкасына жазылған М.Фокиннің «Шехеразада» бір бөлімді балетін ұсынды.
Руханият • 30 Қыркүйек, 2020
Адамзаттың саналы тіршілігіндегі ең үлкен жетістігі – кітап шығару өнерін игеруі десек, титтей де артық айтқандық емес. Өйткені өркениетті қоғам білімді, зерделі ұрпақ танымына тікелей тәуелді. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің халыққа Жолдауында айрықша мән беріп, ХХІ ғасырдағы қазақтың болмысы деген мәселені көтерген болатын. Сонда санамалап көрсетілген негізгі 7 мәселенің бірінші және басты тармағы ретінде қазақ жастары білімді болуы керек деген тұжырым алға шықты.
Өнер • 29 Қыркүйек, 2020
«Астана Операның» сегізінші маусымы өзгеше форматта – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 50 адам келу мүмкіндігімен басталды. Осыған және еліміздегі өзге де жағдайларға байланысты басшылық аудитория ауқымын кеңейту әрі жақсарту мақсатымен театрдың имидждік саясатын жаңғыртуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдады.
Руханият • 28 Қыркүйек, 2020
Бұл сәулелі сәт қазақ баспасөзінің баһадүрі Шерхан Мұртазаның 80 жылдық мерейтойы қарсаңында болып еді. Жас журналистің санасына зор сілкініс жасаған сол бір жүздесу, аңыз адамның жарқын бейнесі күні кешегідей көз алдымызда. Ал айтқан тағылымды ойлары жүректен өшпестей болып көңіл түкпірінде мәңгілікке жатталып қалды.