Коронавирус • 15 Желтоқсан, 2021

«Омикрон» штамы Литваға да жетті

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустық инфекцияның «омикрон» штамы Литваның екі тұрғынынан анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Sputnik Литва-ға сілтеме жасап.

«Омикрон» штамы Литваға да жетті

«Литвада «омикрон» штамын жұқтырған екі науқас тіркелді», делінген республиканың денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратхан хабарламада. Жаңа штамның Литваға жетуі ел билігін алаңдатып отыр.

«Халық санитарлық талаптарды барынша сақтауы тиіс. Олай болмаған жағдайда инфекцияның таралу қаупі жоғары» делінген министрліктің жазбасында.