Іс
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020
Неміс инвесторы Қарағанды облысында үшінші КЭС салды
Қарағанды облысында қуаттылығы 26 МВт күн электр станциясы пайдалануға берілді. Жыл сайын күн паркі шамамен 34 млн кВт*сағ электр энергиясын өндіреді деп жоспарлануда. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020
Ордабасы ауданында жылыжай аймағы құрылды
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында жалпы аумағы 15 гектарды құрайтын «Шұбарсу» жылыжай аймағы ашылды. Жылыжай аймағынан жер телімін алып, кәсібін жүргізуге 63 азамат өтінім білдірген. Шаруаларға мемлекет тарапынан 15 соттықтан жер телімі берілуде. Олардың ішінде 29 азамат несие алу арқылы жұмысын бастамақ. Бұл туралы Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2020
Алик Шпекбаев: Шенеуніктердің заңсыз байығаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік енгізіледі
Шенеуніктердің заңсыз байығаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік енгізіледі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020
Өмірзақ Шөкеев Түркістанда биыл іске қосылатын жаңа нысандарды аралады
Биыл жыл соңына дейін Түркістан қаласында 15 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтерген жаңа нысандарды аралап, құрылыс барысын бақылады. Аймақ басшысы аралап көрген Конгресс орталығы, Оқушылар сарайы, стадионның құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жиһаздары қойылып, абаттандыру және газонды толықтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Парламент • 02 Қыркүйек, 2020
Н.Нығматулин: Мәжіліс Президенттің Жолдауын заңнамалық қамтамасыз етуге кірісті
Мәжіліс Мемлекет Басшысының Жолдауын заңнамалық қамтамасыз етуге кірісті. Бұл туралы жалпы отырыста Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлімдеді, деп хабарлайды Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Парламент • 02 Қыркүйек, 2020
Мәжілісте министрлер лауазымына кандидаттарды келісудің жаңа форматы енгізілді
Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне Бағдат Мусинді тағайындау жөніндегі кандидатура келісілді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2020
Түркістанда оқу жылы Қ.А. Ясауи еңбектерін дәріптеуден басталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен және Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен онлайн форматта жалпыреспубликалық бірыңғай "Адалдық сағаты" өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2020
Түркістан облысында 108 отбасылық, мерекелік іс-шара тоқтатылды
Түркістан облысында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында 5 шілде мен 1 қыркүйек аралығында 53 мобильді топ карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын обьектілерге мониторингілеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде 19 489 нысан тексеріліп, карантин талаптарын бұзған 2 181 нысан анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2020
Түркістанда есірткі сатумен айналысқан күдіктілер ұсталды
Түркістан облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан күдіктілерді ұстады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Аймақтар • 31 Тамыз, 2020
Түркістандық полицейлер марапатталды
Конституция мерекесіне орай түркістандық полицейлер марапатталды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2020
Қазақстан мен Тәжікістан ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Асқар Тәжібаев Соғды облысына жұмыс сапарымен барды. Сапардың мақсаты Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Әлем • 30 Тамыз, 2020
Үндістан "Кавказ-2020" атты әскери жаттығуға қатыса алмайды
COVID-19-ға байланысты Үндістанның "Кавказ-2020" атты әскери жаттығуға қатыспайтын болғаны жайлы елдің Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Twitter-де жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 30 Тамыз, 2020
Анар Жаилғанова: 25 жыл ішінде Қазақстан Конституциясы өзінің жоғары тиімділігін көрсетті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Анар Жаилғанова Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 30 Тамыз, 2020
Мәжіліс Төрағасы: Ата Заңымыз тәуелсіздігімізді нығайтып, халықтың бірлігі мен ынтымағын арттырды!
