қар
Аймақтар • 27 Маусым, 2020
Қарағанды облысында бүгіннен бастап карантин режімі қатаңдатылды
Кеншілер астанасында Saryarqa телеарнасының эфирінде өткен брифингте өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Асқаров Қарағанды облысында 27 маусымнан бастап карантиндік шектеулердің күшейтілетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 26 Маусым, 2020
26 маусым − Халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күні
1997 жылғы 26 маусымда азаптау және басқа да адамшылыққа жат жазалау түрлеріне қарсы Конвенция күшіне енді. Осы кезден бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының азаптау құрбандарына қолдау көрсетудің халықаралық күні болып бекітілді, деп Egemen.kz
Аймақтар • 26 Маусым, 2020
Қарағандының сақшылары су жаңа автокөлік мінді
"Кеншілер астанасында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жергілікті полиция департаментіне су жаңа 186 автокөліктің кілтін онлайн режимінде табыс етті", деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 26 Маусым, 2020
Қазақстанның орнықтылық қоры барлық табысын мемлекетке аударды
Қазақстанның орнықтылық қоры, 26 маусым. "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ (Fitch, "BBB"/"Тұрақты" болжамы, бұдан әрі − ҚОҚ) 27,7 млрд теңге табысты дивидендтер төлеуге бағыттады, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 25 Маусым, 2020
Халықаралық валюта қоры 2021 жылдың болжамын жаңартты
Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша COVID-19 коронавирустық пандемиясының салдарынан әлемдік ІЖӨ 4,9% -ға төмендейді, ал 2021 жылы ол 5,4% -ға өседі. Бұл туралы Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Дүниежүзілік экономикалық болжамына арналған маусым айындағы шолуда айтылған,- деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 25 Маусым, 2020
Асқар Мамин Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
Премьер-Министр Асқар Мамин Президент жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді, - деп хабарлады primeminister.kz.
Үкімет • 25 Маусым, 2020
Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
Премьер-Министрі Асқар Мамин Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған министр Алексей Цойды Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына таныстырды, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 25 Маусым, 2020
Қарағандыда "Жанұя" орталығы жұмыс істей бастады
Қарағанды қаласында көп балалы отбасыларды қолдайтын "Жанұя" деп аталған орталық ашылды, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 25 Маусым, 2020
COVID-19: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпараттық жұмыс қарқынын төмендетпейді
Пандемия жағдайында қазіргі заманғы цифрлық технологиялар мен дүниежүзілік желінің кең мүмкіндіктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы алдын алу және ақпараттық жұмыстарды іске асырудың жаңа форматы құрылды, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 25 Маусым, 2020
Маңғыстау облысының полицейлері иесіз арыстанды ұстап алды
Бүгін таңғы 5:30-да Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылының маңында полицейлер бостандықта жүрген арыстанды ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 25 Маусым, 2020
Қарағандылық түлекті АҚШ-тың төрт оқу орны білім алуға шақырды
Қарағандылық Балнұр Түленованы бір мезгілде АҚШ-тың төрт университеті оқуға шақырып отыр. Ол Нығмет Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатты бітірген, деп жазады Қарағанды облысының баспасөз қызметі.
Үкімет • 24 Маусым, 2020
А. Мамин "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес отырысы өтті, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 24 Маусым, 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған пошта маркалары шықты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен "Қазпошта" АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған пошта маркаларын сатылымға шығару рәсімін өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Қарағандыда 172 мемлекеттік қызметші медальмен марапатталды
Кеншілер астанасында "Мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесіне орай облыс әкімі Жеңіс Қасымбек ел Президентінің атынан қарағандылық бір топ қызметкерді "Халық алғысы" медалімен марапаттады, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Атырауда Өзбекстан азаматы есірткімен ұсталды
Полиция қызметкерлері "Қарасора-2020" жедел іс-шарасы кезінде өзбекстандық азаматты есірткімен қолға түсірді, - деп жазады Egemen.kz
Үкімет • 23 Маусым, 2020
Асқар Мамин қазақстандық полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Премьер-Министр Асқар Мамин қазақстандық полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлады primeminister.kz.
