е
Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2021
«Ботай» – болашақ туризмнің төрі
Біздің өңірде тарихи орындары мен айтулы тұлғалары өте көп танылған екі аудан бар. Оның бірі – Қожаберген жырау, Сегіз Сері, Есеней сұлтан, Ұлпан ана, Тоқсан би, бертін қазақ әдебиетінің заңғар жазушылары Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Сафуан Шаймерденов қазақстандық атақты орыс жазушысы Иван Шуховты және осыларды туғызған «Гүлтөбе-Маманай», «Елтінжал» сияқты қасиетті тарихи жерлері бар Жамбыл ауданы.
Қоғам • 08 Қыркүйек, 2021
Баспаналы болуға бастайтын тағы бір қадам
Баспана – біздің елдегі ең басты, аса өзекті мәселелердің бірі. Әрбір отбасының берекелі, баянды тіршілігінің бастауы баспаналы болудан басталатынын айтып жатудың өзі артық. Сондықтан мемлекет осы мәселені ұдайы назарда ұстап, түрлі бағдарлама арқылы шешімін табуға тырысып келеді. Бұл орайдағы нәтижелі қадамдардың бірі, сөз жоқ, Президенттің бастамасымен зейнетақы қорындағы қаражатты баспана алу, ипотекалық несиені жабу үшін пайдалануға рұқсат беру болғаны анық.
Сұхбат • 08 Қыркүйек, 2021
Талғат Мұсабаев: Ғарыш саласы – елді дамытатын заманауи сала
Тәуелсіздік жылдарындағы табыстарымызды сөз еткенде Қазақстанның ғарышты игеру бағытындағы ірі қадамдарын айтпай өте алмаймыз. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, тікелей қолдауымен жүзеге асырылған игі істердің тұтас тарихы қалыптасты деуге болады. Әсіресе Елбасының қазақ ғарышкерлерінің ғарышқа аттануына кеңінен жол ашқан еңбегін ерекше атап өткіміз келеді. Сол азаматтарымыздың бірі – қазақтан шыққан екінші ғарышкер, Парламент Сенатының депутаты Талғат Мұсабаевпен Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында әңгімелескен едік.
Тарих • 08 Қыркүйек, 2021
Солтүстік Осетия-Алания республикасының батысындағы Алагирск ауданына қарасты таулы қыратта Дзуарикау атты шағын ауыл орналасқан. Ауылдың аты осетин тілінде «Әулие мекен» дегенге саятын көрінеді. Осында «Жеті бауырға ескерткіш» атты монумент бар. Оның ұшар басына қанаттарын түйістіре самғаған ақ тырналар бейнеленсе, ескерткіштің етегіне қайғы меңдеп қара жамылған әз ананың мұңлы бейнесі мүсінделген.
Әлем • 08 Қыркүйек, 2021
Биылғы қыркүйек айының аяғында Германияда федералды сайлау өтеді. Саяси додаға санаулы күндер қалғанда жүргізілген сауалдама Германиядағы саяси бағыттың өзгеріп бара жатқанын көрсетті.
Технология • 08 Қыркүйек, 2021
Жеке деректер көрінгеннің қолында кетпесін десек...
Әр онжылдық сайын адамзат түрлі қиындықпен бетпе-бет келеді. Ақпараттық технологияның дамуы тарихта болмаған жаңашылдықты алып келді. Алайда бұл үрдіспен қатар, жаңа мәселелер де туындай бастады: күнделікті қолданып жүрген әлеуметтік желіден бастап, өзге де пайдалы онлайн платформаларда әр қолданушының жеке басына қатысты деректер сақталған.
Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2021
Асылы Осман: «Мен сүйетін қазағымдай халқым бар»
Ел алдында жүрген кей қазақты әр қазақ танымауы мүмкін, бірақ Асылы Османды бәрі таниды. Елім деп елжіреп, тілім деп жүрегі қарс айырылардай шырылдап жүретін қамқор жанды әдеттегідей жайдарлы кейіпте кездестірдік. Шындықты, турашылдықты көк байрағындай қастерлейтін асыл адамның кейпі осындай болса керек. Осы бір дара қасиеттері оның өскен еліне деген ерекше махаббатынан туғаны аңғарылады.
Тарих • 08 Қыркүйек, 2021
Бұрынғы тарих – келешек үшін ескерту
Кеңес Одағында қалыптасқан тоталитарлық режімнің өз халқына қарсы бағытталған қысымшылық саясаты құрамындағы ұзақ жылдар бойы жүйелі түрде жүргізген шараларының бірі – азаматтарды сайлау құқығынан айыру. Бұл қатыгез идея 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін көп ұзамай Кеңес басшылығының арасында пайда болды, ал 1918 жылы шілдеде белгілі бір тапқа немесе әлеуметтік топқа кіргені үшін дауыс беру құқығынан айыру РСФСР-дің бірінші Конституциясының арнайы бабында бекітілді.
