ЕС
Аймақтар • 25 Маусым, 2020
Суға шомылу ережесін бұзған 64 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Комиссия тексерісі бойынша елордада көпшілік суға шомылатын 23 орын анықталған. Олардың үшеуі рұқсат етілген: Орталық жағажай, "Три пескаря" және "Столичный двор" демалыс аймақтары, 20-сы тыйым салынған орындар, - деп жазады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан • 25 Маусым, 2020
ҰБТ: Бейнетрансляция өшіп қалған аудитория түлектері тестті қайта тапсырады
ҰБТ-ның төртінші күні 77 тестілеу пунктінде 12 581 адам қатысады деп жоспарланды. Оның 96%-ы тест тапсырды. Ережені 136 адам бұзған, бұл көрсеткіш үшінші лектің қорытындысымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Тоғыз түлектің қызуы көтерілді, олар ҰБТ-ны бөлек, басқа күні тапсыра алады. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 25 Маусым, 2020
Елін әлемге танытқысы келетін дипломат
Эльнара Байназарова – өз қызметінде халықаралық ірі ұйымдардың Қазақстанмен байланысын арттырып, халықаралық қауымдастыққа елімізді таныстырып жүрген жас мамандардың бірі. Ол дипломат ретінде Еуропалық Одақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы қызметін үйлестіруге тікелей атсалысып келеді.
Қоғам • 24 Маусым, 2020
Ертең Біржан Нұрымбетов халық алдында есеп береді
Ертең сағат 10:00-де Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов халыққа есеп беру кездесуін өткізеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
58 жүргізуші Армениядан әкелінген көліктерін есепке қойды
2020 жылдың 1 маусымынан бастап, Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеу Павлодар облысының Халыққа қызмет көрсетудің төрт орталығында (Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Ертіс ауданы) жүзеге асырылады, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Әлем • 24 Маусым, 2020
Ресейдегі Жеңіс парадына Қазақстан атынан 55 сарбаз қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Мәскеуде, Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысып, "Белгісіз солдат" қабіріне гүл шоғын қойды, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 24 Маусым, 2020
Президент Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Мәскеуде, Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Маусым, 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған пошта маркалары шықты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен "Қазпошта" АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған пошта маркаларын сатылымға шығару рәсімін өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 24 Маусым, 2020
Симптомы барлар ғана тест тапсыруы керек - ҰСО
Ұлттық сараптама орталығы бірнеше қаладағы жеке тұлғалар арасында ақылы тестілеу өткізуді тоқтатты – орталық мемлекеттік емханалармен, ауруханалармен жұмыс жасауды жалғастыруда. Бұл туралы Ұлттық сараптама орталығының елордадағы филиалының басшысы Талғат Тұңғышбаев мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
Жамбылдық полицейлер 220 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркілеген
Жамбыл облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, "Қарасора-2020" жедел алдын алу іс-шарасы барысында өңірден 220 келіден астам түрлі есірткі заттары анықталған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Маусым, 2020
Ресейде Жеңіс парады өтіп жатыр
Ресейдің 28 қаласында, соның ішінде қаһарман қалалары мен әскери округтер, армия және армия корпустары, флоттары орналасқан қалаларда Жеңістің 75 жылдығына арналған парад өтіп жатыр, - деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Қазақстан • 24 Маусым, 2020
Армия халықарлық ойындары 2020: "Танк биатлоны" байқауына дайындық
"Мәтібұлақ" оқу орталығының базасында төрт ай көлемінде Ресей Федерациясында Мәскеу маңындағы "Алабино" полигонында өтетін "Танк биатлоны" байқауына дайындық жүріп жатыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлем • 23 Маусым, 2020
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Мәскеуде жүр
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады,- деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Байқоңыр қаласын Ресейдің федералды бюджеті қаржыландырады
Тиісті қаулыға бүгін түс ауа РФ Премьері М. Мишустин қол қойды. Байқоңыр қаласы Ресей Федерациясының бюджетінен субсидия ала алады. Бұл туралы Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин қол қойған жарлықта айтылған. Шешімнің мәтіні Ресей Федерациясы үкіметінің ресми сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Маусым, 2020
Қырғызстанның экс-президенті 11 жылға сотталды
Бішкек қаласындағы Первомай аудандық сотында Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың жемқорлық істеріне қатысты сот отырысы өтті, - деп жазады Egemen.kz Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
Елбасы • 23 Маусым, 2020
Ауғанстан президенті Елбасына тілектестік білдірді
Елбасы Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Тест теріс нәтиже көрсетсе де,емдеу жалғаса береді
Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров онлайн брифингте қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы жан-жақты баяндай келе, бастапқы тест теріс нәтиже көрсетсе де, індет белгілері бар науқастарды арнаулы хаттамаға сәйкес емдей беретіндігі туралы мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 23 Маусым, 2020
Ресейде бір тәулікте 8 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған
Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырған 7 425 адам анықталған, - деп хабарлайды РИА Новости.
