П
Президент • 15 Қараша, 2023
Президент Ішкі істер министрлігіне «Бишімбаев ісін» ерекше бақылауға алуды тапсырды
Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовпен, Бас прокурор Берік Асыловпен, Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевпен, сондай-ақ басқа да салалық ведомстволардың басшыларымен кездесіп, консультациялар өткізді. Мемлекет басшысы заңның сақталуына, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға қатысты мәселелерге баса мән берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәстүр • 14 Қараша, 2023
Қазақ халқында жолға, сапарға қатысты бұрыннан бар ырым-тыйымдар жетерлік. Оқырман назарына сол жолға қатысты айтылған ырым-тыйымдардың бірнешеуін ұсынамыз.
Президент • 14 Қараша, 2023
Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Мемлекет басшысына сот жүйесінің қазіргі қызметі жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 14 Қараша, 2023
Қазақстан құрамасының Сан-Марино және Словенияға қарсы ойындарының тікелей көрсетілімі
Футболдан келер жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы соңғы екі тур ойынын «Qazaqstan» ұлттық арнасы мен «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 14 Қараша, 2023
Зейнетке шығарда еңбек кітапшасы талап етіле ме?
10 қазан күні Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтардан зейнетке шығу кезінде еңбек кітапшасы талап етіле ме, жоқ па деген сауалға «Азаматтың жұмыс орны еңбек кітапшасын цифрландырса, ол еңбек базасында сақталады, мұндай жағдайда еңбек кітапшасы қажет емес» деген мәлімдеме жасаған болатын, деп жазады Egemen.kz
Құрылыс • 14 Қараша, 2023
Премьер-министр теміржол желісінің алғашқы буынын төсеу рәсіміне қатысты
Алматы облысында Алматы стансасын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуда маңызы зор инфрақұрылымдық жоба іске асырылып отыр. Премьер-министр Әлихан Смайылов теміржол желісінің алғашқы буынын төсеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 14 Қараша, 2023
133 мың адам дзюдомен шұғылданатын елде Олимпиада чемпионы шыққан жоқ
Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында дзюдо күресінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Ұлттық құраманың сапына алынатын жастар үшін мықтылығын дәлелдейтін дода бұл. Себебі бапкерлер келесі жылы маңызды додаларға кімдерді қосатынын осы ішкі біріншіліктің нәтижесіне қарай нақтылайды.
Сенат • 14 Қараша, 2023
Сенат ақпараттық қауіпсіздікті талқылады
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелеріне қатысты заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 14 Қараша, 2023
Альпинистердің қазасына қатысы бар күдікті қамауға алынды
Бас прокуратураның баспасөз қызметі тергеу барысында жұмыс беруші – ЖК басшысының өнеркәсіптік альпинистердің мерт болуына қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналды деген мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қараша, 2023
Кәсіпкерлердің көлігін тартып алған бопсалаушы топ ұсталды
Шымкент қаласында кәсіпкерлерді бопсалау тәсілімен қорқытып көліктерін тартып алған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 14 Қараша, 2023
Елордада дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды
Астанада дзюдодан кезекті ел чемпионаты өтіп жатыр. Бұл турнирде 17 өңір және 3 қаладан 463 спортшы бақ сынап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 14 Қараша, 2023
Робототехникадан дүниежүзілік олимпиада: Қазақстанның үш командасы жүлдегер атанды
Панама қаласында робототехникадан дүниежүзілік «World Robot Olympiad» олимпиадасы өтті. Оған 80-нен астам елдің 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары қатысты. Бұл сайыста Қазақстан оқушылары оқ бойы озық шығып, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Қараша, 2023
Қатарда капитан мен сұрмерген жоқ
Магомед Адиев баптайтын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу туры аясындағы ақырғы екі матч ойындарына қатысады. 17 қараша күні «Астана Арена» стадионында Сан-Марино футболшыларына, 20 қараша күні сырт алаңда Словения ұлттық құрамасына қарсы тартысқа түседі.
Аймақтар • 13 Қараша, 2023
Атырауда көпірден әйел адам секіріп кетті
Бүгін сағат 15:00-де Атырау қаласындағы Орталық көпірден әйел адам секіріп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 13 Қараша, 2023
Джиу-джитсудан әлем чемпионатында Қазақстан командасы топ жарды
Даугавпилс (Латвия) қаласында қарашаның 10-12 күндері аралығында өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатына жаһанның 29 елінен 600-ге жуық спортшы қатысты, оның ішінде еліміздің 80 спортшысы бар. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қараша, 2023
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады
Заңға сәйкес көлік жүргізушілері 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қысқы дөңгелекпен жүруі тиіс, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қараша, 2023
Еліміздегі пойыз локомотивтері қысқа дайын ба?
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің барлық филиалында локомотивтерді қысқа дайындау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz «Самұрық - Қазына» Қорының ресми Telegram - арнасына сілтеме жасап.
Тағайындау • 13 Қараша, 2023
Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Павлодар облысы әкімінің өкімімен, Президент Әкімшілігінің келісімімен Серік Батырғожинов облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 13 Қараша, 2023
Биыл аса ауыр қылмыс жасаған 40 адам шетелден экстрадицияланды - Бас прокурор
Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады. Президентке еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, сондай-ақ қадағалаушы органның қызметіндегі басым бағыттар жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 13 Қараша, 2023
Арайлым Әбенова – самбодан тұңғыш әлем чемпионы
Арменияның Ереван қаласында самбо күресінен өткен дүние чемпионатында жерлесіміз Арайлым Әбенова әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 13 Қараша, 2023
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстан спортшыларының өткен аптадағы жалпы жетістіктерін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Қараша, 2023
Газа секторында қаза тапқандар саны 11 мыңнан асты
7 қазаннан бері Газа секторында Израиль шабуылдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 11 078-ге жетті. Бұл туралы Палестина анклавының денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Спорт • 13 Қараша, 2023
Еламан Қойшыбаев самбодан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Ұландық Еламан Қойшыбаев спорттық самбодан 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қырғызстаннан келген Жамалбек Асылбекуулумен кездесіп, 0:2 есебімен есе жіберді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 12 Қараша, 2023
Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді
Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Сауд Арабиясының астанасында еліміздің Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Қараша, 2023
Төртінші ғарышкер ме? Роскосмос қазақ баласын ұшыруды талқылады
Роскосмоста орбитаға Қазақстаннан ғарышкер ұшыру талқыланды. Мұны Мемлекеттік корпорация басшысы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Liter.kz ақпаратына сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Қараша, 2023
«Алтын домбыра» биыл кімге бұйырады?
Астана қаласында «Amanat» партиясының қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы басталды. «Еңбек – ел ырысы» тақырыбындағы дәстүрлі жыр аламаны биыл қарапайым еңбек адамдарына арналып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 11 Қараша, 2023
«Чемпиондар, қашпаңдар». Сұлтан Зәуірбек жеңісінен кейін жанкүйерлеріне алғыс айтты
Кәсіпқой бокста он алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, аргентиналық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген Сұлтан Зәуірбек жанкүйерлеріне алғысын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 10 Қараша, 2023
Президент ратификациялау туралы кезекті заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорда ресми телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қараша, 2023
Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында еліміздің көлік-логистика әлеуетін жүзеге асыру барысында кездесетін стратегиялық сын-қатерлер қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 10 Қараша, 2023
Самбодан әлем чемпионаты: Қоржынға алғашқы жүлде түсті
Армения астанасы Ереванда самбодан бүгін басталған әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.