Спорт • 08 Қыркүйек, 2021
«Барыс» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
«Барыс» үшінші матчта «Амур» командасын 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz қазақстандық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2021
БҚО тұрғындарынан есірткі тәркіленді
«Карасора» жедел алдын алу іс-шарасы барысында БҚО тұрғындарынан есірткі заттары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2021
Алматыда Президенттің еңбектері жинақталған кітап таныстырылды
Бүгін Алматыда Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласы Өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Республикасы Президентінің таңдамалы еңбектері» кітабы таныстырылды, бұл жиынға Алматының саяси элитасы ғана емес, осы қалада тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері де қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ел және Елбасы • 08 Қыркүйек, 2021
Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық отырысына қатысушыларға үндеу жасады
Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған жоғары деңгейдегі пленарлық отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 08 Қыркүйек, 2021
196 қазақстандық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 08 Қыркүйек, 2021
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Сенатының VII сессиясы барысында атқарылатын жұмыс жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 08 Қыркүйек, 2021
Мемлекет басшысы бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Ақордада он мемлекеттің жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Қыркүйек, 2021
11 қыркүйектегі лаңкестіктің екі құрбаны 20 жылдан кейін анықталды
2001 жылдың 11 қыркүйегінде орын алған Нью-Йорктегі шабуылда қаза тапқан тағы екі құрбанның сүйегі 20 жыл өткен соң табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Коронавирус • 08 Қыркүйек, 2021
426 оқушыдан коронавирус анықталды
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова оқу жылының басынан бері коронавирустық инфекция жұқтырған оқушылар жайлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Қыркүйек, 2021
Ресей ТЖМ басшысы адам құтқарамын деп қаза тапты
Ресей ТЖМ басшысы Евгений Зиничев Норильск жаттығуларында қайтыс болды. Бұл туралы министрлік сәрсенбіде хабарлады, деп жазады Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Коронавирус • 08 Қыркүйек, 2021
Отандық вакцинаның дельта штамына қарсы тиімділігі анықталды
ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавирус дельта штамына қарсы жаңа модификацияланған қазақстандық вакцинаны әзірлеу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Қыркүйек, 2021
Екі споршымыз Түркиядағы әлем кубогі кезеңіне қатысады
9 қыркүйек күні Түркияның Мерсин қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі басталады деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2021
Ashyq жүйесінен ақау шыққаны рас па?
Қазнетте Ashyq-қа қолжетімділікті шектеу туралы қауесет ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2021
Павлодарда қарақшылық жасаған полицей сотталды
23 жастағы бұрынғы полиция қызметкері төрт ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Қыркүйек, 2021
Мексикадағы су тасқыны мен жер сілкінісінен 18 адам қаза тапты
Мексиканың Идальго штатында қатты нөсер жаңбырдың салдарынан су тасқыны болып, электр жарығы өшіп қалғандықтан жергілікті ауруханада жатқан 17 адамға оттегі берілмей, көз жұмды. Бұл туралы 8 қыркүйек күні Мексика Президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 08 Қыркүйек, 2021
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны басталады
Бір аптадан кейін Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны басталады. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі науқан екі ай бойы, 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2021
Аягөз ауданының бірнеше тұрғыны сібір жарасын жұқтырды
Қауіпті инфекция Аягөз ауданының Майлин ауылында шілде айында тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Қыркүйек, 2021
Коронавирус пандемиясы қалай аяқталуы мүмкін?
Шілде айының соңында америкалық медициналық қоғамның JAMA журналында жарияланған мақала авторлары пандемияның төрт түрлі аяқталуы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2021
Жамбыл облысында шенеунік өлі табылды
Жамбыл облысы Қаратау қаласындағы көшелердің бірінде оқтан жараланған ер адамның мәйіті табылды. Полиция департаменті мәліметінше, ер адам өзіне-өзі қол жұмсаған болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 08 Қыркүйек, 2021
Павлодарда Торайғыров университетіне жаңа ректор тағайындалды
Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің төрағалығымен өткен ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысында республикалық конкурстық комиссияның қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Қыркүйек, 2021
Депутаттар Президентке «Ұлт көсемі» атағын беруді ұсынды
Екі өзбек депутаты президент Шавкат Мирзияевқа «ұлт көсемі» құрметті атағын беруді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 08 Қыркүйек, 2021
Қазақстанда дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітілді
ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2021 жылғы 27 тамыздағы бұйрығымен дәрілік заттың саудалық атауына арналған өндірушінің шекті бағасы, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына арналған шекті бағаларды бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.