Еліміздің Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 29 Тамыз, 2020
Немістің CLAAS компаниясы Қазақстанда зауыт ашады
Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әлемдегі ауылшаруашылығы техникасын ірі өндірушілердің бірі CLAAS неміс компаниясымен өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 28 Тамыз, 2020
Қазақстан мен АҚШ терроризм және экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады
Президенттің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиевтің АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілдерімен бейнеконференциясы өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Үкімет • 27 Тамыз, 2020
Роман Скляр ірі неміс компанияларының басшыларымен онлайн-кездесу өткізді
Іс-шара жер қойнауын пайдалану және геология саласындағы Қазақстан-Германия ынтымақтастығын тереңдетуге арналған. Онлайн-кездесуге Германияның 100-ден астам жетекші компанияларының басшылары мен өкілдері қатысты, олардың ішінде Volkswagen, Siemens, Linde, Schaeffler, Knauf, Lufthansa, SMS group, DMT және т. б. бар. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2020
Жетісай ауданында имамдар 47 балаға планшет пен смартфон үлестірді
Түркістан облысы Жетісай ауданында "Мектепке жол" атты ерекше республикалық акциясы бастау алды. Игі іс аясында аудандағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан, сондай-ақ ата-ана қамқорынсыз қалған 34 бүлдіршінге планшеттер мен 13 жоғары сынып оқушыларына смартфондар тегін үлестірілді, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2020
Ертіс ауданының тұрғыны тракторды мас күйде басқарған
2020 жылғы 25 тамыз күні сағат 11:30 шамасында Ертіс ауылының маңында Т-40 тракторы тоқтатылды. Жүргізуші тракторды масаң күйде басқарған, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 26 Тамыз, 2020
Нұр-Сұлтанда көпір астында тағы бір жаңа арт-кеңістік пайда болады
Нұр-Сұлтанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы көпір астында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2020
Алматы облысында егіс жинау науқаны қызып тұр
Алматы облысында егін жинау науқаны қызып тұр. Ауа райының аптап ыстық болғанына қарамастан шаруалар жерден толымды өнім жинауда. Бұл туралы Алматы облысының баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қоғам • 25 Тамыз, 2020
Түркістандағыдай жәдігерлер Орталық Азияда жоқ
Қазақстанның сакралды географиясындағы тарихи жәдігерлердің дені Оңтүстікте шоғырланған. Соның негізгісі – Түркістандағы Әзірет Сұлтан кесенесі белгілі ғалым Мұхтар Қожаның айтуынша, Орталық Азиядағы ең үлкен сәулет ескерткіші болып табылады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2020
Түркістан идеясы – ұлы идея. Түркістанда өткен "Түркілердің төрі Түркістан" онлайн конференциясында сөз алған Түркі академиясының президенті, "Егемен Қазақстан" газеті АҚ-ның басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі осындай пікір айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 25 Тамыз, 2020
Мәжіліс депутаттары шалғай ауылдардың мәселесімен танысты
Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы, депутат Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысына барып, халықпен кездесті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2020
Қызылорда облысында жыл соңына дейін 3 өндіріс орны іске қосылады
Сыр елінде жыл аяғына дейін тағы 3 өндіріс орны ашылып, 370-ке жуық маман жұмыс орнын табады. Индустрияландыру жобасы аясында іске асатын өндіріс ошақтарының 2-уі ауданда, 1-і Қызылорда қаласында жұмысын бастайды, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 24 Тамыз, 2020
COVID-19: Үндістан індеттен көз ашпай жатыр
Үндістандағы пандемияның қарқыны адам шошырлық күйде. Айналдырған екі аптаның ішінде COVID-19 жұқтырғандар саны 1 миллионға өскен, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 24 Тамыз, 2020
Шымкент қаласы дін істері басқармасының басшысы тағайындалды
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Тұяқбаев Әлжан Әлішерұлы қалалық Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 24 Тамыз, 2020
Мәжіліс депутаты әлеуметтік мәселелерді назарға алды
Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Алматы облысындағы "Баянкөл" шекаралық заставасына барып, шекарашылардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Руханият • 20 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысы: Күллі түркінің рухани ұстазы − Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Бүгін Түркістан облысына сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Мемлекет басшысының Twitter-дегі жазбасына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Президент • 20 Тамыз, 2020
Президент Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты
Мемлекет басшысы Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстарының қолдауымен салынған, жалпы аумағы 32 гектар жерді қамтитын "Жібек жолы" саябағына барды. Онда қалада іске асып жатқан жобалармен танысты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.