Мектеп
Білім • 25 Қазан, 2024
Ақтөбе қаласының іргесіндегі Қызылжар елдімекенінде 371 оқушыға арналған жаңа мектептің ашылу салтанаты болды. Мектеп құрылысын «Номад Құрылыс Компаниясы» ЖШС-і жүргізді. Екі қабатты ғимараттың ауданы 3000 шаршы метрден асады және үш блокқа бөлінген. Алғашқы екі бөлігінде оқу ғимараты, ал үшінші бөлігінде шеберханалар, спорт залы, акт залы және асхана орналасқан. Оқу кабинеттері барлық талапқа сай жабдықталған. Қызылжар мектебінің құрылысына 1,8 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 24 Қазан, 2024
Дубайдан бас тартып, ауыл мектебінде серпіліс жасаған ұстаз
Екі жыл бұрын Аралбек Берікұлы Дубайдағы және Республикалық физика-математика мектебіндегі (РФМШ) жоғары лауазымдардан бас тартып, халқы небәрі 700 адамды құрайтын Самар ауданындағы Құлынжон ауылындағы шағын мектептің директоры болуды таңдаған. Бұл шешім Қазақстандағы ауыл мектептерінің жаңа моделін қалыптастырудың негізін қалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қазан, 2024
Ақын Төлеген Айбергенов атындағы мектепке - 45 жыл
Елордада қазақтың ақиық ақыны, отызында қазақ поэзиясын биік деңгейге көтеріп кеткен Төлеген Айбергенов атындағы мектеп бар. Кенесары көшесінің бойында орналасқан №16 орта мектебі қала өміріндегі маңызды іс-шараларға белсене қатысып жүрген оқу ордасы. Биыл мектеп 45 жылдығын салтанатты түрде атап өтті. «Мектебім –шамшырағым» деп аталатын айтулы ашық іс-шараға мектептің жүрегі – ұстаздар, оқушылар, еңбек және оқу ісінің ардагерлері, зиялы қауым, ақынның қыздары Махаббат, Айнар Айбергеновалар, өнер қайраткерлері қатысты.
Аймақтар • 22 Қазан, 2024
Ақмола облысында екі жайлы мектеп ашылды
Ақмола облысында екінші тоқсаннан бастап тағы екі жаңа жайлы мектеп жұмысын бастайды. Жайлы мектеп 1200 орынға есептелген. Республика күні қарсаңында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айна Мысырәлімова Қабанбай батыр ауылындағы мектеп-лицейді аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 18 Қазан, 2024
Оралда мұғалімдерге 42 млн теңге жалақы артық төленген
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы Серебряков орта мектебінің әкімшілігі мектептің 75 педагогынан бюджеттен артық төленген 42 млн теңге көлеміндегі жалақыны өндіріп алу туралы сотқа талап арыз жолдаған, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 17 Қазан, 2024
50 шақты дәрігер – бір мектептің түлегі
Түркістан облысының Келес ауданына қарасты №28 «Мақташы» жалпы білім беретін мектебінен 1933 жылдан бері 50 дәрігер шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Қазан, 2024
Елімізде 130 мың орындық 86 жаңа мектеп ашылды
Оқу-ағарту министрлігі биылғы қыркүйектен бері өңірлерде 130 мың оқушыға арналған 86 мектеп ашылғанын мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 15 Қазан, 2024
Ел мектептерінің 88%-ы инклюзивті білім беруге дайын
Қазақстанның мектептерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылып жатыр. Бүгінгі таңда мектептердің 88%-да инклюзивті білім алуға жағдай жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 15 Қазан, 2024
Түркістан облысында 1353 жылы жасалған қол диірмені табылған
Түркістан облысы, Келес ауданында №31 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің ауласынан 1353 жылы тастан жасалған қол диірмендері табылған, деп хабарлайды Egemen.kz Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Алматы • 15 Қазан, 2024
Әскери-техникалық мектептің курсанттары ант берді
Алматыда әскери-техникалық мектеп алаңында 118 түлектің салтанатты әскери ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 14 Қазан, 2024
Балалардың жеке даму картасы цифрландырылады
Оқу-ағарту министрлігі мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даму картасы цифрлық форматқа ауысатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қазан, 2024
Оқушылар күзгі каникулда неше күн демалады
Ел мектептерінде бірінші тоқсан аяқталуға жақын. Оқушылар күзгі каникулда жалпы 10 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 11 Қазан, 2024
«Сау тіспен болашаққа»: Мектептерде стоматологиялық кабинет ашылады
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астанадағы №95 мектеп-лицейіне барып, оқушы денсаулығын сақтаудың бірқатар мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Қазан, 2024
Қазақстанда алғашқы жасанды интеллект мектебі ашылады
Президент бастамасымен жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту аясында Astana Hub халықаралық технопаркі алғашқы жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School-ды іске қосады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 08 Қазан, 2024
«Жайлы мектеп» – сенімді болашақ
Еліміздегі білім беру стандарттарын жаңарту, инфрақұрылымды жақсарту және оқушыларға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында «Жайлы мектеп» жобасы қолға алынған-ды. Қанатқақты жоба аясында салынған білім ошақтарының біршамасы оқушыларды қабылдап үлгерді.
