ауыл
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
АҚШ университетімен әріптестік орнамақ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басқарма төрағасы - ректоры Ақылбек Күрішбаев АҚШ-қа сапары барысында осы елдің жетекші оқу орны Небраска Линкольн Университетінің басшылығымен кездесіп, екі ЖОО арасында «Жан-жақты және өзара тиімді ынтымақтастық пен әріптестікті дамыту туралы келісімге» қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 27 Ақпан, 2024
Ауылдарда медицина объектілерінің құрылысы кешіктіріліп жатыр. Мәселе Үкіметте қаралды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Ақпан, 2024
Жалақыдан жымқырған. 15 млн теңгені қолды еткен әкімдік қызметкерлері анықталды
Целиноград ауданының прокуратурасы Қараөткел ауыл әкімдігінің лауазымды қызметкерлері 3 жыл бойы бюджет қаражатын заңсыз иеленіп келгенін анықтады. Олар әкімдік қызметкерлеріне тиесілі 15 млн теңгені өзара бөліскен, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 22 Ақпан, 2024
Ауылға арналған бағдарламаның нәтижесі көңіл көншітпейді – сенатор
БҰҰ болжамы бойынша 2050 жылға қарай урбанизация 70%-ға жетуі мүмкін. Қазақстандағы қала халқының үлесі де өсіп келеді. Сенатор Жанболат Жөргенбаев өзінің депутаттық сауалында ауылда өмір сүруге арналған кешенді жағдай жасау қажеттігі туралы айтты, деп жазады Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2024
Қарағанды облысында бірнеше ауыл карантинге жабылды
Қарағанды облысында бірден төрт елді мекен карантинге жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2024
Алматы облысында бірнеше ауылдық округ атауы өзгереді
Алматы облысында бірнеше ауылдық округ және ауыл атауы өзгеріп, қайта аталынады. Іле, Кеген, Талғар аудандарының жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша тиісті аумақтар халқының пікірлерін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес шешімді мәслихат қабылдап, қаулыны облыс әкімі шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалардың несиесі ұзартылады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ бірінші басшыларының қатысуымен кеңес өткізді. Жиында құрғақшылықтан және артық ылғалдан зардап шеккен шаруаларға көрсетілген қолдау шаралары талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 08 Ақпан, 2024
Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен кетті
Үкімет қаулысымен ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Ақпан, 2024
Мәдениет үйі жоқ жерде мәдениет қайдан болсын! - Дархан Қыдырәлі
Парламент Сенатының депутаты елді мекендердегі, әсіресе шалғай ауылдардағы мәдениет үйлері мен клубтардың жай-күйіне, кітапханалардың ескіргеніне алаңдаушылық білдірді. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауал жолдаған сенатор Дархан Қыдырәлі ауыл жастары мен тұрғындары мәдени дискриминацияға ұшырамауы тиіс екенін де назарға алуды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2024
Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобалары бойынша баспасөз туры өтті
Ауыл шаруашылығы министрлігі 23 қаңтарда Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасының жобалары бойынша баспасөз турын ұйымдастырды, оған республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2024
Павлодар облысында ауыл атауы өзгерді
Павлодар облысында Скриптонит лақап атымен танымал реп орындаушысы Әділ Жәлелов дүниеге келген Ленинский ауылының атауы өзгертілді. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қаңтарда өзгерту туралы қаулы күшіне енген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2024
Алматы облысындағы Жетіген ауылы қалаға айналады
Алматы облысындағы Жетіген ауылы Алатау қаласына айналады. Тиісті құжатқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 09 Қаңтар, 2024
2025 жылы елімізде ауыл шаруашылығы санағы өтеді
Ел Үкіметі 2023 жылдың 29 желтоқсанында «2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы» қаулы қабылдаған еді. Қаулы осы жылдың 19 қаңтарында күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2023
Екі өңірде жылыжай шаруашылығын субсидиялау басталды
Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы шаруаларға берілетін субсидия сомасы - 900 миллион теңге. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл қаржының басым бөлігі жылыжай шаруашылығымен айналысатындарға берілетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2023
Қостанай облысында 2100 өзгеше аққала жасалды
Қостанай облысына қарасты Қамысты ауылы тұрғындары 2 100 аққала жасады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Желтоқсан, 2023
Жедел жәрдем көлігіне «жедел жәрдем» керек болды. Астана маңында екі көлік соқтығысты
13 желтоқсан түні Астана қаласы маңындағы Қабанбай батыр ауылында жедел жәрдем көлігі жүк көлігімен соқтығысып қалды. Астанаға бағыт алған жедел жәрдем көлігінің ішінде 73 жастағы науқас болған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Желтоқсан, 2023
Қызды пышақтап, денесін суға ағызып жіберген қылмыскерлер сотталды
Жаға ұстарлық жайт жыл басында Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылында болған. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқаби құрамымен айыпталушыларға қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 06 Желтоқсан, 2023
Президентке «Ауыл аманаты» бағдарламасы таныстырылды
Президентке Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылу барысы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 03 Желтоқсан, 2023
Бұрқасын, тұман. Қазақстанның 15 өңірінде күн райы бұзылады
«Қазгидромет» РМК ертең, 4 желтоқсан күні елдің 15 өңірінде күн райы бұзылатынын ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 29 Қараша, 2023
Сенатта ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту мәселелері талқыланды
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Еліміздің өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы кооперациясының жай-күйі және шаруа қожалықтарын ірілендіру туралы» тақырыбы бойынша кеңейтілген отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Қараша, 2023
Павлодар облысындағы нысандарды қалпына келтіру қашан аяқталады?
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов дауылды желдің салдарын жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Қараша, 2023
Қатты дауылдан жүк кемесі қақ бөлінді
Одесса қаласынан Түркияға қарай бет алған Pallada жүк кемесі Қара теңізде дауыл тұрған шақта жағаға шығып, қақ ортасынан екіге бөлініп қалған. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар БАҚ пен әлеуметтік желілерде таралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Қараша, 2023
Президент Ауыл шаруашылығы министріне бірқатар міндет жүктеді
Мемлекет басшысына еліміздің ауыл шаруашылығы секторының биылғы 10 айда атқарған жұмыстарының негізгі көрсеткіштері жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Қараша, 2023
Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланды
18-19 қараша аралығында Қарағанды облысында қатты дауыл соғып, өңірде төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қараша, 2023
Биыл 16,9 млн гектар астық жиналды
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында егін жинау науқанының аяқталу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Қазан, 2023
Сайрам ауданының тұрғындары құдықтан су ішуге мәжбүр - сенатор
Сенатор Алишер Сатвалдиев Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында Түркістан облысының Сайрам ауданындағы инфрақұрылымның өзекті мәселелерін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 18 Қазан, 2023
«Ауыл» партиясының төрағасы сайланды
Бүгін «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қазан, 2023
Қостанай облысында жаңа ауылдық округ құрылады
Жуырда 25 елді мекені таратылған Қостанай облысында жаңа ауылдық округ құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 05 Қазан, 2023
«Ауыл аманаты» қай өңірге жетпей жатыр?
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен «Ауыл аманаты» жобасының орындалу барысы талқыланған кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Қазан, 2023
Президент білім беру үдерісін цифрландыруды жеделдетуді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде білім беру үдерісін цифрландыруда жеделдік керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.