алаш
Руханият • 25 Ақпан, 2022
Біз Алаш қайраткерлерінің жолын ұстанамыз – Ерлан Қарин
Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ұлт ұстазы, Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын мерекелеудің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Ахмет Байтұрсынұлы • 25 Ақпан, 2022
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ресми басталды
Бүгін Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын мерекелеудің салтанатты ашылу рәсімі басталды. Ашылу салтанатының алғашқы іс-шарасында Жазушылар аллеясындағы «Алаш қайраткерлеріне» арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 13 Ақпан, 2022
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атанған белгілі қаламгер Сапарғали Бегалиннің отбасында дүниеге келіп, қазақ киносының іргетасын қалағандардың қатарында есімі тарих парағына жазылып, «Бұл Шұғылада болған еді», «Оның күні туады», «Тұлпардың ізі», «Мәншүк туралы баллада», «Артымызда Москва» сияқты сүбелі дүниелерімен ел есінде қастерленіп келе жатқан режиссер Мәжит Бегалиннің мерейлі 100 жасы – ұлттық кинематографиядағы атаулы күн. Он тоғыз жасында мектеп бітіре сала майдан шебінен табылған Мәжит бүкіл Бегалиндер әулетінен соғысқа аттанған алтаудың ең кішісі еді. Мәжит те Төлеген Тоқтаров, Мәншүк Мәметова, Сұлтан Қожықов, Тахауи Ахтанов, Әзілхан Нұршайықовтармен бірге әйгілі 100-атқыштар бригадасының құрамында жаумен шайқасты. Жиырма жасында бір қолын соғысқа тастап кеткен ол, келешек асыл мұратын жаңадан қанат қаққан ұлттық кино өнерінің көкжиегін кеңейту жолына арнады.
Қазақстан • 09 Ақпан, 2022
Көкшетауда Калашников автоматтары шығарыла бастайды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2022 жылға жоспарланған перспективалық қорғаныс жобалары туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 07 Ақпан, 2022
Кеше Алматы жұртшылығы көрнекті қаламгер, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовті соңғы сапарға шығарып салды. Қаралы жиынға Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2022
Алматының метро станциясында оқ-дәрілер табылды
Дозор есімді патрульдік ит Алматыдағы метро станцияларының бірінде оқ-дәрілер тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Қаңтар, 2022
Республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің өткен жылғы 27 сәуір күнгі №78 санында Парламент Мәжілісінің депутаты, тарихшы Берік Әбдіғалиұлының «Майдандағы қазақ офицерлері» атты танымдық мақаласы жарияланды. Осы жазбада 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен Екінші жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметінің мүшелігіне кандидат болып сайланған қазақ офицері Молданияз Бекімов жайлы шағын мәлімет айтылыпты.
Футбол • 03 Қаңтар, 2022
Радионов мансабын Арменияда жалғастырады
«Атырау» футбол клубының түлегі Алексей Радионов кәсіби мансабын Армения елінде жалғастыруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2021
Ақтөбеде Алаш қайраткерлерінің мемориал кешені ашылды
Ақтөбеде бүгін, 25 желтоқсанда Алаш қайраткерлері бейнеленген «Азаттықтың ақ таңы» мемориалдық кешені ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 05 Желтоқсан, 2021
Ықылым замандардан бері Алатаудың арғы-бергі жағын қатар жайлаған қазақ пен қырғызға ортақ «Қосылғанның – қолы ұзын, қос түйенің – жолы ұзын» дейтін тәмсіл бар. Тарихы да, тағдыры да, танымы да ұқсас осы екі ұлтқа ортақ дүние аз емес.
Руханият • 03 Желтоқсан, 2021
Қырғыз-Алаш қайраткерлеріне арналған еңбектер жарық көрді
Бүгін Алматыда ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың және Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйүнбек Касмамбетовтың қатысуымен «Қазақ-қырғыз – Алаштан» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2021
Алматыда «Қазақ-қырғыз – Алаштан» атты халықаралық конференция өтті
Алматыда ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев пен Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйүнбек Касмамбетовтің қатысуымен өткен «Қазақ-қырғыз – Алаштан» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында Халықаралық Түркі академиясы жарыққа шығарған бірқатар еңбектердің тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 11 Қараша, 2021
Жер бетінде найза шыңдары көк тіреген небір биік таулар бар... бірақ олардың ешқайсысы да өздігінен пайда бола қалмаған. Олардың бәрі жеті қат жер астындағы ғаламат тектоникалық дүмпулердің әсерінен дүниеге келді. Сол секілді адамзат қоғамында атағы әлемге мәшhүр тұлғалар бар... бірақ бұлар да өмірге оп-оңай келе салмаған. Олардың да бәрі – сол өздері өмір сүрген қоғамның тығырыққа тірелген тұстарында, ірі-ірі әлеуметтік сілкіністер кезінде тарих сахнасына шыққан саңлақтар. Толғағы қысқан тарих, уақыты жеткен кезде мұндай тұлғалардың талайын өмірге әкелген, бұдан былай да әкеле берер деп ойлаймыз.