Спорт • 23 Маусым, 2020
Ертең Лионель Мессидің туған күні
Ертең әлемдік футболдың шоқ жұлдызы Лионель Мессидің туған күні. Аргентина ұлттық құрамасы мен Испанияның "Барселона" клубының сұрмергені 33 жасқа толады, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 23 Маусым, 2020
Песков Ресейдің территориялық талабы жоқ екендігін мәлімдеді
Ресейдің көршілеріне қояр территориялық талабы жоқ, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.Бұл туралы ақпаратты ТАСС-қа сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Коронавирус • 23 Маусым, 2020
Симптомсыз вирус тасымалдаушылар қалай бақыланады?
Симптомсыз вирус тасымалдаушыларға қалай бақылау жүргізілетіні туралы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 23 Маусым, 2020
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елдегі бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады. Бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту үшін Үкімет заңнамалық базаны, реттеуші ортаны үнемі жетілдіріп отырады, кедендік әкімшілендіру жақсартылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан 2019 жылы «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі Дүниежүзілік банк рейтингісінің ТОП-25 елінің қатарына енді, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ға дейін өсті. Аталған көрсеткішті 2025 жылға қарай 35%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды. Биылғы 18 маусымда Парламент Сенаты бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық бастамалардың 8-топтамасын қабылдады. 6 кодекс пен 33 заңға жылжымайтын мүлікке салынған ауыртпалық туралы ақпаратқа қолжетімділік, электр желілеріне қосылу аясында «бір терезе» қағидатын енгізуді, табиғи монополиялар субъектілерінен ақпарат алу бойынша барлық кредиттік бюролар үшін тең жағдайлар жасауды, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы және техникалық шарттары бар жер телімдерін беру бойынша рәсімдерді жеңілдетуді, сондай-ақ монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыруды көздейтін 200-ге жуық түзету енгізілді. Үкімет басшысы барлық өңірдің кәсіпкерлерімен мәселені талқылау, сонымен қатар Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәселені қарау қорытындылары бойынша бизнесті қолдау жөніндегі 43 қосымша шарадан тұратын Іс-шаралар жоспары әзірленгенін атап өтті. Іс-шаралар жоспары бизнес ұсынған келесі негізгі бағыттарды қамтиды, атап айтқанда, сатып алуды жеңілдету және қазақстандық үлесті дамыту, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыру және кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту, тауарлардың экспортын дамыту және рәсімдерді жеңілдету. «Бүгін айтылған барлық шараларды жүзеге асыру кәсіпкерліктің одан әрі дамуына серпін береді, Қазақстанның бизнес ахуалы мен “Doing Business” рейтингіндегі позициясын жақсартуға ықпал етеді», — деп А. Мамин, мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Экономика • 23 Маусым, 2020
Бизнесті дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленеді
Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстандағы бизнесті қолдау бойынша қабылданған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 22 Маусым, 2020
ИИДМ-да селекторлық кеңес өтті
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңір әкімдіктеінің өкілдерімен селекторлық режимде кеңес өткізді. Бұл туралы Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
Ресей Балқаштағы РЛС-ті қолданудан бас тартты
Ресейдің Премьер-министрі Михаил Мишустин Балқаш радиоларын ракеталық шабуылдың ескерту жүйесіндегі қолдану туралы келісімін денонсациялау туралы ұсынысты қолдады. Бұл туралы РИА НОВОСТИ-ге сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Үй ауласына есірткі еккен қызылордалық ұсталды
Қызылорда облысында 59 жастағы тұрғын үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдік еккен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Үкімет • 22 Маусым, 2020
Асқар Мамин Үкіметтің жұмысы туралы есеп берді
Премьер-Министр Асқар Мамин Парламенттің қос палатасы депутаттарының бірлескен отырысында Үкіметтің 2019 жылғы жұмысы және экономиканы одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
Температурасы бар түлектер тестке жіберілмейді
Елдің барлық аймақтарындағы ҰБТ өткізу орындарында күшейтілген медициналық-санитарлық шаралар қатаң ұстану арқылы өткізілуде. Осылайша, күні кеше жоғары температурамен анықталған 2 тестіленуші ҰБТ-ға жіберілмеді. Оларға басқа күндері немесе бөлек аудиторияда жалғыз тапсыру ұйымдастырылатын болады. Бұл туралы БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова айтты, - деп жазады Egemen.kz
Видео • 22 Маусым, 2020
ҰБТ-ның алғашқы күні қалай өтті?
Кеше 6 512 адам тестілеуден өтуді жоспарлаған. Олардың қаншасы ҰБТ-ға келмей қалды? Кей талапкерлер ҰБТ-дан неге шеттетілді? Толығырақ видеода.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Алматыда індетке тест тапсыратын зертханалардың жұмысы күшейтілді
Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша Алматы қаласында коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде Комиссия құрылды. Әкімдік жанындағы комиссия коронавирус инфекциясына қатысты қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, COVID-19 таралуына жол бермеу үшін қосымша шараларды қабылдады, - деп хабарлайды Egemen.kz.