ек
Тағайындау • 04 Қыркүйек, 2023
Ауыл шаруашылығы министрі тағайындалды
Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 03 Қыркүйек, 2023
4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 4 қыркүйекке арналған Қазақстан территориясы бойынша синоптикалық жағдай мен қолайсыз ауа райы құбылыстарына қатысты болжам жасады. Синоптиктер дерегінше елімізде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел тұрады, бұршақ жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2023
Сыртқы істер министрлері телефонмен тілдесті
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.
Балалар • 03 Қыркүйек, 2023
Алматы қаласы мектептеріне 100 автобус алынды
Жаңа оқу жылында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша алғаш рет оқушыларды тұрғылықты жерінен оқу орнына және кері қарай тегін тасымалдау бойынша қала 100 автобус сатып алды. Жоба бастауыш сынып оқушыларына және мектептен алыс тұратын балаларды тасымалдауға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2023
Екібастұз ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындық барысы тексерілді
Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған министрліктің атом және энергетикалық қадағалау-бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов Екібастұз ЖЭО-ның алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 03 Қыркүйек, 2023
Көкшетау қаласының шағын ауданында жаңа мектеп ашылды
Білім күні Көкшетау қаласының «Құлагер» шағын ауданында 312 оқушы орнына арналған жаңа мектеп ашылды. Жаңа оқу жылында аталған жаңа мектепте барлығы 538 оқушы білім алады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2023
Орасан міндет жүктелді – сенатор
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауы арқылы маңызды мәселелердің түйінін дер уақытында шешу қажеттігін тапсырды. Үкіметтің алдында орасан міндет тұр.
Алматы • 02 Қыркүйек, 2023
Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін екі кітапхана ашылды
Түркістанда өткен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» Ұлттық құрылтайының екінші отырысы барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 24/7 (тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн) режимде жұмыс істейтін кітапхана құру идеясын айтқаны мәлім. Осы орайда Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің екі филиалы 1 қыркүйектен бері тәулік бойы жұмыс істей бастады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2023
Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 02 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 01 Қыркүйек, 2023
Алдағы екі жылда елордада 24 жайлы мектеп салынады
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Пригородный елді мекенінің тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген мәселелер туралы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2023
Биыл Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 158 адам қабылданды
2023-2024 жаңа оқу жылында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға 158 адам қабылданды. Олардың басым бөлігі – еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған мемлекеттік қызметшілер, деп жазады Egemen.kz Академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 01 Қыркүйек, 2023
Астанада 27 мың бала мектеп табалдырығын аттады
Биыл Астанада 27 мың бала мектеп табалдырығын аттады. Бүгін, 1 қыркүйекте оларға арнап алғашқы қоңырау соғылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Қыркүйек, 2023
Полиция қызметкері зейнеткерге көмектесу үшін 3-қабатқа өрмеледі
Жедел жәрдем шақырған зейнеткерге алғашқы көмекті учаскелік полиция инспекторы көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 01 Қыркүйек, 2023
Қосшыда үшауысымды мектептер жойылды
Бүгін, 1 қыркүйекте Қосшы қаласында 1 500 және 1 200 орынға арналған 2 жаңа мектеп есігін айқара ашып, оқушыларды жылы қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz janabastau.kz-ке сілтеме жасап.
Мектеп • 01 Қыркүйек, 2023
Ұлағатты ұстаздың құрметіне аудитория ашылды
Астана қаласында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде «Жүрегіне шәкірт аты жазылған!» атты іс-шара өтті. Жиын аясында мектептің ардагер ұстазы Алтынгүл Момысқызының құрметіне арнайы аудитория ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 01 Қыркүйек, 2023
Рауан Кенжеханұлы: Бұл оң өзгерістердің бастамасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бірқатар өзекті мәселелерді атап, түйінін тез арада шешуді тапсырды.
Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2023
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
ҚР Сауда және интеграция министрлігі елдегі мерекелер тізбесіне өзгерістер енгізуді көздейтін қаулы дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қыркүйек, 2023
Балаларға арналған «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі енгізіледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 01 Қыркүйек, 2023
Тоқаев: Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалану керек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аудару керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қыркүйек, 2023
Елдегі су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты бүгінгі Жолдауында су мәселесінің жыл сайын маңыздылығы артып отырғанын, еліміздің негізгі су көздері трансшекаралық мемлекеттерден бастау алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 01 Қыркүйек, 2023
Оқу-ағарту министрі қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 01 Қыркүйек, 2023
Бүгін 39 жаңа мектеп есігін айқара ашады
Жаңа оқу жылында 55 мың оқушыға арналған 39 жаңа мектеп ашылады. 2023 жылдың соңына дейін барлығы 132 мың орындық білім беру ұйымдарын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 01 Қыркүйек, 2023
Жаңа оқу жылында 154 мектеп пайдалануға беріледі
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Оқу-ағарту министрлігі білім жүйесінің сапасын арттыру бойынша бірқатар шараны іске асырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Қыркүйек, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевті және Өзбекстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 31 Тамыз, 2023
Криштиану Роналду жаңа рекорд орнатты
Халықаралық футбол тарихы мен стастикасы федерациясының ресми сайты Криштиану Роналдудың ұлттық чемпионаттарда ең көп гол соққан футболшы атанғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 31 Тамыз, 2023
Қызылордада екі мектептің жанынан қосымша ғимараттар ашылды
Білім күні қарсаңында Қызылорда қаласындағы екі іргелі мектептің жанынан салынған қосымша ғимараттар пайдалануға берілді, салтанатты ашылу рәсімдеріне облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 31 Тамыз, 2023
«Жайлы мектеп»: 369 жаңа білім ордасы бой көтереді
Премьер-министр Әлихан Смайылов алдағы уақытта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 369 жаңа білім ошағы салынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 31 Тамыз, 2023
Биыл 382 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады
Жаңа оқу жылында алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы тұрған 382 мыңға жуық баланың 70 пайызға жуығы қазақ тілінде оқуға ниет білдірген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Тамыз, 2023
Ертең Атырауда автобустар тегін қатынайды
Білім күніне орай Атырау қаласының тұрғындары автобуста тегін қатынайды. Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкінұлы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.