ауыл
Шаруашылық • 25 Желтоқсан, 2024
Жыл қорытындысы: Биыл егіншілер рекордтық өнім жинады
Ауыл шаруашылығы өндірісінің даму деңгейі отандастырымыздың басым бөлігінің әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ал бүгінде халықтың 37%-дан астамы ауылдық жерлерде тұрады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Желтоқсан, 2024
AUYL SPORT-2024: Республикалық турнир көптеген ауыл балаларының бағын сынады
Жаңа жыл қарсаңында Алматы спорттық жарыстың нағыз орталығына айналды. AUYL SPORT-2024 республикалық турнирінің финалы еліміздің 17 облысынан 1300-ден астам жас спортшыны бір алаңға жинады. «Halyk» қайырымдылық қоры ұйымдастырған ауқымды шара балалардың өздеріне сеніп, дарындарын көрсетуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 17 Желтоқсан, 2024
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған II республикалық олимпиада аяқталды
Астанада ауыл мектептерінің оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы II республикалық олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Қорытынды кезеңге Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ауылдардан 450 оқушы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2024
Байсерке ауылында көпсалалы аурухана салынады
Алматы облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғыру» ұлттық жобасы аясында 47 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр, оның 38-і ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ, өңірдің ағымдағы жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы да айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2024
Ауыл – біздің мәдениетіміз бен дәстүріміздің негізі - Ерлан Қошанов
Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар арасындағы үздік шаруашылыққа арналған республикалық конкурс қорытындыланды. Іс-шараға Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және тағы басқалар қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2024
Ауыл шаруашылығы саласында 142 миллиард теңге тиімсіз игерілген
Жоғары аудиторлық палата аграрлық салада 142 млрд теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғанын және пайдаланылғанын, сондай-ақ 2 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2024
Қызылорда ауылдарына газ желісі жүргізіліп жатыр
Ауылдарды көгілдір отынмен қамтудың тиімділігі орасан. Бұл кәсіпкерлікті дамытуға, ең бастысы, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мол мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2024
Түркістан облысында 30-ға жуық ауыл ішімдіктен бас тартты
«Ішімдіксіз ауыл» жобасына Түркістан облысының 30-ға тарта ауылы қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 06 Желтоқсан, 2024
Түркістан облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымына Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 05 Желтоқсан, 2024
Ауыл шаруашылығы саласының мамандары марапатталды
Алматы облысы, Қонаев қаласында Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі күні мерекесі аталып өтті. Іс-шараға 200-ден астам ауыл шаруашылығы қызметкері мен мамандар қатысты. Мереке саланың маңызын насихаттап, қызметкерлерінің еңбегін бағалауға арналды.
Оқиға • 05 Желтоқсан, 2024
Алматыда күдікті айдауыл қызметінің көлігінен қашып кеткен
Алматы қалалық полициясы ұрлық жасады деген күдікке ілінген 28 жастағы азаматтың айдауыл қызметі көлігінен қашып кеткенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 26 Қараша, 2024
Түркістан облысындағы жылыжайда банан пісіп жатыр
Сайрам ауданындағы жылыжайда өсіріліп жатқан экзотикалық жемістерден екінші өнім жинап алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қараша, 2024
СҚО-да тағы бір ауыл арақ-шараптан бас тартты
Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы Дайындық ауылының тұрғындары екі жыл бұрын ішімдіктен толығымен бас тартқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2024
Биыл 2 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жер ресурстары мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында фермерлерден жер учаскелерін алуға байланысты бірқатар мәселелер қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Қараша, 2024
Аграрлық саладағы реформалар ауыл өмірін жақсартады - Айдарбек Ходжаназаров
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы өтті. Форумда аталған саланың дамуына қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Осы ретте, Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров Президенттің көтерген тақырыптардың қоғам белсенділері айтып жүрген мәселелерімен үндес екені ерекше қуантатынын жеткізді.
Қоғам • 16 Қараша, 2024
Көмек ретінде шаруалардың астығын сатып аламыз - Асылхан Джувашев
Мемлекет басшысының қатысуымен Астанада алғаш рет өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында аталған саланы дамытудың таяу болашаққа арналған негізгі бағдарлары айтылып, маңызды тапсырмалар берілді. Осы орайда, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашевпен тілдескен едік.
Президент • 15 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін тамашалады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің көрмесін тамашалады. Көрмеде терең өңделген өнімдер, заманауи агротехнологиялар, инвестициялық, соның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобалар ұсынылған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Қараша, 2024
Президент сала еңбеккерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Президент Жарлығымен Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі жемісті еңбегі, отандық ауыл шаруашылық инфрақұрылымның дамуына қосқан үлесі үшін бір топ сала өкілдеріне мемлекеттік наградалар табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Үкіметке жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумындағы сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 15 Қараша, 2024
Құрық портында жаңа астық терминалы іске қосылды
Бұл туралы Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Қараша, 2024
Еліміздің 12 млн тонна астық шығаруға мүмкіндігі бар - Президент
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Қараша, 2024
Қазақстан инвестиция тарту бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумындағы сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Қараша, 2024
Ауыл шаруашылығы бәсекеге қабілетті озық сала болуы керек - Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында инвестиция экономиканың кен өндіруден тыс салаларына көбірек тартылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Қараша, 2024
Президент Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 15 Қараша, 2024
Астанада республикалық ауыл әйелдерінің форумы өтті
15 қарашада Астанада Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 200-ден астам ауыл әйелдері көшбасшыларын, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін жинаған 7-ші Республикалық Ауыл әйелдері Форумы өтті. Іс-шара барысында ауылдық аймақтардың тұрақты дамуы, әйелдер мен ауыл кәсіпкерлігі мәселелері талқыланып, гранттық байқаудың жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 14 Қараша, 2024
«Үздік туристік ауыл – 2025» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды
Kazakh Tourism «Үздік туристік ауыл – 2025» байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталғаны туралы мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қараша, 2024
Рекордтық мөлшерде бауырсақ пісірген қазақ ауылы Гиннеске енді
Бұл рекордты орнату үшін Қостанай облысы Қамысты ауылының тұрғындары «Бауырсақ-Фест» фестивалін ұйымдастырған. Оған 60 ұйым қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz Jibek Joly арнасына сілтеме жасап.
Экономика • 07 Қараша, 2024
Ауыл шарушылығын дамытуға бағытталған меморандумға қол қойылды
Қазақстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп секторларын нығайту мақсатында Deere & Company, Eurasia Group және «Бәйтерек» холдингі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрме • 07 Қараша, 2024
Елімізде алғаш рет «Ауыл мектебі» фотокөрмесі өтеді
Бүгін «ÓzgeEpic» креатив хабында ауылдағы білім ошақтарының тыныс-тіршілігіне арналған «Ауыл мектебі» фотокөрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Көрме шалғай ауылда орналасқан бір мектептің өмірі мен өзгерістерін сипаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 31 Қазан, 2024
28 жас дәрігер шалғай аудандарда қызмет етеді
Биыл 28 жас маман Шығыс Қазақстан облысының шалғай аудандарының медициналық құрамын толықтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.