Қоғам • 23 Маусым, 2020
13 өңірде ХҚО-ның жұмыс кестесі өзгерді
Коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар санының күрт артуына байланысты Қазақстанның кей өңірлерінде карантиндік шаралар қайта күшейтілуде, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 23 Маусым, 2020
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елдегі бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады. Бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту үшін Үкімет заңнамалық базаны, реттеуші ортаны үнемі жетілдіріп отырады, кедендік әкімшілендіру жақсартылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан 2019 жылы «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі Дүниежүзілік банк рейтингісінің ТОП-25 елінің қатарына енді, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ға дейін өсті. Аталған көрсеткішті 2025 жылға қарай 35%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды. Биылғы 18 маусымда Парламент Сенаты бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық бастамалардың 8-топтамасын қабылдады. 6 кодекс пен 33 заңға жылжымайтын мүлікке салынған ауыртпалық туралы ақпаратқа қолжетімділік, электр желілеріне қосылу аясында «бір терезе» қағидатын енгізуді, табиғи монополиялар субъектілерінен ақпарат алу бойынша барлық кредиттік бюролар үшін тең жағдайлар жасауды, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы және техникалық шарттары бар жер телімдерін беру бойынша рәсімдерді жеңілдетуді, сондай-ақ монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыруды көздейтін 200-ге жуық түзету енгізілді. Үкімет басшысы барлық өңірдің кәсіпкерлерімен мәселені талқылау, сонымен қатар Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәселені қарау қорытындылары бойынша бизнесті қолдау жөніндегі 43 қосымша шарадан тұратын Іс-шаралар жоспары әзірленгенін атап өтті. Іс-шаралар жоспары бизнес ұсынған келесі негізгі бағыттарды қамтиды, атап айтқанда, сатып алуды жеңілдету және қазақстандық үлесті дамыту, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыру және кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту, тауарлардың экспортын дамыту және рәсімдерді жеңілдету. «Бүгін айтылған барлық шараларды жүзеге асыру кәсіпкерліктің одан әрі дамуына серпін береді, Қазақстанның бизнес ахуалы мен “Doing Business” рейтингіндегі позициясын жақсартуға ықпал етеді», — деп А. Мамин, мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Президент • 22 Маусым, 2020
Мемлекет басшысы Премьер-Министр мен әкімдердің есебін тыңдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминнің, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары әкімдерінің коронавирустың таралуына қатысты қалыптасқан ахуал, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жайындағы есептерін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Үй ауласына есірткі еккен қызылордалық ұсталды
Қызылорда облысында 59 жастағы тұрғын үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдік еккен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Қарағандыда пульмопровизорлық госпиталь ашылады
Кеншілер астанасында, нақтырақ айтқанда Майқұдық елді мекенінде коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттерге арналған 250 төсек орны бар пульмопровизорлық госпиталь ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаевтың онлайн режимінде өткен баспасөз мәслихатындағы мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Түркістанда халықаралық туризм университеті ашылды
Түркістан қаласында Мәдениет және спорт министрлігі жанынан Халықаралық туризм және меймандостық университеті құрылды. Бұл оқу ордасы Елбасының бастамасы негізінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 22 Маусым, 2020
Асқар Мамин Үкіметтің жұмысы туралы есеп берді
Премьер-Министр Асқар Мамин Парламенттің қос палатасы депутаттарының бірлескен отырысында Үкіметтің 2019 жылғы жұмысы және экономиканы одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Медицина • 21 Маусым, 2020
Асқар Мамин қазақстандық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Үкімет басшысы Асқар Мамин медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Батыс өңірінде сарбаздар қарияларға азық-түлік таратты
Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімде әскери борышын өтеп жатқан Ұлттық ұлан жауынгерлері өз үйінде оқшауланған жалғызбасты қариялардың үйіне азық-түлік таратты, деп хабарлайды Egemen.kz
Экология • 19 Маусым, 2020
Алматыдағы Бутаковкада бақылау құрылғылары орнатылады
Соңғы үш жылда ұзындығы 325 шақырым болатын 25 тау жолы абаттандырылды. Үлкен Алматы шатқалындағы 200 шақырымнан астам тау маршруттарын жабдықтау жоспарланды. Үлкен Алматы көлі мен Бутаковка шатқалындағы танымал туристік орындарда көру алаңдары орнатылады, Фурманов шыңындағы бұрылыс қалпына келтірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Шалқарға түсуге шектеу қойылды
Теректі ауданындағы эпидемиялық ахуалға байланысты Батыс Қазақстан облысындағы жазғы демалыс орындарының ішіндегі ең белгілісі – Шалқар көліне түсуге тыйым салынды, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 19 Маусым, 2020
Тау-кен машиналар: 8 млрд теңгенің өнімі өндірілді
Индустрияландыру жылдары еліміз тау-кен машиналарын жасауда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Өндіріс 1,7 есе, экспорт 1,8 есеге дейін өсті, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Түркістан облысында алты есірткі алқабы анықталды
Түркістан облысының полицейлері “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында алты есірткі алқабы анықтады, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Мемлекетке 28 млн теңгеден астам қарызы бар азамат ұсталды
Алматы облысының полицейлері әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарғандарды анықтап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.