и
Коронавирус • 17 Желтоқсан, 2021
Қазақстанда бір күнде 546 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте 546 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2021
Елімізде ұшу қауіпсіздігі 84 пайызға артты
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Тәуелсіздіктің 30 жылында авиация саласындағы негізгі жетістіктермен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 16 Желтоқсан, 2021
Нұр-Сұлтан қаласында бильярдтан ардагерлер арасында халықаралық турнир өтіп жатыр
Бүгін елордада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бильярдтан ардагерлер арасында халықаралық «Тәуелсіздік Кубогі» атты турнирі бастау алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 16 Желтоқсан, 2021
Қазақстандықтар депозиттеріне 30 миллиард теңге аударғуға өтінім берген
Қазақстандықтар зейнетақы төлемдерінің есебінен депозиттерін белсенді түрде толықтырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 16 Желтоқсан, 2021
Парижде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтті
Парижде қазақстандық музыкалық мәдениеттің озық үлгілерін паш еткен «FORTE-TRIO» ұжымына француз жұртшылығы зор қошемет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 16 Желтоқсан, 2021
Футзалдан Еуропа чемпионаты кейінге шегерілуі мүмкін
Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты коронавирустың өршуіне байланысты кейінге шегерілуі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2021
ШҚО-да карантин шектеулері ұзартылды
Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеулері 30 желтоқсанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тәуелсіздік • 16 Желтоқсан, 2021
Аида Балаева ел тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2021
БҚО Ақсуат ауылында ұялы байланыс жүйесі іске қосылды
Тәуелсіздік күні мерекесі аясында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы Ақсуат ауылында ұялы байланыс жүйесі іске қосылып, ауыл тұрғындары үлкен қуанышқа бөленді, деп жазады Egemen.kz.
Коронавирус • 16 Желтоқсан, 2021
Тағы бір облыс «жасыл» аймаққа өтті
Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Қостанай облысы «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 16 Желтоқсан, 2021
Елдегі эпидемиологиялық ахуал белгілі болды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәуліктегі коронавирус індетіне қатысты мәліметтерді жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 16 Желтоқсан, 2021
Геральдика – халықты біріктіруші фактор
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаздық желі ескен мына сөздерін тағы бір еске түсірейікші: «Әрқашан мемлекет туы жауға аттанған ерлердің қолында асқақ желбіреп бара жатады. Жеңімпаздар сол туды тізе бүккен дұшпан жеріне қадайды. Біз бір кездері құрамында болған Кеңес Одағының туы Рейхстагқа тігілгенін білеміз. Біздің ата-бабаларымыз да бір тудың астында жеңіске жетіп, Ұлы даланы сақтап қалды. Біз – солардың бүгінгі мирасқор жалғастырушыларымыз. Бір тудың астында Ұлы дала төсінде жеңіспен қарыштап қадам басып келеміз. Осы уақыт ішінде Қазақстанды бір ту астындағы біртұтас халық ете алдық. Біздің ту жолақ емес, бір түсті. Мұны бірліктің символы ретінде мен ұсындым. Ұлы дала көгінде алтын күн жарқырайды, бұл – ата-бабаларымыздың ақыл-ойының жемісі. Қыранның біздің даланы шарлап жүргені – халқымыздың биік рухы мен ұлы болашаққа бағыт алғанының белгісі».
Туризм • 16 Желтоқсан, 2021
«Керуен сарай» – тарихтың кілті
Адам бәрібір бабалар тарихын аңсап тұрады. Сол заманға бір оралғысы келеді. Тым құрыса бірер мезетке. Ежелгі баһадүрлермен қауышу, олар жасаған нығметтерді көзбен көру, олардың рухы мен құдіретін сезіну – бойыңа айрықша күш сыйлайтынын айтқызбай түсінесің. Міне, осындай ғажайыпты киелі Түркістанда, соның ішінде «Керуен сарайға» барып көруге болады.
Руханият • 16 Желтоқсан, 2021
Тәуелсіздік тудырған туындылар
Арайлап атқан азаттық таңы – ол Алаш баласы аңсап жеткен ең асыл аманат. Тәуелсіздікке жету бар да, оны тұрақты ету бар. Сол жолда қазақ баласы қаншама қиын өткелді өршілдікпен өтті, қаншама қиын сынақты қайыспас иықпен көтере білді. Жалпы, Ұлы даланы мыңдаған жыл бойы мекен еткен көшпелі қазақ ұлысы үшін тәуелсіздіктен қымбат құндылық болған емес. Тәуелсіздік дегеніміз ол – тарлан тарих. Егемендік дегеніміз ол – ертеңгі бостан болашақ.
Тәуелсіздік • 16 Желтоқсан, 2021
Ұлттық музейде «Шекарасыз музей» идеясының шеңбері мен Италия Республикасы және Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығы аясындағы «Италия Республикасының Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтауы» ресми салтанатты шарасы өтті.
Елбасы • 16 Желтоқсан, 2021
Президенттік басқару институтының қалыптасуы
Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы маңызды заңға қол қойды. Алты күннен кейін, 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес мемлекеттік Тәуелсіздікті жариялады. Сондықтан 1991 жылдың желтоқсаны Қазақстан үшін шын мәнінде ел дамуының бағдарын айқындаған тағдыршешті кезеңге айналды. Содан бері елімізді халықаралық аренада мойындалған, экономикасы өркендеп, іргесі бекіген мемлекетке айналдыру бағытында көптеген жұмыс атқарылды. Соның бірі – президенттік институттың дамуы.
