П
Қаржы • 12 Желтоқсан, 2023
Биыл республикалық бюджетке 12,6 трлн теңге табыс түсті
Бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 11 айдағы бюджеттің кіріс-шығыс есебімен бөлісті. Министр жыл бойы қаржыны игере алмаған министрліктер мен табыс аз түскен салаларды жіктеп көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Желтоқсан, 2023
Президент «Парыз» және «Алтын сапа» сыйлығының жүлдегерлерін марапаттады
Бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Парыз» сыйлығының гран-приі мен «Алтын сапа» сыйлығының жүлдегерлерін марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 12 Желтоқсан, 2023
Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды
Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 12 Желтоқсан, 2023
IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы: Қазақстан құрамасында 17 жолдама бар
Қаңтардың 19-ы – ақпанның 1-і күндері аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына Қазақстан спортшылары қатысады. Байрақты бәсеке алдында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спортшылардың дайындығы бойынша кеңейтілген отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023
Республикалық маңызы бар 55 жол учаскесінде қозғалыс уақытша тоқтатылды
Бүгін 10:00 сағаттағы ахуалға сәйкес ауа райының нашарлауына (ауа температурасының төмендеуі, боран, көрінудің шектеуі) байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 55 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2023
Қарағанды металлургиялық комбинатының жаңа иесіне қатаң талап қойылады
Мемлекет басшысы Қарағанды металлургиялық комбинатын отандық компанияның меншігіне беру мәселесі сәтті шешілгенін, жұмыстың бастапқы кезеңінде компанияға көмектесу – Үкіметтің ендігі міндеті екенін, содан кейін кәсіпорынның жаңа иесіне қатаң талап қойылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2023
Босаңсуға, жетістіктерге тоқмейілсуге болмайды - Президент
Елімізде IT секторы қарқынды дамып жатыр. Озық мемлекеттер экономикасындағы бұл саланың үлесі жыл сайын ұлғайып келеді. Былтыр отандық IT индустрия экспорты бес есе өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Желтоқсан, 2023
Президент цифрлық платформа құрудың тым созылып кеткенін ескертті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының биылғы жылғы иегерлерін марапаттау рәсімінде отандық бизнестің дамуына кесірін тигізбес үшін негізсіз тексеру мен заңсыз қудалаудан қорғау жөнінде тапсырма бергенін еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Бизнес • 12 Желтоқсан, 2023
Елімізде бизнес иелерін жоспарлы тексеру екі есе қысқарады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде бизнес өкілдері мен мемлекет арасындағы қатынастың жүйелі жолға қойылғанын жеткізді. Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуда кездесетін кедергілерді автоматтандыру тәсіліне тоқталды, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Экономика • 12 Желтоқсан, 2023
Инвесторлар келесі жылдан бастап үш жылға салықтан босатылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде инвесторлар келесі жылдан бастап үш жылға салықтан босатылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Желтоқсан, 2023
«Рекордтық көрсеткіш». Өңдеу өнеркәсібінің экспорты 26 миллиард доллардан асты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023
12 облыста бірнеше жол учаскесі жабылды
11 желтоқсан сағат 18:30-дағы ахуалға сәйкес ауа температурасының төмендеуі, боран, жолдың көрінбей қалуына байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 61 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023
Astana Club халықаралық пікірталас алаңының VII отырысы өтті
Қазақстан астанасында бұрынғы үкімет және мемлекет басшылары, әлемдік талдау орталықтарының жетекшілері сияқты беделді сарапшылардың басын қосқан халықаралық пікірталас алаңы - Астана клубының жетінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Желтоқсан, 2023
Белгілі спортшылар туралы кітап жарық көрді
Елдос Сметов, Бекзат Саттарханов, Ольга Рыпакова секілді 17 спортшының балалық шағы мен спорттағы жолын баяндайтын «Чемпиондыққа жетелеген жол» атты кітаптың таныстыру іс-шарасы өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2023
Президент Серік Жұманғаринге бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысына вице-премьер өзі жетекшілік ететін сауда, интеграция, ауыл шаруашылығы салаларындағы қазіргі атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысына дайындық барысы, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы ақпараттық қауіпсіздік туралы заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік туралы заңға қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 11 Желтоқсан, 2023
Шавкат Рахмонов – UFC Countdown аңдатпасына түскен тұңғыш қазақ спортшысы
Аралас жекпе-жекте жеңіліске ұшырамаған қазақ спортшысы Шавкат Рахмонов әлемдегі ең таңдаулы промоутерлік ұйым UFC-дегі кезекті айқасын Тәуелсіздік күні өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2023
Президентке Көкшетау қаласының бас жоспары таныстырылды
Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндалды, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Спорт • 11 Желтоқсан, 2023
Алматыда дипломаттар доп тепті
9 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Өкілдігінің бастамасымен Алматы қаласында Тәуелсіздік күніне орай шағын футболдан дипломатиялық турнир ұйымдастырылды. Жарыс «Қайрат» футзал клубының аренасында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023
Ұлттық жоба жұмыссыздықты азайта ма?
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында, жұмыс орындарын арттыру бағытында елімізде ұлттық жоба жүзеге асырылып келеді. 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобаның тиімділігі туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 11 Желтоқсан, 2023
Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқу форматына көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2023
Кеншілерді қарумен қорқытып, ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Қарағанды облысында «Қармет» кеншілерін қорқытып, моральдық және физикалық қысым көрсету арқылы ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Ұсталғандардың осы типтегі 15 фактіге қатысы бары анықталды, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 11 Желтоқсан, 2023
Хоккейден әлем чемпионаты: Жастар құрамасы алғашқы жеңіске жетті
Хоккейден І дивизиондағы Әлем Чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы алғашқы жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Qazsporttv-ге сілтеме жасап.
Теннис • 10 Желтоқсан, 2023
Дмитрий Попко Түркиядағы турнирдің финалына шықты
Қазақстан спортшысы Дмитрий Попко Анталия (Түркия) ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2023
Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек жіберді
Қазақстан Палестинаға гуманитарлық жүк жіберді, оның жалпы көлемі 38 тоннадан асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2023
«Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабы қалай жазылды?
Астанада «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабының тұсаукесерінде Санжар Керімбай мемлекет және қоғам қайраткерінің ұл руханиятына қосқан елеулі үлесі туралы айтты.
Оқиға • 10 Желтоқсан, 2023
Екібастұз жылу электр орталығында апат болды
10 желтоқсанға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да күл құбырында (күл шығару жүйесінен күл тасымалданатын құбыр) ақау анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 09 Желтоқсан, 2023
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүргізіліп жатыр
Алматы әкімшілік полициясы науқан аясында 25 мың 500-ден астам шетелдік автокөлікті заңдастырғанын almaty_police_department инстаграм арнасы мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2023
Паралимпиадалық боччадан жарыс жеңімпаздары марапатталды
Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев боччадан ел Кубогі сарапқа салынған жарыстың жабылу рәсіміне қатысып, жеңімпаздарды марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2023
Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек жіберді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Палестина халқын қолдауға гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.