Парламент • 02 Қазан, 2024
Мәжіліс депутаты мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова мектеп оқушылары арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің көбеюі оқушылар мен ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыруды талап ететінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 02 Қазан, 2024
Қызылордада алғашқы «Жайлы мектеп» ашылды
Қызылорда облысының сол жағалауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 900 орындық жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 01 Қазан, 2024
Таиландта оқушылар мінген автобус жанып кеткен
Таиландың Бангкок қаласының маңында 40-тан астам оқушы мен мұғалімдер мінген автобус өртеніп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 01 Қазан, 2024
3-сынып оқушылары үшін «Еңбекке баулу» оқулығы жаңарды
Биылдан бастап үшінші сынып оқушылары «Еңбекке баулу» пәнін жаңа оқулық арқылы меңгереді. Бұл оқулық балалардың шығармашылық қабілетін шыңдап, ұлттық құндылықтарды дәріптейді.
Білім • 30 Қыркүйек, 2024
Ақмола облысында тағы бір жайлы мектеп ашылды
Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Бүгін Целиноград ауданы Ақмол ауылында тағы бір жайлы мектеп ашылды. Мектептің ашылу салтанатына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен облыс әкімі Марат Ахметжанов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2024
Солтүстік Қазақстан облысында мұғалім мектеп ішінде бұрыш баллонын шашқан
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылындағы мектептің фойесінде мұғалім бұрыш баллонын шашқан. Салдарынан үш адам дәрігердің көмегіне жүгінді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2024
Елорданың барлық мектебі жаңа қауіпсіздік жүйесімен жабдықталады
2025 жылға дейін Астанадағы 109 мемлекеттік мектеп заманауи қауіпсіздік жүйесімен жабдықталады. Бұл туралы елорда мәслихатының отырысында Астана әкімінің орынбасары Евгений Глотов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қыркүйек, 2024
Жоғарғы Сот мектепте орамал тағуды заңды деп танығаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуды заңды деп таныды деген жалған ақпарат тарап жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қыркүйек, 2024
Семейде заманауи мектеп ашылды
Облыс орталығындағы халық көп қоныстанған ауданда 1200 орындық жаңа мектептің ашылуы қала күніне тұспа-тұс келді. Расында да бұл мектеп жетіспеушілігіне орай туындайтын мәселені шешуге көмектескен керемет сыйлық болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Биыл Астанада тағы 9 жаңа мектеп ашылады
Елордада жыл соңына дейін жаңа 9 мектеп ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Қыркүйек, 2024
Өңірлерде шағын жинақты мектептердің әлеуетін дамыту бойынша жоба іске қосылады
Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ақтөбе облысының әкімдігі «Цифрлық технологияларды пайдаланып Ақтөбе облысындағы шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасын жүзеге асырып жатыр. Жуырда облыс орталығында өткен республикалық семинарда аталған жобаның қорытындылары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Қыркүйек, 2024
Ел мектептерінде білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тексеріс жүргізіледі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2024 жылдың соңына дейін профилактикалық бақылау жүргізу үшін 2487 білім беру ұйымын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 10 Қыркүйек, 2024
Мектеп гимназияның есепшотынан қомақты қаржы жымқырған бас есепші сотталды
Алматыдағы мектеп гимназияның бірінің бас есепшісі 23 миллион теңгені жымқырғаны үшін сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қыркүйек, 2024
Маңғыстаудағы жаппай улану: елдің барлық мектебінде тексеріс жүргізіледі
Премьер-министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысындағы мектеп оқушыларының жаппай улануына қатысты арнайы тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2024
Қостанай облысында мектеп қабырғасы құлап кетті
Бүгін Әулиекөл ауданына қарасты Новонежин ауылындағы мектептің қабырғасы опырылып түсті.Мектеп ғимаратының екінші, үшінші қабатының бір бүйірі үңірейіп қалды.