Тәуелсіздік • 15 Желтоқсан, 2021
Желтоқсан – ұлтымыздың ар-намысы
1986 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің көркемсурет-графика факультетінің екінші курсында оқып жүрдім. Желтоқсан айының 17-сі күні, түске жақын сабақтан шыққан соң К.Маркс (қазіргі Д.А.Қонаев) және Совет (қазіргі Қазыбек би) көшесінің қиылысында орналасқан №2 жатақхана маңында жиналып тұрғанбыз. Сонда жігіттер 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумы болып, онда Д.А.Қонаевтың орынына Г.В.Колбиннің ҚКОК бірінші хатшысы болып сайланғаны туралы және қазақ жастарының наразылық шеруіне шыққандары туралы айтты. Осы кезде Совет көшесіндегі институттың бас ғимараты жағынан «бізге қосылыңдар!» - деген дауыстар естілді. Олар шеруші жастар екен, біз соларға қосылдық. Шеруші жастардың қолдарында «Лениндік ұлт саясаты жасасын!», «Әр республикаға өз елінің басшысы!» - деген т.б. көптеген ұрандар бар екен. Шеруші жастар жайбарақат, көңілді, ешқандай бұзақылық іс-әрекетсіз, алаңға жеткенше «Менің Қазақстаным» әнін шырқап, көтеріңкі көңіл күйде алаңға беттедік. Жол бойы біраз адам қосылып, шеруші жастардың саны әжептәуір көбейе түсті.
Елбасы • 15 Желтоқсан, 2021
Елбасының тағы бір ерлігі туралы
1991 жылы Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеп жүріп Таулы Қарабақтағы «ыстық нүктеге» тап болған, ол аздай армян жасағының тұтқынына түсіп, ауыр азап шеккен Бауыржан Досқалиевтің тағдыры біздің газет оқырмандарына таныс шығар. Осыдан бір жыл бұрын жарық көрген «Қап тауындағы тұтқын» (https://egemen.kz/article/256777-qap-tauyndaghy-tutqyn) атты мақаламыз әзербайжан елінің ақпарат құралдарына да жарияланып, екі елге қатар танылған еді. Сол батыр Бауыржан жақында тағы хабарласты. «Біз, «Таулы Қарабақ ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің 100-ге тарта мүшесі, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қарабақ соғысының ардагері» деген атақ беруді және тиісінше мемлекеттік марапатқа ұсынуды сұраймыз!» дейді бірлестік төрағасы.
Кәсіпқой бокс • 15 Желтоқсан, 2021
Дмитрий Митрофанов: Қазақстан – бокс астаналарының бірі
Бірінші орта салмақ дәрежесіндегі WBO Oriental чемпионы, украиналық кәсіпқой боксшы Дмитрий Митрофанов 18 желтоқсан күні қазақстандық боксшы Берікбай Нұрымбетовпен қолғап түйістіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 15 Желтоқсан, 2021
«Омикрон» штамы Литваға да жетті
Коронавирустық инфекцияның «омикрон» штамы Литваның екі тұрғынынан анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Sputnik Литва-ға сілтеме жасап.
Коронавирус • 15 Желтоқсан, 2021
Google вакцинадан бас тартқан қызметкерлерін жұмыстан шығармақ
Америкалық Google компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинациядан бас тартқан қызметкерлерді жұмыстан шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2021
Батысқазақстандықтардың басым бөлігі вакцина салдырған
Денсаулықты бәрінен жоғары қойған Батыс Қазақстан облысының 252 310 тұрғыны вакцинаның бірінші компонентін алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жекпе-жек • 15 Желтоқсан, 2021
Сулейманов Резниковты шайқасқа шақырды
Жұдырықтасу лигасының чемпионы Абубакар Сулейманов қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Артем Резниковпен жекпе-жекке шығуға ниет білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Желтоқсан, 2021
Мемлекет басшысының ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі
Құрметті отандастар! Ардақты ағайын! Баршаңызды қастерлі Тәуелсіздігіміздің мерейлі белесімен шын жүректен құттықтаймын! Біз осыдан отыз жыл бұрын бабалар арманын ақиқатқа айналдырдық. Жаңа Қазақ мемлекеті құрылғанын дүние жүзіне паш етіп, Тәуелсіздігімізді жарияладық. Бірнеше ғасырдан бері үзіліп қалған дербес мемлекеттілік дәстүрімізді қайта жалғадық.
Коронавирус • 15 Желтоқсан, 2021
Жапонияда омикрон штамын жұқтырғандардың саны отыз екіге жетті
Жапонияда 15 науқастың омиркон штамын жұқтырғаны анықталды. Жалпы дертке шалдыққандардың саны 32-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • 15 Желтоқсан, 2021
Қазақстандық боксшы «Матадормен» жекпе-жекке дайын
Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мадиев кезекті жекпе-жегіне дайындығын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Желтоқсан, 2021
Қасым-Жомарт Кемелұлы елді тиімді басқарып келеді - Елбасы
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарабаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында қазақстандықтарды Президенттің бастамаларын қолдауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 15 Желтоқсан, 2021
Елордалық ТЖД автопаркі жаңа өрт сөндіретін техникамен толықты
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордалық ТЖД автопаркі жаңа заманауи өрт сөндіру техникамен толықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Тағайындау • 15 Желтоқсан, 2021
Елорданың Дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды
2021 жылдың 13-ші желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы ММ басшысы лауазымына Жылқыбаев Самат Сабитұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Желтоқсан, 2021
Президент Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығындағы межелерді атады
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығы қандай міндеттер жүктейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.