Тарих • 02 Қараша, 2021
«Әлихан Бөкейханов. Дәуір адамы» кітабының тұсаукесері өтті
Алматыда «Әлихан Бөкейханов. Дәуір адамы» («Алихан Букейханов. Человек-эпоха») кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Қазан, 2021
«Ералаштың» қоюшы-режиссері педофил деген күдікпен қамалды
Мәскеулік тергеушілер «Ералаш» балалар киножурналының қоюшы-режиссері Илья Белостоцкийге кәмелетке толмағандарды қорлады деген айып тақты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қазан, 2021
Алаш қайраткерлеріне арналған мурал пайда болды
Павлодарда студенттер үйінің қабырғасында «Алаш» қозғалысының көшбасшылары бейнеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2021
Қарағанды облысында Әлихан Бөкейханның мүсіні ашылды
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына қарасты Шабанбай би ауылында «Алаш» көсемі Әлихан Бөкейханның бюсті ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 13 Қыркүйек, 2021
Ахметсапаның қысқаша өмірбаяны
Алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным – алаш» атты үш томдық түрме әпсанасында өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргіннің басында алғашқылардың бірі болып атылып кеткен Ахметсапа Юсупов туралы да қысқа мағлұмат берілген. Ахметсапа туралы ғалым «Осы адамның тарихы жұмбақ» деп түйіндепті.
Тарих • 26 Тамыз, 2021
Петропавлда Алаш қайраткерлері туралы кітаптар таныстырылды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан қайраткерлердің өмірі мен қызметі туралы «Жас Азамат» және «Жұмағали Тілеулин» атты екі кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz кітапхананың Facebook парақшасына сілтеме жасап.
Спорт • 12 Тамыз, 2021
UEFA Еуропа лигасы: «Қайрат» «Алашкертке» есе жіберді
Бүгін, 12 тамызда UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында алматылық «Қайрат» сырт алаңда Арменияның «Алашкерт» командасымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 04 Шілде, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Алаш қайраткерлеріне арналған ескерткіштің ашылуына қатысты
Мемлекет басшысы Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы сынды ұлтымыздың ұлы тұлғаларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 04 Шілде, 2021
Елордада Алаш арыстарына ескерткіш орнатылды
Елорданың "Қаламгерлер" аллеясында Алаш қозғалысының көшбасшылары Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовтың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 03 Шілде, 2021
Нұр-Сұлтанда Алаш Орда қайраткерлеріне ескерткіш орнатылады
Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі Нұр-Сұлтанда Алаш партиясының жетекшілеріне арналған ескерткіш орнатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2021
Өскеменде Шәкәрімнің бюсті ашылды
Бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Өскемен шаһарында көрнекті ақын, Алаш қайраткері Шәкәрім Құдайбердіұлының бюсті ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 31 Мамыр, 2021
Аида Балаева: Ашаршылыққа қатысты ақиқат айқындалуы тиіс
Бүгін елімізде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2021
Елордада Алаш арыстарына ескерткіш орнатылады
Биыл елордада Алаш арыстарына ескерткіш орнату жоспарланған. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжіліс депутаттарына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2021
Елордадағы бірнеше мектепке «Алаш» қайраткерлерінің есімі беріледі
Елорданың бірқатар мектебіне «Алаш» қайраткерлерінің есімдері берілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2021
Аида Балаева «Жас Алаш» газетінің редакциясын 100 жылдығымен құттықтады
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Жас Алаш» газеті редакциясының ұжымымен кездесіп, басылымның 100 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тарих • 31 Наурыз, 2021
Берік Дүйсенбинов: Алаш әскері боздақтарының ресми тізімін жасау қажет
Депутат Берік Дүйсенбинов Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияға бірнеше ұсыныс тастады, деп хабарлайды Egemen.kz
Кино • 15 Қаңтар, 2021
Танымал «Ералаштың» авторы Борис Грачевский қайтыс болды
Ресейдің еврей қауымдастықтары федерациясы қоғамдық кеңесінің басшысы Борух Горин «Ералаш» әзіл-сықақ журналының көркемдік жетекшісі Борис Грачевскийдің коронавирустан қайтыс болғанын хабарлайды, деп жазады Egemen.kz